Ќазаќстан экологиоясы



бет26/27
Дата19.05.2022
өлшемі465 Kb.
#457603
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Казакстан экологиясы Сейтхожаев

Полигондар
Қазақ даласының 19 млн.гектар жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған, т.б. полигондар. Осы жерлерде 1949-1989 жылдар арасында болған сынақтың 27-сі атмосферада, 183 жер бетінде, қалғаны жер астында жасалды. Қазақстанда 500-ден астам жарылыс жасалған.
Басқа елдерде:
Атом бомбаларын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Ядролық қаруды Херасимо мен Нагасаки қалаларына тастады.
Қазақстанда 1990 жылы сынақ жасалған жерлердің көлемі 16681,1 мың гектар жерді қамтыған.
Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей полигондарды соғыс ракеталарын, т.б. техникалық сынақтарда өткізіліп тұрған. Батыс Қазақстанда 1966-1979 жылдарда 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ған 6,1 мың гектар жерді алып жатыр. Мұндай сынақтар 1968-1970 жылдары үстіртте де жасалған. Сол сияқты ірі полигондарға Тайсойған, Сарышаған, Ташкент-4 сынақ алаңдарымен Байқоңыр ғарыш аймағы да жатады.
Семей, Курчатов
Семей полигонында 1949 жылдан 1989 жылдар аралығында 456 ядролық сынақ өткізілген. Оның 86-сы атмосферада, 30 жер бетінде, 340 жер астында жасалған. 1953 жылдың 12 тамызында алғашқы ядолық, ал 1955 жылдың 22 қарашасында сутегі бомбасының сынақтары өткізілген.
Тіршілік дүниесіне өте зиянды радионуклидтер (стронции-90, цезий-137, плутоний-238, кобальт-90, тритий-3), газ, сұйық және қатты түрінде кездседі. Радиоактивті ыдырау кезінде олар көптеген энергия шығарады.
Қалдықтарды көму.
(Америций, Кюри, Калифорний, т.б) алып, қалғандарын көмген.
1999 жылы 21 тамызды елбасының бұйрығымен Қазақстан жерінде атом қаруын сынау тоқтатылды. Халықаралық деңгейдегі бұл шешім, «Семей-Невада» қоғамдық қозғалысының жемісі болды.


Қала экологиясы
Ірі қалаларда халықтың санының еселеп артуы тұрмыстық комуналдық құрылыстар мен өнеркәсіп, зауыт-фабрикалардың салыну қажеттігін тудырады. Осыған байланысты мұндай қалаларда техникалық және ақаба сулар көптеп жиналады. Қазақстанда жыл сайын шығарылатын ақаба судың көлемі 6 млрд.куб. Қазіргі кезде тұрмыстық ақаба сулардың залалсыздандырылуы үлкен мәселе болып отыр. Осындай қалалардың бірі Алматы қаласы. Алматы қаласының халқы жыл сайын артып. Білім, ғылым және мәдениет аймағына айналуда. Осы уақытқа дейін Алматы қаласының пайдаланылған тұрмыстық коммуналдық суы 70 км жердегі Жаманқұм және Сорбұлақ бөгетіне жиналып, ірі жасанды көлдерге айналған.
Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриясы еселеп артып, адамның табиғатқа әсерінің көлемі өсе түсуде.
Адам баласы әр уақытта табиғатқа белгіщ\лі бір деңгейде әсер етіп келеді. Жабайы жидектер мен жемістер тергенде, немесе жабайы аңдарды аулағанда, немесе егіс үшін алаңдар тазартқан кезде де табиғатқа зиян келтірген. Бірақ ондай зиянды табиғи орта өзін-өзі қалыпқа келтіріп отырған.
ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынсында жаңа сипаттағы жағдай қалыптасты. Бұл табиғи ортаға деген зиянды әсерді күшейтіп, биосферадағы табиғи түрдегі энергия мен зат алмасуды бұзды. Қалалар мен онда тұратын тұрғындар саны тез өседі. 1900 жылы қалаларда 300 миллион адам тұрса, 1950 жылы олардың саны 700 миллионға жетті. 1980 жылы қалаларда 1800 миллион адам тұрса, халықтың жалпы санының қалаларға тиісті бөлігі 20 дан 51,5 пайызға өсті.
Адамзат әруақытта табиғатқа бағынышты болды, оның ресурстарын өз қажеттіліктеріне жұмсады, ал өкінішке орай адамдщарда «бәрін де жеңемінге» саятын, табиғатқа қожайындық ету, оны «бағындыру», үстемдігіне жету қиялы пайда болды. Қалалардың саны мен олардың тұрғындары тез өсуіне байланысты экологиялық жүйеге түсетін ауыртпалық күшейіп келеді.
Қала халқының тығыздығы, әсіресе, Алматы, Қарағанды, Шымкент, т.б. қалаларында бір шаршы километрге 200-ден астам адамнан келіп, экологиялық жағдайдың үнемі нашарлауына себеп болуда.
Ластаушы заттар – газ, сұйық және қатты күйіндегі қалдықтар қоршаған ортаға келіп қосылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет