Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет108/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
153
өмірге келуі кезең сипатын аңғартады. Оған дейін ауылнай болғандары қара танымайтын 
қараңғы адамдар. Қол қоя алғандары қойды, қоя алмағандары бармағын басты. Небір тағдырлар 
солардың қолынан өтті. Байларды тәркілеу солардың шешімімен жасалды. Осы мөрдің астында 
талай адамдар тағдыры кетті. Өш алды, айдатты, соттатты. Өйткені ауылнайдан үлкен тұлға 
жоқ. Қараңғы жұрт оларды пайғамбардан кем санамады. Ал Ақылжан хат таниды, қағаз жаза 
алады, іс жүргізуді біледі. Кезең сыры деп отырғанымыз да осы. 
Жазушы халықтың аштықтан қырылу себептерін қазақ ауылын жайлаған оба індетін 
бұлтарыссыз суреттермен дәлелдейді: «Жаңағы індет шыққан үйге алдымен от тиді. Жанған 
киіздің исі тұншықтырып барады. Бәрі жел жаққа шықты. Керегелердің, уықтардың бытырлағаны 
жанды жаншып, өзекті өртеді. Оттың тілі жалаңдап, жоғары қарай өрлеп барады. Көп кешікпей 
шаңырақ гүрс етіп ортаға түседі. Малыбай бұл қияметті көргісі келмей теріс айналды. Ауызды 
жиып алғанша гүрс еткен дауыс естілді. Құп-қу кереге, уық шатыр-шұтыр жанып жатыр. От өз 
ойранына қуанғандай» [3, 280 б.]. Оқырман сезіміне ауыр тигенмен қазақ халқы бастан кешкен 
кезең шындығы осындай еді. Байларға салық салу кедейлермен аралас жүргізілгені, салық 
алмағандардың қолда бар малын тартып алуы әділетсіздікті көрсетеді. Романдағы малы бар 
Бимендінің ауру кемпіріне, бала-шағасының тамағына бір қойын қимауы да адам бойындағы 
уақыт салған қатыгездікті аңғартады. 
Ең өкініштісі – кедейлерге ара түскен, халық мұңын жоқтаған, жаңа өмірдің жаршысы 
болып жүрген ауыл белсенділері Нарғазы, Жүсіп, Ақылжандардың НКВД-ның үйреншікті 
әдетімен ұсталып, итжеккенге айдалуы. 
Жазушы Ақылжан мен Қайшаның, Жүсіп пен Бәтимәнің махаббатын әсерлі суреттейді. 
Романда негізгі оқиғалардың бел ортасында жүретін Қайша мен Бәтимә – тәркіленген тұқымның 
қыздары да, Ақылжан мен Жүсіп – қарапайым кедей табынан. Жазушы бұл арқылы халықты 
тапқа бөлгенімен, адал махаббатты тапқа бөлуге болмайтындығын ұқтырады. Яғни бірін-бірі 
шын сүйетіндерге заман қиындығы да кедергі бола алмайтынын, ол сезімнің бәрінен де биік 
екенін әрқилы жағдайлар арнасында көрсетеді. Жанкешті адал жандар тағдыры әдемі сюжетпен 
өрілген.
Әлеуметтік шындықты жазу – заманның рухани тынысын жеткізу болса, өз кезеңінің өзекті 
шындығын қаламгер осындай кезек-кезек толыққанды образдар жасау арқылы аша білген. 
Роман соңында Дәмелі ана мен Қайша итжеккенге айдалған Ақылжанды іздеп жолға 
шығады. Поезда келе жатып Дәмелі түс көреді. Түсінде бақыл болған анасы екеуі жұмақ қаланы 
аралап жүр екен дейді. Онда Жүсіп пен Бәтимә, Самұрыққа мінген Нарғазы, егін мұхитындағы 
Малыбай, халық көп жиналған сәнді алаңда атпен жүрген Ақылжан мен Қайшаны көреді. 
Арайлап атып келе жатқан аппақ күн. Бұл тамашаға ауызының суы құрып қарап тұрғанда анасы 
«енді Аңдар ауылын көр», – дейді. 
Аңдар ауылында өткір көзін жұмған арыстан қатты шабаланып тұр екен дейді. Қанжардай 
сояу-сояу тістерін ақситып, айдаһардай күркірейді. Ашулы арыстан темір тордан жан-жағына 
қарап айбат шегеді де, өз терісін өзі сыпыра бастайды. Бір кезде құйрығын басып қалып, өз 
құйрығына өзі шырматылып өледі. 
Жазушы екі көріністі қатар суреттеу арқылы екі кезең бейнесін береді. Ойлы оқырман 
жұмақ қаланың – азат Қазақстан, аңдар ауылының – Кеңес Одағы екенін айтпай-ақ ұғады. 
Жазушы шеберлігі де сол, түбінде қазақ елі өз алдына дербес тәуелсіз мемлекет болады деген 
ойды осылайша астарлап жеткізуінде. Мұнан қаламгердің көркем қиялының қуаты, топшылау 
мүмкіндігі мол екендігін көреміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет