Қазақстан биоресурстары пәнінен обсөЖ сабақтарының әдістемелік нұсқауы Мамандық: 050113 “Биология ” 3-курстарға арналған Құрастырған аға оқытушы: Шотаева. М. Т. Жетісай – 2007ж Пәннің мақсаты



бет3/8
Дата24.02.2016
өлшемі0.81 Mb.
#12826
1   2   3   4   5   6   7   8

Ананас -трпикалық елдерде өседі. Негізгі отаны Бразиля. Ананас жемісінің құрамында 15% дейін қанттар, 0,5-0,7% органикалық қышқылдар көбіне лимон қышқылы, азотты қышқылдар, калий, мыс тұздары және аскорбин қышқылдары, пепсим мен попоин ферментерінен тұратын бромилин бар. Бромилин затты ферментер қызметін күшейтетін қасиеті болғандықтан ананас шырыны ас қортуды жақсарту, ішек һқарын жұмысын реттеуге өте әсерлі. Ананас бүйрек ауруларын, құр құлақты емдеуге пайдалы.


Алма-еліміздің көптеген жерлерінде өседі. Жеміс құрамында қант, клетчатка, пектин органикалық қышқылдар, эфир майы болады. Организмнен холестиринді шығаруға алма жемісі өте пайдалы. Өт жолдарын ішек асқазан жолдарын емдеуге де тиімді.

Ақ тұт-Орта Азия, Кавказ, Украйнаның оңтүстігінде өседі. Жидегінің құрамында 10% дейін қант, пектин, белок бояу заттары органикалық қышқылдар бар. Өт жолдарын дизентерияны, дисбоктериозды емдеуге пайдалы.

Арахис немесе жержанғақ-бұл өсімдіктің отаны Оңтүстік Америка, ең бірінші арахисті өсірушілер жергілікті үндістер болған. ХVIғ ішінде Оңтүстік Шығыс азияға арахисті португалдықтар жеткізген. Европаға ең бірінші рет Қытайдан әкелінген ал россияға аразис ХVIIIғ аяғында жеткізіліп , Оддесса түбінде плантацияда өсіріле бастаған . Қазіргі кезде Украинаның

Оһңтүстік аудандарында , Кавказда Орта жерлерінде өсіріледжі. Арахис өте майлы және дәмді.Жаңғағының дәнінде 60% қант , май , белок ,25%, болады. Дән қабығынан арахидозидгликозидин , ал күнжарасынан – арахин алкалойдын алуға болады.



Арпа - елімізде өсетін астық тұқымдастарының бірі , біраз жерлерде егіледі. Толық пісіп жетілген дәнінде белок 15,8% , көміртек 76% клетчатка 9,6% май ферменттер және витаминздер бар . Арпадан әзірленген тағамдар пиодермия , псориоз , қышыма және ішек асқазан ауруларына да пайдалы әсер етеді.

Баклажанның отаны-Индия . Еліміздің Оңтүстік аудандарында өседі. Бұл өсімдіктердің жемісінде 2-3 %қант , 1,5 % клетчатка , аскорбин қышқылы , В витамині А ипровитамині , калий тұзы бар .Қандағы холестирин мөлшерін азайтуға, жүрек қан тамырын жақсартуға әсер етеді

Банан - жемісінің құрамында 15-25 % қант көбіне сахороза , крахмал, белок 0,3-0,6 % , эфир майы ферменттер алма , қышқылы, ферменттер, пектин заттары, калий тұзы, аскорбин қышқылы мен В2 РР, Е витаминдері, А провитамині бар Өте дәмді, нәрлі.Банан жемісінде физиологиялық әсерлі катехоламиндер ( серотонин, допамин т.б ) бар. Сондықтан диеталық тағам ретінде асқазанда жара пайда болғанда, дизентериямен ауырғанда, ішек-асқазаның созымалы аурулары қайталаған кезде, қантты диабет, атеросклероз, гипертониялық аурулармен ауырғанда жеуге болады. Бүйрек, бауыр ауруларына да шипалы.

Анар табиғатта Орта Азия, Закавказье, Индия, Иран, Ауғаныстанның таулы жерлерінде кездеседі. Еліміздің оңтүстігінде Әзербайжанда, Қырымда, Орта Азия республикаларында өсіріледі. Анар жемісінің құрамында 20 процентке дейін қанттар, көбіне глюкоза, лимон қышқылы (9 процент), С витамині болады. Жеміс шырынының салқын тиіп жөтелгенде, ішек-асқазан ауырғанда, безгек болғанда шипалық қасиеті бар.

Грейпфрут –тропикалық елдерде өседі. Біздің елімізде Кавказдың Қара теңіз жағалауында өсіріледі. Грейпфрут жемісінің құрамында лимон қышқылы, ащы нарингин гликозиді, пектин мен бояу заттары, қант, эфир майы, минералды заттар, микро- элементтер бар. Аскорбин қышқылы ( 40-50 мг/100 г ) , В, Д, Р витаминдеріне бай. Бұл өсімдік жемісі ас қорыту жұмысын жақсартып, тамаққа тәбет арттырады.

Коллоквиум сұрақтары:

1.Алмұрт, апелсин, айваны қандай ауруларды емдеуге қолданылады.

2.Арахис немесе жержанғақта қанша пайыз белок, май, қант болады.

3 Анар жемісінің құрамында нелер кездеседі.

4.Грейпфрут жемісінің құрамында қандай дәрумендер кездеседі.

5.Тағамдық өсімдіктер жайлы түсіндіріп өт.

6.Тамаққа тәбет арттыратын қоспалар.

7.Бүйрек және зәр жолдары ауырғанда пайдаланатын дәрілік өсімдіктерден жасалатын қоспалар.



ОБСӨЖ № 13

ОБСӨЖ тақырыбы: Қазақстанның татымды (хош иісті) өсімдіктері.

Жоспары:

1.Кориандр.

2.Зире.

3.Фенхель.



4. Анис.

ОБСӨЖ мақсаты: Қазақстанның татымды (хош иісті) өсімдіктері мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні:

Фенхель. Кәдімгі фенхель немесе дәріхана аскөгі, белгілі татымды және шипалы өсімдік. Сырт көрінісі аскөкке ұқсас. Бұл биіктігі 1-2 метрдей, бір, екі және көп жылдық өсімдік. Жапырақ-сағақтары кең, таспаланып тар жарнақтарға тілімделген. Мәуесі сопақша, цилиндр тәрізді.

Фенхельдің көкөніс және тәтті түрі болады, соңғысы шырынды, жуандық, еті, жапырақ-сағақтарының түбі кең, ащы бұрыш дәмдес “қауданшаларды” түзейді.

Фенхельді көктемде, әлде жаздың аяғында құнарлы, жақсы өңделген жерге себеді. Күзде өсімдікті көңмен немесе шіріндімен жабады. Фенхельді тұқым себу арқылы немесе вегетативтік әдіс – бұталарды бөлу арқылы өсіреді. Тұқымды кең қатарлы әдіспен егеді. Отағаннан кейін өсімдікті араларынан 15-20 см етіп сиретеді. Шырынды, қалың жапырақ-сағақтары биязы болуы үшін сабағы жуандағанда өсімдікті түптейді. Ерте өнім алу үшін фенхельді көшет арқылы өсіреді.

Анис. Кәдімгі анис көне заманнан бері өсіріледі: тұқымдары, тіпті, тас дәуірдегі тіреулі үйлерден табылған.

Анистің шыққан жері – Кіші Азия. Көне Египет пент Үндістанда егіп өсіріледі, Гиппократтың жазбаларында айтылады. Мәуесі үшін өсіреді, онда негізінен анетолдан (80-90%) тұратын 2-3% эфир майлары бар.

Бір жылдық өсімдік, биіктігі 30-50 см. Жапырақтары үш түрлі: тамыр жапырақтары ұзын сағақты, тұтас жүрек тәріздес, тілік-тісті, бұлардан кейінгі жапырақтар да ұзын сағақты және ірі үш жарнаққа бөлінген, шеттері ара тістес, жоғарғы жағы – отырмалы күйде дәрілік, 3-5 қысаң жарнақшаларға тілінген. Мәуенің сыртқы кедір-бұлдыр, формасы жұмыртқа тәріздес, ұзындығы 4 мм, сүйкімді хош иісті, тәтті-татымды дәмі бар.

Оңтүстік өсімдігі ретінде анисті жылы климатты аудандарда, салқын жерлерден сақтандыратын күн шуақты жерлерде өсіреді. Ал солай болса да көктері суық ұрудан қорықпайды. Топырақ қопсытылған, құнарлы, әкті немесе сазды құмдақ болғаны жөн. Ауыспалы егісте тамыржемістерден не бұршақ тұқымдастардан кейін орналасады. Тұқымды алдын ала (күзде) терең жыртылған жерге 8-100С-де ерте көктемде (наурыздың аяғы – мсәуірдің басында) себеді және шашып немесе қатарарлық әдіспен себеді. Себілгеннен кейін 18-20 тәулікте көктейді, оған күшті қуаңшылық, аңызақ желдер мен арам шөптер зиянын тигізеді, олар өнуіне кедергі жасап, көктерді өсірмейді.



Зире. Зирені хош иісті мәуесі үшін қашаннан бері өсіреді, онда 3-5% дейін эфир майлары бар, эфир майлары өсімдіктің басқа бөліктерінде де кездеседі. Зире екі жылдық өсімдік, яғни мәуесі екінші жылы ғана құралады, ал бірінші жылы жапырақ дегелектері мен тамыр жемісі өседі. Жапырақтары екі түрлі-үш қат-үлпілдек. Екінші жылы гүлді, бұтақты биіктігі 60-80см келетін сабақ өседі. Мәуесі шілде айында піседі және құрғаған кезде үгітіліп түседі. Мәуесі – сопақша-жұмыртқа тәрізді, екі бүйірі қысыңқы, ұзындығы 3-5 мм, күңгірт-қызыл-қоңыр, қабысқан.

Зирені тұқымнан өсіреді. Ерте көктемде немесе күздің аяғында, тұқым пісіп жетіле бастағанда (себуге жас тұқымды, өткен жылғыдан ескі емес тұқымды алады) себеді. Оны қатарлы әдіспен тамыржемістілерден немесе бұршақ тұқымдастардан (азотты тыңайтқыштарына бай дақылдардан) кейін себеді. Дәндері 7-80С 18-25 тәулікте өседі. Зире топырақ таңдамайды, сонда да ылғалды, құнарлы, терең өңделген құмайлы немесе әкті саздақ жерде жақсы шығады. Бірінші жылы баяу өнеді, сондықтан жиірек егу керек. 2-3 жапырақ шыққаннан кейін жас көктерді сиретеді. Екінші жылы мәуелері әбден пісіп жетпей тұрып, оларды жинайды. Зирені ертемен шық кетпей тұрып немесе түнделетіп жинаған жөн. Пісіп жетілген және кептірілген дәндерді жақсы жабылған ағаш ыдыста сақтайды.



Кориандрды біздің заманымыздан мың жыл бұрын Египетте, Палестинада, Үндістанда және басқа елдерде татымды әрі дәрілік өсімдік ретінде өсірген. Египеттіктер, гректер, арабтар кориандарды қақырық түсіру дәуірі ретінде, Орта Азия елдерінің халықтары көкөніс ретінде пайдаланған.

Кориандр биіктігі 30-70 см, кезекті, тез солатын жапырақтары бар бір жылдық өсімдік. Мәуесі – шар тәріздес, ұзындығы 5 мм дейін, жарты мәуешіктерге тез жарыла қоймайды.

Тұқым арқылы өсіріледі.ерте көктемде себеді, оңтүстік аудандарда күзде де себеді, қатарлап сепкен жақсы. 2-3 аптадан кейін көктейді. өсімдік топырақты (жеңіл құрамды топырақта тәуір өседі), күтімді онша талғамайды, еккен кезде (көктемде) ылғалды топырақты ұнатады, ылғалы жеткіліксіз болса, өсімдік тез сабақтанады, гүлдейді. Көкті үздіксіз алып тұру үшін себу мерзімін ерте көктемнен бастап, жаздың ортасына дейін (аралығы 2-3 апта) созуға болады.

Глоссарий:


1.Тайтұяқ.

2.Тамырдәрі.

3.Сыртыдән итжүзім.

4.Субеде.

5.Сортаңдық айбатмия.

ОБСӨЖ № 14


ОБСӨЖ тақырыбы: Қазақстанның витаминді өсімдіктері.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Шырғанақ.

2.Итшомырт шырғанақ.

ОБСӨЖ мақсаты: Витаминді өсімдіктер мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Көктемде биіктігі 4-5 метрге жететін қыңыр- қисық ретсіз орналасқан бұтақтары жіңішке, жапырақтары ұзын, сояулары бар бұталы өсімдік. Апрель, май айларында әлгі реңсіз бұтақтардың арасынан шығып тұрған жасылш сары гүлдері аса көз тартпайды. Оның есесіне жаздың аяғында оның бір жылдық бұтақтарын қызғылт сары жылтыр жемістер басып кетеді.Ол қыстың ортасындағы қатты аязға дейін өңін бермей тұрады. Бұл- шырғанақ (облепиха) өсімдігі. Шырғанақтың «облепиха » деген орысша аты да бұтақты қоршап алуынан (облепляет) шыққан.

Шырғанақтың жемісін қырғауылдар өте жақсы көреді. Бұл кездерде шырғанақ гүліне жоқ қасиеттер жапсырылып жүрді. Оның «реңсіз гүлінің хош иісі болады, бал шырын жинап жәндіктер арқылы тозаңданады». Шырғанақ бір жылда жарты метрге дейін өседі. Бес жылда биіктігі бір жарым екі метрге жетіп алса, одан әрі өсуі баяулайды, алты метрден биіктері өте аз кездеседі. Тек Памирде онбір метрге жететін түптері табылады. Шырғанақпен бірге тал, терек, қайың өседі. Егер ол ағаштар кесіліп алынатын болса шырғанақ қаулап өсіп, ит тұмсығы өтпейтін қалың тоғайға айналады. Жемісі өте шырынды және жұмсақ , қолға ұстаса езіліп кетеді. Сібірліктер шырғанақ жемісін бұрыннан бағалаған, оны мақтанышпен «сібір ананасы» деп атайдщы. Шырғанақ жемісі қазір тағамдық шипалшық мәні жағынан өте жоғары бағаланады.

ХХ ғасырдың басынан халық шырғанаққа жемісті өсімдік ретінде қарап, қызыға бастады. 40- шы жылдары шырғанақ жемісінде поливитаминдер барлығы ашылғаннан кейін бұл өсімдік тек жемісті емес, витаминдік шикізат ретінде жоғары бағалана бастады.

Итшомырт шырғанақ (облепиха крушиновидная). Бұл түр әлі одақтық «Қызыл кітапқа» ене қойған жоқ. Шырғанақ туысының ішінде шипалық, тағамдық мәні зоры итшомырт шырғанақ . Бұл шырғанақтың жемістері ащылау, оның есесіне алғашқы аязға ұрғаннан кейін жағымды қышқыл дәмге ауысады. Шырғанақтың жемісі нағыз витамин қоймасы. Жемісінің жұмсағында С витамині өте көп. Оның мөлшері 900мг\ процент. Одан кейін каротин немесе А витамині- 60мг\процент. Бұлардан басқа 0,035 мг\ процент В1, 0,066мг\ процент В2 витаминдері бар. Шырғанақтан өсімдіктерде өте аз кездесетін, адам организмнің ішкі секреция бездерінің қызметін күшейтіп, зат алмасуды реттейтін Е витамині (145мг\процент) табылды. Бұлардан басқа В6 Ғ,Р витаминдері, фоли қышқылдары барлығы анықталды. Жемісінен 8 процентке дейін май, 3,6 процентке дейін қант және 2,6 процент инозит, органикалық қышқылдар, илік заттар, темір, бор, марганец сияқты микроэлементтер де алынады. Жеміс құрамында болатын майдың шипалық қасиеті өте жоғары бағаланады. Оның жағымды дәмі, ашық түсі осы 8процент майға байланысты. Шырғанақ майымен операциядан кейінгі жараны, тері туберкулезін, экземаны, күйікті, үсікті, А витаминозды, тамақтың, мұрынның қабынуын, көз ауруларын т. б. көптеген ауруларды емдеуге болатындығын анықтап отыр. Асқазан ракгвн сәуле арқылы емдеген кезде шырғанақ майын ішуді ұсынады. Шырғанақ майын ауруды бәсеңдету үшін, балалар көбіне ішуден бас тартатын балық майының орнына пайдаланады. Алайда бұл барлық адамға бірдей пайдалы емес. Мысалы, холецистит және қарын асты безлерінің ауруы бар қартаң адамдарға ішуге болмайды.

