Өсімдік дүниесі
Қазақстанда бай өсімдік дүниесі бар. өсімдік дүниесінде өсімдіктердің жаңадан шығарылған, егілетін және кездейсоқ әкелінген 500-ден астам түрлерін санамағанда, 6000-ға жуық түрлері бар. Мұнда Орта Азия шөліне тән сексеуіл өседі. Соншалықты қатты болғандықтан оның ағашы суға батып кетеді. Ал, жаққан кезде сапасы жақсы көмірмен бірдей ыстық береді; тораңғы, қараған; табиғаттың таңғажайып туындысы – жапырақшасы 12-15 см жететін Грейг қызғалдағы және қызыл кітапқа жазылған басқа да көптеген өсімдіктер өседі.
Республиканың өсімдіктер дүниесінде шаруашылық тұрғысынан алғанда өсімдіктердің: тағамдық, дәрілік, тері илейтін, хош иісті, бояғыш, жабайы өсетін витаминді жүздеген түрлері бар.
Қазақстанның негізгі ландшафттық бейнесі – дала мен шөл. Дала мен шөл өсімдіктерінің бәрі дерлік ксерофильді, яғни қуаң климат жағдайында өсуге бейімделген. өзен бойындағы ылғалды алқаптар мен ойпаңдарда түрлі шөптер өмеді. Биік таулы жоталарда өсімдіктер неғұрлым сан алуан. Биік тау алқаптарындағы шалғындар орман белдеуінен жоғарырақ орналасқан.
Қазақстанда орман өте аз. Ол республика аймағының шамамен 3 пайызын алып жатыр. Республиканың солтүстігінде жекелеген көктерек-қайың және қарағай ормандары бар. Негізгі орман алқаптары Алтайда, Жоңғар Алатауында және Тянь-Шаньның шығыс бөлігінде биік тауларда шоғырланған.
Жануарлар дүниесі
Қарама-қайшылық өлкесі Қазақстанда алуан түрлі жануарлар дүниесі бар. Қар барысы мен ақбөкен, орман аюы мен капий итбалығы, жабайы жылқы – құлан мен қырғауыл, аққу мен қызыл қаз. Қызыл кітапқа олардың 87 түрі жазылған. Республиканың қазіргі жануарлар дүниесінде сүтқоректілердің 172 түрлері, құстардың 490 түрлері, бауырымен жорғалаушылардың 50-ден астам түрлері, балықтардың 100-ден астам түрлері бар. Омыртқасыздар әлемі өте бай: олардың түрлері 40000-нан астам. Шыбын-шіркейлер мен құрт-құмырсқалардың ғана 30 мыңнан астам түрлері бар. Мемлекеттің шөлі мен шөлейттерінде өзіндік өсімдіктер, жануарлар дүниесі бар. Қояндар, түлкілер, қызыл және сұр қасқырлар, ақ бөкендер, бүркіттер, тасбақалар, кесірткелер, басқа да жануарлар мен құстар кездеседі. Республиканың оңтүстігінде жыландар, улы өрмекші тәрізділер: шаян, бүйе, қарақұрт көп. Дала көлдерін суда жүзетін және саз құстарының көптеген түрлері: қаз бен үйректер, тырналар, балшықшылар және т.т. мекендейді.
Қазақстанның жануарлар дүниесінде сондай-ақ жануарлардың бүкіл дүние жүзіне тараған түрлері де жергілікті, яғни үнемі осы жерді мекендеген түрлері де бар. Мысалы, селевиния, Алтайлық сұртышқан, жидковтың жуанқұйрықты қос аяғы және басқалары Қазақстаннан тыс еш жерде кездеспейді.
Достарыңызбен бөлісу: |