Жемісі мен жапырағын асқазан, тері және ревматизм ауруларға қарсы пайдаланған. Ертедегі гректер өркенінің қайнатпасымен адамды және малды емдеген. Сонымен бірге іш ауруында емдеуге болады. Жапырағымен жемісінің қайнатпасынан буынның сырқырап ауруына бірден-бір дауа. Косметикада жеміс қайнатпасын шаш түсу қаупі туса ішуге немесе сырттан жағуға пайдаланады. Итшомырт шырғанақ Шығыс пен Батыс Сібірде тараған, аздап Орта Азияда кездеседі. Бұдан біраз уақыт бұрын Кавказдағы Балқар, Баксон, Чегем аңғарларында, Азербайжанда Самур өзенінің аңғарындағы шырғанақ күтімсіздіктің салдарынан құрып кеткен. Алматы облысының Ұйғыр, Нарынқол аудандарына қарайтын Кетпен қыратында да, Нарынқол ауданының Текес, Байынқол өзендерінің аңғарларында, Көмірші, Шибут, Қошқар сайларында әжептәуір шырғанақ қоры болған. Шырғанақ әр гектарына 2-5 тонна өнім береді. Ал алдыңғы қатарлы шаруашылықтар 21-50 тоннаға дейін өнім жинайды. Шырғанақтың баяу өсетіндігін ескеру керек. Аталық гүлі бір т өсімдікте болса, аналық гүлі екінші өсімдікғте болады. Сондықтан қатарда 1-5 түп аналық өсімдіктен кейін бір түп аталық болу керек. Бұл аналық өсімдіктердің тозаңдануын қамтамасыз етеді. Өсірген жерде тек аналық өсімдік болған жағдайда шырғанақ гүлдегенмен тозаңдана алмайтындықтан жеміс бермейді. Есейген кезде көрші тұрған түптер бір-біріне жақындап тиісіп тұруы және жерде қалың қарашірік пайда болуы тиіс. Бұл болашақта шырғанақтың жауы шырғанақ шыбынының көбеюінен сақтайды. Топырақ қопсытылып, арамшөптен тазартылып, өсімдікке жел жақсы тиетіндей болғаны жөн. Жел шырғанақтың тозаңдануын қамтамасыз етеді. Бұтақтың бетінде қотыр пайда бола бастаса, оны кесіп алып өртеп жіберу керек. Шырғанақ суыққа төзімді. Оңтүстіктің құрғақ ауасына да шамасы келгенше шыдап барады. Топырақты көп талғамайды, тіпті құмда да и өсе береді. Тамыр атпалары арқылы жан- жағына өсіп кететіндіктен құлама жарларда, тас және темір жолдарда қазылған олардың топырағын бекіте алады, құмдардың қозғалуына тосқауыл болады.

Шырғанақтың тоғайда басқа өсімдіктердің арасынан айыру қиын емес. Жас бұтақтары жылтыр болса кейін қызылқоңыр т түске енеді. Бұтағының ұшында ұзындығы 7см-ге жететін тікені бар. Қандауыр тәрісдес жіңішке жзапырақтарының түбі қысқа сағақ арқылы сабаққа бекінеді, үстіңгі жағы күңгірт жасыл да, астыңғы жағы жылтыр және ақ түсті. Гүлдері ұсақ . Аталық гүлдері қысқа масақ тәрізді гүлшоғырына біріккен, аналық гүлдері қысқа гүлсағақтары арқылы бұтақтардың қолтығынан шығады. Ұсақ күлгін қызыл жемістерінің ішінде жұмыртқа тәрізді сопақша, сырты жылтыр және сайлы, қоңыр түсті сүйектері бар. Апрель-май айларында гүлдеп, август- сентябрь айларында жемісі піседі. Көбіне өзен-көлдерінің, тау өзендерінің жағасында, тауда жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты ормандардың шекарасында өседі. Бұл 30 жылдай тіршілік ететін өсімдік, 11-15 жылда жемісті көп бере бастайды. Одан әрі біртіндеп өнімі төмендей бастайды. Шипалық мақсатта жемістерін сентябрь-декабрь айларында жинайды.

Алыс жерге тасымалдау үшін шырғанақ жемісі сыйымдылығы 150 литрлік ағаш күбіге салынады. Шығыс Қазақстан, Семей және Талдықорған облыстарында кездеседі.



Реферат тақырыптары:

1.Қазақстанның татымды (хош иісті) өсімдіктері.

2.Қазақстанның витаминді өсімдіктері.

3.Қазақстанның қызыл кітабқа енген өсімдіктері.

4.Дәрілік өсімдіктер. Авран, Далалық қырықбуын, Балшытыр.
ОБСӨЖ №15

ОБСӨЖ тақырыбы: Витаминді өсімдіктер. Қызылша.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Витаминді өсімдіктер.

2.Қызылша.

ОБСӨЖ мақсаты: Қант қызылшасы.

ОБСӨЖ мәтіні: Қызылша – алабота тұқымдас екі жылдық өсімдік . Бірінші жылы жапырақ сағақтардың қуатты дегелегі және тамыржемісі өседі.

Бірқатар биологиялық ерекшеліктері мен шаруашылық қажеттігіне қарай қызылшаның тамыржемісі үш топқа бөлінеді.; тағамдық , қантты , жемдік . Осылардың бәрінің ішінен ең көп тарағандары қызыл және жапырақты монгольт түрлері.

Қызылша суыққа орташа төзімді өсімдік- дәндері –3-4 С көктейді , көктері –3-4 С суыққа төзеді. Тамыржемісінің өсуіне қолайлы температура 18-20С . Қатты ыстық 35-30 С өсімдіктің өсуін тоқтатады да тамыржемісін қатайтып жібереді. . Құнарлы топырақты қажет етеді , бірақ қызылшаға жас қи төксе , тамыржемісінің түрі өзгереді. Қызылша сортаң жерде жақсы өседі, бұл оның теңіз жағалауларында өскен жабайы тегінен қалған қасиеті болса керек . Қызылшаға жарық көп түсетін ашық учаске бөген жөн.

Қазақстанда тағамдық қызылшаның Бордо 237, Грибовская плоская В 473, Холодотойкая 19, Одноростковая сорттары өсіріледі.

Қызылша тамыржемісі ұзақ сақталған күнде де өзінің пайдалы қасиетін жоғалтпайды, сондықтан оны жыл бойы дәрілік тағам қатарына қосуға болады.

Қант қызылшасы – бойы түгел түк басқан , екі жылдық шөп тектес өсімдік . Тамыры жуан , қызыл ақ немесе сары түсті тамыр түйнек . Тамыр жапырақтары сопақша келген жұмыртқа тәрізді сопақша келген жұмыртқа тәрізді сағақтары ұзын , сабақ жапырақтары кезектесіп кезектесіп жарыса орналасқан , майда сопақ әрі жіңішке . Гүлдері майда жасыл түсті , масақ тәрізденіп шоғырланып тұрады . Гүл жапырақшалары бесеу . Шілдеден қыркүйек айына дейін гүлдейді. Қант қызылшасы қолдан егілетін мәдени өсімдік. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің тамыры мен түйнегін және жапырағын пайдаланады, Құрамында қант С витамині , пигменттер органилкалық қышқылдар , микроэлементтер бар.

Қант қызылшасының тамыр түйнегінен жасалған дәрілердің несеп айдайтын , іш жүргізетін құрқұлаққа шипа болатын , қабынуға қарсы әсер ететін , ауырғанды басатын қасиеттері бар . Осыған байланысты халық медицинасында өсімдік тамыр түйнегінің жаңадан алынған жас сөлімен өкпе ауруларын , сондай- ақ оны өзімен теңдей етіп алынған ара балымен қосып , гипертония ауруын емдейді. Қайнатылған тамыр түйнегін іш жүрмей қалғанда пайдаланылады. Қан азаюға және құрғұлаққа қант қызылшасы таптырмайтын ем. Ал дене сыртына шыққан іріңді жараларда, шиқанды тамыр түйнегінің сулы тұнбасымен немесе жас жапырақтарымен емдейді . Мұрынның іші қабынып , ұзақ уақыттар бойы жазылмай жүрсе қызылшаның тамыр түйнегін қайнатып , сонан соң сөлін сығып алады да мұрынға тамызады.

Қызылша танымал өсімдіктің бірі онда көміртегі белоктар , пектин заттары клеччаткалар органикалық қышқылдар көп . Тамыр

Жемістері әсіресе балауса жапырақтары С витаминіне 50 мг % дейін каротинге бай сол себепті де жапырақ сабақтарын қосып жас қызылшадан жасалған свекольниктер мен борщтар аса бағалы саналады . Тамыр жемістерінде әралуан витаминдер жиынтығы С витаминінен басқа витаминдерді В тобындағы витаминдер ,РР корониц - әсіресе өсіп келе жатқан жас организиге өте қажет Калий темір ., кальций , кобальт тұздары өте көп . Ол бойындағы иодтың көтігінен көкеністер ішінен бірінші орын алады.

Қызылша тағамдары бірқатар асқазан ішек ауруларына әсіресе іш қатқан кезде ем ретінде қолданады. Өйткені клечатка мен органикалық қышқылдар ішектің перистальтикасын күшейтеді сөйтіп іш босатуға әсер етеді. Аш қарынға 100-200 г піскен қызылша жеген жөн . Тамыр жемісінің түсі қою қызыл болуы клетка шырынында онтоциан бетайнның молдығына байланысты , мұның зат алмасуға маңызы зор белоктарды ажыратып бойға сіңіруге әсер етеді , холиннің құралуына қатысты ал холин бауырдың қызметін кұшейтеді оның жұмысын жақсартады сондықтан қызылша тағамдары бауыро мен өт жолдары ауруларына аса пайдалы. Сондай-* ақ оны атеросклероз бен қан аздыққа қарсы қолдануға болады.

Ашытқан қызылша құрқұлақпен қан аздыққа қарсы жақсы дәру саналады .

Халық медицинасында қызылшаны не қызылша шырынын гипертония ауруларына қолданылады. Қызылшаның жақсы әсер ететін себебі магний көп болуына бйланысты болады. Ал шикі қызылша шырынын зат алмасуды жақсартатын және организмді нығайтатын дәру ретінде де ішуге болады.

Қызылшаның таза шырынын басқа ашлма жүзім , шие шырындарымен қосып ішкен де пайдалы . Мұндай ара қатысы қызылша шырыны 3-4 стакан басқа шырын 1-4 стакан болу керек . Қызылшаның жапырақтары балалар тағамына аса бағалы көкеніс олада жоғарыда айтылған витаминдеге қоса қанның жасалуына қажет фолий қышқылы бар . Мангольтың балауса жапырақтары шырынды етті және өте тәтті келедәі оларды шпинат несалат ретінэде пайдалануға болады .Қызылшаның тамыр жемісін сыртқы ауруларға дәру ретінде кеңінен пайдаланылады оны үгілген күйінде ісіктерге немесе денедегі жараға басады . Шикі қызылша тіс ауруын бәсеғңдетеді ал жаңа пісірілген қызылшаның шырынын тұмау кезде дәру ретінде пайдаланады яғни мұрынға тамызады.

Глоссарий:


1.Сыңғақ итшомырт.

2.Сары түйе жоңышқа.

3.Репейник.

4.Ошаған.

5.Орман қазтамыры.

ОБСӨЖ №16

ОБСӨЖ тақырыбы: Белокты өсімдіктер.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Бұршақ.

2.Бадана.

ОБСӨЖ мақсаты: Белокты өсімдіктермен таныстыру.

ОБСӨӨЖ жоспары: Белокты өсімдіктер – бұршақ тұқымдас көкеністердің емдік дақылдар атызында болғаны өте қажет бұлардың пайдасы өте көп . Біріншіден олардың дәндері тағамдық жағынан аса бағалы , олар мал белоктарына жақын жоғары сапалы белоктарға бай . Екіншіден бұршақ дақылдарының бірден – бір қасиеті олардың өздерінің тамырларындағы түйнектерге орналасқан бахктериялар арқылы ауадан азотты сіңіріп , біздің бақшамыздың құнарлылығын арттыра алады және оны белокты заттарға айналдырады сондықтан болар , көне Үндістан мен көне Қытайға бұршақ құнарлылық пен байлықтың символы саналады

Бірақ көкеніс бұршақтары азық қана емес , олра бойындағы өте көп азот, калии, натрии әралуан витаминдер жиынтығы ( С , В тобы, каротин , Е, К ) және әртүрлі ( темір, фосфор , магнии , иод ) тұздары арқылы да емдейді. Олардың көбі жүрек тамыр жүйесіне жақсы әсер етеді , организмнен басы артық сұйықтықты шығарады , дбасқалары авитоминоздарға шипасын тигізеді, диеталық азық болып саналады.



Асбұршақ-өте ежелгі белоктарға бай дақыл ( бұршақтар тұқымдасы) . Шыққан орталығы –Алдыңғы Азия , онда тас және қола дәуірінде –ақ бидаймен арпамен белгілі болған .

Бұршақ бір жылдық өсімдік , қуатты тамыр жүйесі терең бойлай , сабағы көлбей өседі. Жапырақтары күрделі үлпілдек , ол ұш жағы мұртшаларменжәне ірі бөлшектермен аяқталатын 1-3 қос жапырақшалардан тұрады . Осы мұртшалары арқылы жабысып , өзінің тік қалпын сақтайды .

Бұршаққаптар –цилиндрше ,қантты сорттары жарғақ қатты болады , не болмайды . Дәндері дөңгелек жатық немесе мыжырайған . Дәндерінің түсі гүлдерінің түсіне байланысты келеді.

Бұршақ тез пісетін өсімдік . Ол сепкеннен кейін 5-7 тәулікте көктейді . Бұршақты учаскеге көң төгілгеннен кейін себеді. Жердің шымды , күлгін және қара топырақты , қарашірікке бай болғаны жөн Бұршақ жылылық пен құнарлылықты аса қажет етсе де оны фосфорлы- калии тыңайтқыштарымен тыңайған және нәтиже береді . Өніп -өсуі үшін жылылық –16+17 С . Бұршақ басқа бұршақ тұқымдастар сияқты азотты тамырларында болатын түйнек бактериялары арқылы тікелей ауадан алады .Азотзалғыш бактериялардың даму шапшаңдығы температураға байланысты:10С төмен емес температурада азотта сіңіре бастайды . Оның үстіне топырақ қопсытылған болуы керек өйткені топырақ бетінің қатпары ауаның кіруіне кедергі жасайды да бактериялардың дамуын тоқтатады. Себерден бір апта бұрын дәндерді аурудан сақтандыру үшін ТМТД ( 1 кг тұқымға 4 г ) тозаңдатады және 40-50 С 3 сағат бойы қыздырады. Брухуспен ( дәнқұртпен ) зақымданған жеңі дәндерді айыру үшін тұқымды ас тұзының 3 пайыз ерітіндісіне салады: бетіне шыққан дәндерді мал азығына пайдаланады , ал түбіне батқандарын сумен мұқият жауып ( сыртындағы тұз қалдықтарын кетіру үшін ) , содан кейін седбеді . Тұқым сіңіретін жердің тереңдігі жеңіл топырақта – 5-7 сантиметр , ауыр топырақта 4-5 сантиметр болуы керек .

Бұршақ дәндері мен жармаларының балауса кезінде , тегіс дәнді сорты дәнінің диаметрі 5-6 мм , қантты соттынікі 7-9 мм болғанда қант мөлшері көп болады . Сондықтан қантты сорттарын гүлдегеннен соң 7-10 тәуліәктен кейін жинай бастайды . Бұршақты әрбір 2-4 тәулікте жинайды . Ал аршылған сорттарын гүлденгеннен соң 12-15 тәуліктен кейін жинайды.

Бұршақтың көкеніс сорттары – қантты және аршылған сорттар болып бөлінеді. Қантты сорттарының мәуесі биязы , тәтті , жармаларында жарыққабат болмайды . Қантты ( мозговой) сортының мәуесі ірі , жуан, етті келеді. Дәндеріндегі қанттың мөлшері 8,7 пайызға жетеді. Бұл топтардың аудандастырылған сорттарының ішінде көп таралғаны ; Карагандинскии 1053, Жегалова 112. Олардың барлығы биік ( 100-180см ) , кеш пісетіндер (көктегеннен жинауға дейін 60-80 тәулік ) . Аршылған сорттар бұршақтарының екі қабаты болады ; сыртқысы – етті , ішкісі -қабықты не жарғақты. Жарпғақты қабаттан жарма талшықөтанып қатаяды , жеуге жарамсыз болып қалады. Дәндер балауса кезінде тәтті болады , оларды консервілеуге , кептіруге пайдаланады. Піскенде дәндердегі қант крахмалға айналады. Аршылған бұршақтың Победитель Г –33 , Овошной –76 , Превосходный –240 сорттары 60-70 тәулікте піседі . Бұршақтың аршылған сорты 1-2 С- да , қантты сорты – 4-6 С-да көктейді, сондықтан оларды 8-10 тәулік кеш себеді . Бұршақтың сағақ – жапырағы бағалы мал азығы . Бұршақты жерді өңдеу үшін де себеді , ол топырақты азотпен байытады бойына фосфаттарды сіңіре алады.



Бадана –бұршақ сияқты , бұршақ тұқымдастарға жатады . Үндістанда Орта Азидяда , Қытай мен Жапонияда көп өсіріледі . Бадана еттің орнына жүретін белоктық азық ретінде диета сақтайтын ерекше маңызы бар . Шыққан жері Латын Америка . Дәндерінде белок 27 %, көміртегі 6 %, витаминдер В, С, Р Р, К, каротин және минералды тұздар бар немесе калий және фосфор тұздары мол.

Емдік мақсаты бадананы езіп пісіріп , қарын сөлінің секрециясын күщшейтетін диеталық ас ретінде, сондай – ақ бауыр мен өт қабы ауруларына қолданады. Халық медицинасында бадана мәуесінің жармасын қайнатпа сұйық тұндырма күйінде гипертония , жүректің ишемия ауруларына несеп жүргізетін шемен ауруына сарып пен подаграға қарсы пайдаланады. Бадана – бір жылдық өсімдлік сабағы мен алуан формада өседі. Бадананың сабағы бүйірінде шағын шырмауықтанған сабақ бұтақшалары бар бұталы , жартылай бұталы күйінде болады, олар гүлдейді және ұзын буын аралық шырмауықтары бар сабақ бұтақшалар шығады. Жапырақтары ұзын сағақтарда үш-үштен қосақталып тұрады.

Бұршаққабы түзу немесе бүгілген 2-8 дәні болады . Дәндерінің боялуы әр түрлі біртүсті немесе өрнекті болады. Бадана өсімдігі жылыны сүйеді. Дәндері 10-12 С көктей бастайды. Көктері қолайсыз температураны сезгіш келеді. 9-10 С себеді Қазақстанның Оңтүстік аймағында – сәуір айының екінші жартыдсында , Солүстіктеу аудандарында кешірек мамыр айында себеді . Себердің алдында тұқымды жібітеді . Бадана Оңтүстік аудандарында аңызақтан зардап шегеді , сондықтан оны көбіне жүгерімен бірге егеді, ол сондай- ақ шырмауықтанған сорттары үшін де сүйеу болады.

Бадананы қызанақ , картоп , баклажан , бұрыш , шалғам, қызылша , сәбіз егілген жерге еккен тәуір . Бадана органикалық және минералдық , сондай- ақ бор марганец, қалайы , молибден , мыс бар микротыңайтқыштарды қажет етеді.



Бақылау сұрақтары:

1.Белокты өсімдіктер.

2.Бадана қандай бұршақ тұқымдас.

3.Асбұршақтың шыққан орталығы.


ОБСӨЖ № 17


ОБСӨЖ тақырыбы: Жабайы өсімдіктер.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Кәдімгі адыраспан.

2.Бетпақдала түйетабаны.

3.Үшдана түйетабан.



ОБСӨЖ мақсаты: Жабайы өсімдіктер түрлерімен таныстыру.

ОБСӨЖ жоспары: Кәдімгі адыраспан –Биіктігі 60 см / ге жететін сүріктеніп кеткен мықты және көпжылдық тамыры бар шөптесін өсімдік ол тамырда жер үстіне тиүксіз ұзына бойына созылған сайлары бар тармақты сабақтар шығарады . Сабаққа ұзындығы 3-6 см / ге жететін сағақсыз жапырақтар орналасады. Ол жапырақтары тілімделіп қандауыр және лента тәрізді жапырақ бөлімдеріне тармақталып кеткен . Мұндай шоқталып орналасқан жапырақтар сабақ бойында көп болады . Көптеген ақ сары түсті ірі гүлдері әр сабақтың ұшындағы ұзын гүлсағағанан шығады . Ұзындығы 15-20 мм жететіән тостағаншаларыда тілімделіп икеткендіктен бірнеше таспа тәрізді бөліктерге бөлінеді. Оның әрбөлігінің ұшы үшкірленіп бітеді. Күлтелері 5 бөлмді. Жемістері үш жақтаулы шар тәрізді немесе аздап қусырылып кеткен қорапшадан тұрады. Әр қорапшада көптеген тұқымдары бар . Сырттай әдемәілігіне қарамастан адыраспанның жағымсыз иісі бар май айынан бастап шілдеге дейін гүлдейді негізінен шөлдегі мал жайылымдарында құдықтың айналасында ескі қоныстарды көп кездеседе, таулы жерлерде өсе алмайды.

Бұрынғы кезде шипалық мақсатта адыраспанның тек тұқымы ғана пайдаланатын одан гормин алколойдын алатын . Ол алхколойдтың тұз қышқылы тұзын қалтырауық сал ауруымен емдеуге пайдаланған . Қазіргі медицина жер үсті бөлімінде шипалық мақсатқа пайдаланады. Бұл үшін өркендерін гүлдеу басталған кезде кесіп алады да , жайып кептіреді.

Кәдімгі адыраспанның табиғи қоры қазыргі кезде негізінен мал таптаудан және өскен жерлерін шаруашылық мақсатта игеріден күрт төмендеп кеткені байқалып отыр. Сонедықтан көп өскен жерін қамқорлыққа алып игерілмейтін басқа жерлерге тұқымын қолдан сеуіп көбейту қажет.

Балқаш түйетабаны биіктігі 1,5-2,5 см жететін жартылай шөптесін өсімдік . Өте ұзын және мықты тамырлары тармақталып кеткен.Бір тамырдан тобымен шыққан тік сабақтарының бетінде сайлары бар . Кірігіп кеткен жартылай шао немесе жұмыртқа пішіндес жапырақ серіктері . Жапырақтарының қалдығынан бір немесе екі ден ақ түсті күлтелері бар гүл шығарады . Тостағаншалары жұмыртқа , шар тәрізді қорапша жемісінің ұзындығы 10-14 мм көлденеңі 8-10 мм бес қырлы.



Бетпақдала түйетабаны –көп белгілері жағынан балқаш түйетабанына ұқсас . Тармақты сабақтары ироектеліп кетеді. Өткен жылғы өркенінің түп жағы ағаш сияқты қатаяды . Кірікпеген жапырақ серіктерінің ұзындығы 2,5 –3 мм . 1-2 және 3 жұп болып орналасатын қауырсын тәрізді жапырақтарының домалақ немесе элипс тәріді пішіні бар . Әр жапырақшасының ұзындығы 8-14 см болатын , көлденеңі 7-10мм гүлдері ұзынджығы 5-6 мм болатын гү сағақтарына орналасқан . Жеке күлтелерінің ұзындығы 7-8 мм түп жағы сыналанып жіңішкеріп кеткен . Ол басты бөктерлержде өсетін түр . Бетпақдала эндемі.

Қаратау үйетабаны –ұзындығы 8-14 см болатын көп жылдық шөптесін өсімдік . Басқа түрлерге қарағанда сабағындағы сайлар тар . Ұзындығы 2-4 см жапырақтарының қысқа сағағы болады. Жапырақ қолтығына 1-2 ден сағақты гүлдер орналасады. Ұзындығы 6-7 см болатын тостағанша жапырағы ұшеуі жұмыртқа тәрізді екуі сопақша . Бұл түрдің таралған жері өте тар Сырдария Қаратауыдың тасты беткейлерінде ғана кездеседі.

Үшдана түйетабан –ұзындығы 20-25 см жететін жартылай шөптесін өсімдік . Мықты тамырынан шыққан топ сабақтары әлсіздеу беті тегіс . Қанат тәрізденген жіңішке сағақты қауырсын күрделі жапырақтарының ұзындығы 2,5-3 см әр жапырақшасы ұсақ ұзындығы 10-18 мм көлденеңі 2-4 мм бір қауырсын сағақта 2-4 жұп осындай ұсақ жапырақшалар орналасады. Жапырақтарының қолтығынан ұзындығы 10-15 мм болатын гүл сағағының ұшынан түп жағы күлгін қалған бөлігі ақ түсті күлтелері бар 1-2 гүл шығады мамыр – маусым ацйларында гүлдеп шілде тамыз айларында жеміс береді.

Оңтүстік Америкадаға Түйетабан көп өсетін бір аралға кейінгі жылдары үй қояндарын әкеп жіберген Аралда басқа дәмді сабақты өсімдіктер жіктеледі . Алайда үй қояндарына азық ретінде осы түйетабан ғана ұнайды басқа өсімдікке қарамай тек түйетабанды ғана жей бастады.


Глоссарий:


1.Шайшөп.

2.Шырғанақ.

3.Уқорғасын.

4.Усарғалдақ.



ОБСӨЖ №18

ОБСӨЖ тақырыбы: Арам шөтер.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Бақбақ - Одуванчик обыкновнный ( арамшөп).

2. Бақбақты қолданылуы.

ОБСӨЖ мақсаты: Бақбақ - Одуванчик обыкновнный ( арамшөп).

ОБСӨЖ мәтіні: Арамшөптер шипалы екпе өсаімдіктерге қарағанда өніп- өсу жағдайына жақсы икемделгіш болғандықтан олар бойларына топырақтан қоректік заттар мен суды көбірек тарта алады. Арамшөптердің көбісі дәрілік өсімдік болып табылады. Олардың біразында каротин , витаминдер бар тез сіңетін минералды тұзда көкеніс дақылдарынан көп Арамшөптерден илік заттар органикңалық қышқылдар көптеген ауцруларды емдеуде бұлшық еттердің қызметіне дем беруде басты роль атқаратын гликозидтер табылған . Сондықтан үй маңында өсетін арамшөһптердің бәрін түгел құртуға асықпаған жөн . Саралап қараңыз . Бәлкім олардың көбін дәрілік өсімдік ретінде пайдалануға болар.

Бақбақ- биіктігі жарты метрге жуық , тамыры жуан көпжылдық , шөп тектес өсімдік . Тамыр жапырақтары өсімдіктің қысқа сабағының түп жағына топтала орналасқан . Жапырақтарының түрі мен көлемі әр түрлі болып келеді. Кейбіреулері солпақша , әрі жіңішке болса , тағы біреулерінің ені жалпақтау , біраз көпшілігі құстың қанаты сияқтанып , тілімденген , шеттерінде ойықтары бар. Өсімдіктің өн бойынан сүт сияқты сөлі шығып тұрады. . Сары түстері гүлдері сабақтың ең ұшында тостағанша тәрізденіп шоғырлана орналасады .Сәуір айынан бастап күзге дейін гүлдейді.

Бақбақ шабындықтарда, тау етектерінде , тұрғын үйлердің маңайында , өзендердің жағалауларында орманды жерлерде өседі. Дәрі жасау үшін өсімдіктің тамырын күзде жинап алады. Құрамында стигмастирин , тараксастерол, инулин каучук майлар бар .

Халық медицинасында сабақтың тамыры да, шөбі де тамаққа тәбет шаптыратын және асқазан бездерінің жұмысын күшейтетен дәрі ретінде пайдаланылады. Сондай- ақ өт айдайтын , іш жүргізетін , қақырық түсіретін , орталық нерв жүйесін тыныштандыратын дәрі ретінде де қолданылады. Осы қасиеттеріне байланысты оны іш жүрмей қалғрамында стигмастирин тараксастерол, инулин каучук майлар бар .

Халық медицинасында сабақтың тамырын да, шөбі де тамаққа тәбет шаптыратын және асқазан бездерінің жұмысын күшейтетен дәрі ретінде пайдаланылады. Сондай- ақ өт айдайтын , іш жүргізетін , қақырық түсіретін , орталық нерв жүйесін тыныштандыратын дәрі ретінде де қолданылады. Осы қасиеттеріне байланысты оны іш жүрмей қалғанда , бүйрекке , қуыққа өт қалтасында тас болғанда , асқазан қабынғанда және түйіліп ауырғанда емге пайдаланылады. Дене сыртындағы іріңді жараларды, есек жемді , күйікті жараларды емдейді. Соңғы кездерде басқа дәрілермен қосып пайдалану арқылы атеросклерозды емдейтін болды. Халық медицинасында кәдімгі бақбақты бауыр , ішек ауруларын емдеу үшін де қолданылады. Орта Азияда бақбақтың жас жапырақтарының сөлін қан азайғанда , тамырынан сүтті сөлдерін денедегі сүйелдерді емдеу үшін пайдаланылады.

Реферат тақырыптары:

1.Арам шөп түрлері.

2.Жабайы өсімдіктер.

3.Эфир майлы өсімдіктер.

4.Дәрілік дөңгелек жапырақты алмұртшөп.
ОБСӨЖ №19

ОБСӨЖ тақырыбы: Қазақстанның Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Қызғылт семізот.

2.Сиверс алмасы.

ОБСӨЖ мақсаты: Қазақстанның Қызыл кітапқа енген өсімдіктері.

ОБСӨЖ мәтіні: “Қызыл кітап ” – сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылады.

Қазақстанда “Қызыл кітап ” тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылым 1991 жылы ,үшінші басылым 1996 жылы шықты. Мұнда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырмен жорғалаушылардың 10, құстардың 56, сүтқоректілердің 40 түрі енгізілген. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның



Қызыл кітабы ” 1981 жылы жарық көрді.Бұл кітапқа өсімдіктердің 303 түрі сипатталған.Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер түрлерін атап өтсек: ақ түкті астрагал, альберт құртқашашы, алтай қасқыржидегі, ақ тұңғиық, ақсары жуа, алтай раушаны, ақжолақ сасыр, альберт қызғалдағы, берік сүттіген, бор сылдыршөп, дәрмене жусан, кавказ таудағаны, кәдімгі емен, қаратау шөмішгүлі, қопал астрагалы, қаратау түйетабаны, қаратау ұшқаты, зайсан лақсасы, т.б.

Қызғылт семізот (жасаңшөптер тұқымдасы) – Алтай өсімдіктерінің ішіндегі ең танымалысы. Алтайдан басқа Тарбағатай тауында және Жоңғар Алатауының солтүстік беткейінде (Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында) кездеседі. Ылғалды, ірі қиыршық тасты беткейлерде, өзен аңғарлары менжағалауларында, шалғындықтарда және бұта шіліктерінде орманның жоғарғы бөлігінен Альпі белдеуніне дейінгі аралықта өседі. Кейде үлкен, көңіл аударарлық шіліктер құрайды. Көп жылдық, жуан тамырлы, қабыршақ тәрізді жапырақтарымен қалың жабылған, қысқа тамыр сабақты. Жер асты бөлігін кескенде, жалтыраған күлгіндеу түсті және күшті жағымды иісті байқаймыз. Сабағының саны бірнешеу. Барынша жуан, биіктігі 50 см-ге дейін, жапырағы кезектесе орналасқан, сопақша немесе эллипс пішінді. Гүлшоғыры қалың қалқан тәрізді гүлдері екі үйлі ұзындығы 3 мм, төрт мүшелі, сары немесе жасылдау. Аталығының саны 8 күлтеден болымсыз ғана қылтиып тұрады, тостағанша жапырақшалары қысқа, гүлдеп болған соң да түспейді. Семізот мамыр-маусымда гүлдейді, жемісі шілде-тамызда піседі. Тамырының құрамында көмірсулар, органикалық қышқылдар, иілік заттар, хош иіс беретін және де басқа дабелсенді әсер ететін заттар бар. Бұрыннан белгілі түрлі ауруларға қарсы халық медицинасында қолданылып келгендіктен, кейінгі жылдары ғылыми түрде зерттеліп, бекітілді. Олардан дайындалған препараттар қазір арнайы түрде жүрек жұмысын жақсартуда және адамның ойлау қабілетін арттыруға, еңбекке құлшынысын жақсартуға т.с.с. пайдаланылады. Халықтық медицинада тамырын қан аздықта, қан диабетін, ісік ауруларын емдеуге кеңінен қолданды. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді.

Сиверс алмасы (раушангүлділір тұқымдасы) – Тарбағатайдан Батыс Тянь-Шаньға дейінгі ( шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, оңтүстік Қазақстан) облыстары тауларда кең тараған. Беткейлерде, өзен аңғарларында, кейде көп мөлшерде, әсіресе Жоңғар және Іле Алатауында, тіпті таза алмалы орман құрай өседі. Аласа таулардан бастап ортаңғы белдеуге дейін, кейде жекелеген теңіз деңгейінен 3000 м-ге дейін көтеріледі. Ағаштың биіктігі 8 м, қоңырлау, сұр қатпарлы қабықты және бас жағы жалпақ. Жапырағы ірі, жалпақ қандауырша, сабағы түкті. Гүлдері ірі, диаметрі 6 см-ге дейін жетеді, ақшыл, күлгін немесе ақ шатыр тәрізді шашаққа жинаған. Аталықтарының саны көп, тозаңдану жәндіктердің көмегімен жүреді. Сәуір-мамырда гүлдеп, шілдеден қыркүйекке дейін жеміс береді. Алмалардың 5-2 тұқымды ұялары қатты қабыршақпен бөлінген. Түрі үлкен өзгергіштігімен ерекшеленеді, әсіресе көлемі, түсі, пішіні және жемістерінің дәмімен. Жемісті өте көп береді, бір гектар алма орнгынан 5-10 тоннаға дейін жеміс жинауға болады. Тұқымы вегетативті жолмен көбейеді. Жеміс салуды шамамен 12 жаста бастайды. Тіршілік ұзақтығы 150 жылға дейін созылады. Қабығынан сары, жасыл, қоңыр және қара бояу алынады, сүрегі ұсақ әртүрлі бұйымдар жасауға қолданылады. Бұл түр көптеген мәдени сорттардың туыс басы болып табылады. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Мушкетов түйесіңірі (тарандар тұқымдасы) – Қазақстандық 14 түрдің ішіндегі ең сирек кездесетіні, тек Іле Алатауының орталық бөлігінде (Алматы қаласының маңында) таралған. Қазіргі кезде тау етегіндегі шалғынды беткейлерде, жапырақты ормандарда және бұта шіліктерінде өседі. Биіктігі 1,5 м бұта, ағаштанған қызғылт-қоңыр бұтақтарымен, туыстың көптеген басқа өкілдерінен тікенектерінің болмауымен және ірі (ұзындығы 6 см-ге дейін, ені 2 см) созыңқы сопақша ақшыл-жасыл жапырақтарымен ерекшеленеді. Гүлдері қос жынысты, бозғылт күлгін немесе ақ, қысқа бүйір шашақ, гүлшоғырына жиналған. Гүлсерігі жәй 5 мүшелі. Оның жапырақтары екі шеңберге орныққан сыртқы екеуі ішкілерінен ұсақтау және жеміс салу кезінде төмен еңкейеді, ішкі үшеуі (дөңгелек пішінді) үлкейіп өседі, жемісті қоршап тұрады. Аталығы 6-ау түйіні бір ұялы, үш бағанасымен. Түйесіңір мамыр-маусымда гүлдейді, жемісі (тарамдар тұқымдасына тән үшқырлы жаңғақты) шілдеде піседі. Оның жасы 10 миллион жылдан кем емес. Қазақстанның Қызыл кітабына ендірілген.

Глоссарий:


1.Тасшүйгін.

2.Шегіршін лабазник.

3.Шаған.

4.Таушүмілдек.



ОБСӨЖ № 20

ОБСӨЖ тақырыбы: Су омыртқасыздар. Тянь -Шаньда кездесетін омыртқасыздар.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Балташы түкті ара.

2.Апполон.

3.Махаон.



ОБСӨЖ мақсаты: Тянь -Шаньда кездесетін омыртқасыздар мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Балташы түкті ара – аралардың ішіндегі ең ірісі. Сыртқы пішіні түкті араға ұқсас және ағашты кеміріп тесетіндігіне байланысты осылай аталған. әдетте бұл аралар қара немесе көк түске боялған. Көк балташы түкті ара көпке таныс, ол ағашты тесіп, ұяшықтарға бөлінген ұя жасайды. Әрбір ұяшыққа жұмыртқа салады. Жұмыртқадан дернәсіл шығып, олар аналықтың жинаған гүл тозаңдары және тәтті шірнесімен қоректенеді. Ересекке айналған дернәсілдер ұяшықтарында қыстауға қалады. Көктемде әрбір балташы түкті ара жеке тесік жасап сыртқа шығады. Балташы түкті ара жаз бойы гүлдерде қоректеніп, келешек дернәсілдерге қор жинайды.

Апполон - әдемі көбелек, желкенділер тұқымдасына жатады. Қанатының құлашы 7-9 см, ақ қанаттарының шеті мөлдір, оған қара дақтар түскен. Артқы ақ қанаттарындағы қарамен көмкерілген екі қызыл көзшесінің ортасында ақ дақтары бар. Құстар апполонның қанатындағы қызыл дақтары, ызыңдаған дауысы және үркітетін иісі үшін оған тиіспейді. Ызыңдаған дыбысты қанаттарының төменгі жағын аяқтарымен тырналап шығарады. Бозкілем өсімдігімен қоректенеді, таралуы да осыған байланысты. Тауда теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте және одан да жоғары да кездеседі.

Махаон – желкенділер тұқымдасының көбелегі. Сары түсті қанаттарында қара сурет және көкшіл, қызғылт сары дақтары болады. Қанатының құлашы 8,5 см, артқы қанаттарында ұзындығы 1 см қара құйрығы болады. Жылына екі рет көбейеді, жұлдыз құрттары шатырлы тұқымдасты өсімдіктерді болады. Жасыл түсті жұлдыз құрттарының жыртқыштарды үркітетін арнайы құралы бар. Ол басының артындағы сыртқа айналып шығатын ұзын қызыл айыртәрізді, екі ұзын қап сияқты бездері. Бұл бездері өткір жағымсыз иіс шығарады. Махаон еуразияда ең көп таралған көбелектердің бірі, бірақ баолық жерде сирек, сондықтан көптеген елдің Қызыл кітабына енгізілген.

Дәуіттер – денесі ұзыншақ, үлкен тасырайған көздері мен жетілген алдыңғы ұстағыш аяқтары бар ірі жәндіктер. Дәуіттер – күдікпен қарайтын жыртқыштар. Қалың шөп және бұталар арасында, кеудесі мен алдыңғы ұстағыш аяқтарын жоғары көтеріп, жемтігін аулайды. Жемтігін көре салып, оған байқатпай ұрланып жақындайды да, алдын-ала жиналған ұстағыш аяқтарын алдына тастап, жемтігін саны мен сирағының ортасына қысып ұстап алады. Әр түрлі жәндіктермен қоректенеді. Дәуіттердің ішіндегі ең таралғаны – кәдімгі дәуіт.

Кооллоквиум сұрақтары:


1.Тянь -Шаньда кездесетін омыртқасыздар.

2.Жабайы өсімдіктер.

3.Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер.

4.Дәрілік өсімдіктер егістік көздәрі.



ОБСӨЖ № 21

ОБСӨЖ тақырыбы: Су омыртқасыздар. Су қоймаларында кездесетін омыртқасыздар.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Масалар

2.Су өлшегіш қандала.

3.Су өрмекшісі.



ОБСӨЖ мақсаты: Су қоймаларында кездесетін омыртқасыздармен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Масалар – қосқанатты жәндіктер отрядына жатады. Нағыз масалар тұқымдасының өкілдері, көпке танымал, жер шарының барлық жерінде кең таралған. Адамдар мен жануарларды шағып, мазасын алады. Аналықтары ғана қанмен, аталықтары өсімдік шырынымен қоректенеді. Масалар ұсақ таспа суларда, шалшық, тіпті консервлі ыдысындағы суда да көбейе береді. Дернәсілдері суда органикалық қалдықтар мен ұсақ су ағзаларымен қоректенеді. Қан соруға тек ұрықталған аналық қана қабілетті, жылы қанды жануарлар тобын 3 км қашықтықтан сезеді. Аналығы өз салмағынан артық қан сорады. Осы қанның арқасында, аналықтың ағзасында 150-200 жұмыртқа пайда болады. Қансорғыш аналық жазда екі ай тіршілік етеді. Маса жағымсыз қышитын шаққан орнынан басқа неше түрлі ауруларды мысалы, әр түрлі безгек ауруларын таратады.

Су өлшегіш қандала – нағыз су өлшегіштер тұқымдасына жатады, су үстінде тіршілік етеді, су бетін ұзын аяқтарымен итере, су үстінде жүреді. Ең көп, әрі ірі қандала. Үлкен су өлшегіштің денесі ұзын, сарғыш түсті ұзындығы 13-17 мм, денесі барқыт тәрізді түкшелермен жабылған. Су бетіне құлайтын ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ересектерімен бірге дернәсілдері де жиі кездеседі, себебі аналығы жаз бойы су өсімдіктеріне жұмыртқаларын салады. Су өлшегіш қандалалар күзде жағадағы әр түрлі паналарға тығылады.

Су өрмекшісі – кең тараған өрмекшінің түрі. Тоқтау су түбінде тіршілік етеді. Бұл орта пішінді өрмекшінің бас кеудесі ұзындығы 1,5 см жалаңаш, ал құрсағы жұмсақ, ашық түсті, су жұқпайтын түкпен жабылған. Су астында түктері ауаны ұстап тұрады, ал құрсағы жалтырап тұрады. Құрсағын айнала қоршаған ауа тыныс алу үшін пайдаланылады. Өрмекші ауық-ауық су бетіне шығып, құрсағының ұшын судан шығарып, ауа қорын жинайды. Бұл өрмекші су астында өрмек жібінен тор құрып, сөйтіп оймақтай ауа кеңістігі пайда болады. Осы жерде жұмыртқа пілләсін салады. Мұнда ұрпағын ұстайды және өздері қыстайды. Негізінен омыртқасыздар дернәсілдермен қоректенеді.

Сүңгуір қоңыз- денесі сопақша, ұзындығы 25-35 см, денесінің жоғарғы жағы сары түспен көмкерілген, қоңыр немесе жасыл қара түсті. Артқы аяқтары жүзуге икемделген ұзын, жалпайған, табаны ұзын қылшықты, аяқтары мен бір мезгілде еседі. Бұлар баяу ағатын су қоймаларында тіршілік етеді. Тыныс алу үшін құрсағының ұшын судан шығарып қояды да, сөйтіп қанатының астына ауа жинайды, оны су астында пайдаланады. Әр түрлі су омыртқасыздарымен қоректенеді.

Инеліктер – созылған сымбатты денелі, үлкен басында үлкен көздері орналасқан, екі жұп ұсақ тор болып жүйкеленген мөлдір қанаты бар. Аналығы жұмыртқаларын суға немесе өсімдіктің су асты бөлімдеріне қоймалжың пілләлар салады. Жұмыртқаларынан ересектеріне тіпті ұқсамайтын ерні үлкен дернәсілдер шығады. Жыртқыш дернәсіл төменгі ернімен қорегін ұстап, жоғарғы жағына әкеліп жейді. Әдетте масаның, біркүндіктің дернәсілдерімен және басқа да омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. өсе келе дернәсілде қанаттың бастамасы пайда болады, содан кейін судан тыс, өсімдік сабағына бекініп соңғы түлеуі өтеді. Жаңа пайда болған инелікке қанаттарын керіп, қатаюына 6 сағат уақыт керек. Инеліктер ұсақ ұшып жүрген жәндіктермен, негізінен масалармен, шіркейлермен қоректенеді.

Сүліктер – буылтық құрттар типіне жатады. Сүліктің жер бетінде 400 түрі белгілі. Жақты сүліктер көбірек таныс, оларға медициналық, жылқы және үлкен жалған жылқы сүліктер жатады. Медициналық сүліктің денесі сарғыш жасыл, сарғыш қара, үзік сарғыш қызғылт жолақтарымен ерекшеленеді. Сүліктің денесі ұзыншақ, 90-100 сақинадан тұрады. Басының ұшы дөңгелек тәрізді, оған сорғыштар орналасқан. Сорғыштарында 180 ұсақ тісшелер бар, 3 жақ төмпешігі болады, жағы қозғалғанда жемтігін шаншып, ұлпаларын жыртады. Медициналық сүлік теріні оңай тесіп, қанмен қоектенеді. Алғашқыда сорғыштарымен жабысып, жақтарын ұсақ тістерімен жылжытып теріні жаралайды сөйтіп созылмалы асқазанын қанға толтырады. 30 мл қан сорады, аз мөлшерінен 3-4 есе өседі. Сүліктер тоспа суларда, көбіне лай суларда тіршілік етеді. Осы жерде өз жемтігін омыртқалы жануарларды күтеді. Медициналық сүлік 3000 жылдан артық медициналық мақсатта қоланылып келеді.

Глоссарий:


Буылттық құрттар типі; Ерекше эйзения, Жылантәрізді перелия.

Былқылдақденелілер типі; Түркістан туркомилакасы, Цветков туркамиласы.

Жәндіктер; Арла жіңішке құйрықты инелік; Әмірші инелік, Аға дәуіті, Ісік түзгіш сымыры, Бұғы қоңыз, Әдемі қыз инелік.

ОБСӨЖ № 22

ОБСӨЖ тақырыбы: Су омыртқасыздар. Шөл мен шөлейт омыртқасыздар.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Сарышаян.

2.Құмырсқа арыстаны.

3.Киелі қоңыз.



ОБСӨЖ мақсаты: Шөлейт жерлерінде кездесетін омыртқасыздармен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Сарышаян – жердегі буынаяқтылардың ежелгі отрядының өкілі. Қазақстанда екі түрі: Кавказ және шұбар сарышаяны тіршілік етеді. Саны көп. Сарышаянның түрі елдің бәріне таныс. Бұл аяқтарында үлкен қысқыштары бар, құйрығы тік көтерілген. Оның ұшында бүгілген іспегі бар ұзыншақ буынаяқты. Денесінің ұзындығы 20 см. Сарышаянның шағуы – шабуылы немесе қорғанысы кезінде құйрығындағы улы іспегімен қорқытады. Тірі жемтікпен қоректенеді, егер ірі белсенді жәндікті ұстаса, алдымен улы іспегімен жансыздандырады. Әдетте, жәндіктерді, ұсақ сүтқоректілерді және құстарды сарышаян уы өлтіреді. Бұлар құрғақ шөлді аймақтарда кездеседі. Түнде белсенді тіршілік етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет