Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет107/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   225
Память во имя будущего

АШАРШЫЛЫҚ ТАҚЫРЫБЫ
З.Н. Ермағанбетова,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
аға оқытушысы, филология ғ.к.
Қызылорда қ., Қазақстан
Нәубат жылдары байтақ қазақ жерінен қалың қауым ауыл аймағымен, бала-шағасымен 
артынып-тартынып беті ауған жаққа, бір шеті Қиыр Шығыс пен Сібірге дейін бытырай көшті. 
Қолындағы бар асылын саудаға салып, тіршілік үшін, бір үзім нан үшін тентіреп кеткені белгілі. 
Тағдыр тәлкегіне ұшырағанмен өзгеге еш кінәсі жоқ қаншама адам мезгілсіз ажал тырнағына 
ілігіп, халықтың қатары қатты селдіреді. Отызыншы жылдардың жұртты күйзелтіп, сілікпесін 
шығарған өзге де сан-сорақы көріністері болды. Ашаршылық пен ластық араласа келіп, адамдар 
арасында әртүрлі індетті көбейтті. 
Демограф ғалымдар 1932-33 жылдардағы асыра сілтеу мен ашаршылық қырғыны қазақ 
жұртының 2 млн 22 мың адамды жұтқанын дәйектеп, бұл жиырмасыншы ғасырдың ішіндегі 
ең зұлмат трагедия болғанын ашынып айта бастады [1, 20 б.]. Бұл нәубәттің көзі – Голощекин 
секілді солақай сойқан басшының өлкеде жаппай ұйымдастыру саясатын нақты жағдаймен 
санаспай, әсіре белсенділікпен «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» дейтін ұранын 
жүзеге асыруында еді. Көшпелі қазақтың малын, барын зорлықпен талап алып, жерінен, елінен 
безіп, қаңғуға мәжбүр еткен өрескел өктемдігін тарих шындығы айғақтап берді. 
Әдебиет саласында да кезең шындығын көркем бейнелеген туындылар дүниеге келді. 
С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай», С.Елубаевтың «Ақ боз үй», Т.Әлімқұловтың «Қаратау» 
повесі, С.Сматаевтың «Елім-ай» романдары осы кезең шындығын бейнелеген көркем 
туындылар. 
Тарихи тақырыпты жазу, өткен кезең шындығын реалистік тұрғыда бейнелеп жеткізу 
қаламгерден білімділікті, шеберлікті, сондай-ақ аса жауапкершілікті талап етеді. Жазушы 
Кәкімжан Қазыбаев «Сұрапыл» романын жазуға көп дайындықпен келген. «Сұрапыл» –
отызыншы жылдардағы ашаршылықты ашына әшкерелеп, кең ауқымда көрсеткен қазақ 
топырағындағы алғаш туындылардың бірі десек қателеспейміз. Мұнда бір әулеттің тағдыры 
арқылы сталиндік репрессия кезеңінің ащы шындығы көркем бейнеленеді. 
Кез келген қоғамның белгілі бір тарихи дәуірдің көркем бейнесін шынайы жеткізуде 
алдымен сол кезеңде өмір сүріп, тағдыр кешкен адамдардың тыныс-тіршілігін терең суреттеу 
қажеттігі туралы ф.ғ.д, профессор Ж.Дәдебаев: «Суреткер өз шығармасында не жайлы, қандай 
өмір шындығы жайлы ой толғағанда да басты шындықты адам образы арқылы ғана ашып береді, 
тек сол арқылы ғана бейнелеп, дәуір тынысын таныта алады. Өйткені, көркем шығармаға өзек 
болатын өмір де, ол өмірдің шындығы да адамдікі, адам өмірінің шындығы» [2, 156 б.], – деп 
атап көрсетеді. Осы тұрғыдан келсек, адамдар тағдыры арқылы танылатын кезең шындығы 
К.Қазыбаев шығармасында да әрқилы, қалың оқиғалар аясында көрініс табады. 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
152
Нақтырақ айтсақ, қаламгер тарих шеңберіндегі ел басынан өткен ауыр кезеңнің шындығына 
терең бойлаған. Ол – қазақ халқының тағдырына мәңгі жазылмайтын жара алып келген 
отызыншы жылдар шындығы. Ашаршылық, жоқшылық – осының бәрі ауыл адамдарының 
қиюы қашып тұрған тіршілігін ауырлата түседі. Мұның өзі романда нақты оқиғалар арқылы 
бейнеленеді. 
Жазушы сол кезеңде ғұмыр кешкен, өмір соққысына төтеп бере алған бірнеше кейіпкердің 
тағдырына барлау жасайды. Ер қайратты Дәмелі, оның жолдасы Малыбай, Дәмелінің бауыры 
Нарғазы, жас та болса ел басқарған ауылнай Ақылжан, оның жары мұғалім Қайша. 
Бозбала Ақылжан – осы оқиғалардың ортасында әрекет ететін кейіпкердің бірі. Айнала 
қоршаған орта, адамдар әрқилы мінез-құлқымен, әрекет-тіршілігімен балаға әртүрлі әсер 
қалдырады. Қатал, қатыгез өмірдің ауыртпашылықтары жас баланы тез есейтіп, ес жидырады. 
Роман оқиғасымен таныса отырып, қазақ жұртының әлеуметтік-тұрмыстық бейнесінің қандай 
болғанына көз жеткізесің. Онда төбе шашың тік тұрып, тұла бойың түршігетін неше түрлі 
оқиғалар суреттелген. Асыра сілтеу әсерінен тіршілік көзі – малдан айрылған жұрт ашаршылыққа 
ұшырап, қолына не түссе соны қорек етіп, тіпті тышқан жеуге, жас сәбиді өлтіріп, қазанға сап 
асуға дейін барған. Асырай алмай балалар үйіне өткізілген Ваня, Таня, Петя, Вера боп жазылып 
кеткен сәбилер тағдыры романда әсерлі суреттелген. Күні бүгінге дейін перзенттерін іздеп таба 
алмай жүрген ата-аналар қаншама?
Қазақ даласында Голощекин саясаты қалай жүзеге асты, халықтың сол кездегі әлеуметтік-
экономикалық жағдайы қандай еді? – деген сұрақтарға шығарманы оқи отырып жауап таба 
аласың. 
Компеске науқанына байланысты сырт жерге қашып жан сауғалап жүрген адамдар, 
Шатырбай ауылының Қытайға асуы, бір күнде Бимендінің үш отар қой, бір үйір жылқы, үш 
баласымен арғы бетке өтпекші боп із-түссіз кетуі, қара танымайтын Анарбай төрағаның «ескінің 
қалдығы» деп киіз үйді өртеуі, ашынғандардың «өкімет маған да жоқ, саған да жоқ» деп талай 
малдарын жайратып салуы оқырманды бей-жай қалдырмайды.
Қатыгез уақытты, соған орай мейірімсіз адамдар әрекетін мезгіл шындығымен сабақтастыра 
суреттеген тұстарда автор қара бояуды көбірек жағып жібергендей болады. Өйткені романда 
суреттелген уақыт бейнесі сол кезеңнің айна қатесіз шындығы еді. Қаламгер ақиқатты 
бұрмаламай қайта соған жүгінген. Шығармадағы суреттелген оқиғалар ойдан шығарылмаған. 
Ондағы кейіпкерлер өмірде болған, солардың басынан кешкен тағдыр талайы. 
«Қуырған бидай, ақталған сұлы дәні, шәйдің бар жөні осы ғана. Дегенмен шөлдеп 
келген Малыбай қара шайдың өзін біраз ішуге ыңғай білдірді. Қайшаның әңгімесін одан әрі 
жалғастыруын күтті. 
Сұмдығы басқада. Шеттеу бір үйге келсек түндік есік түп-түгел жабық. Тірі пенде иісі 
сезілмейді. Тобымызбен ішке кірдік. Кемпір-шал жүктің түбінде отырған күйінде қалыпты. 
Отыздарға әлі жетпеген келіншек қан-қан, етбетінен есікке ұмтыла құлаған сияқты. Сол 
шамалас, бірақ сақал-мұрты әбден өсіп жүдеген жас жігіт қолында шөміші бар оты сөнген 
қазан-ошақтың түбінде серейіп жатыр. Қақпақты алып қалғанда бәріміз шалқамыздан құладық. 
Қазан ішінде Амангүлдей жас сәби» [3, 266 б.] 
Бұл үзінді ашаршылық жылдарында халық тұрмысында кездескен бір ғана жағдайды 
көз алдыңа әкеледі. Өте сорақы, өте аянышты жағдай. Адамды адамдықтан ада еткізген сол 
кезеңнің ащы да болса шындығы. Мұны автор елдің жүдеу тұрмысын көріп, қаппен астық 
таратып жүрген Ақылжан ауылнайға сүзеген молданың айтқан «Алланың ісі емес, адамның ісі 
ғой» деген сөздері арқылы жеткізеді. 
Жас болса да жаңа өмірдің жүгін мойнына алған Ақылжан біраз дүниені бастан кешеді. 
Лепірбайдың аяқ-асты түрмесін, Анарбайдың арандатуын, өкіметтің оқуын, одан қуылғанын, 
Қайшаның қасіретті тағдырын көреді. Өмірден түйгендері, көргендері бар. Анарбай – қағазға қол 
қояры бар болыс. Ақылжан – оқып жаза алатын, сауатты болыс. Ақылжан секілді жас болыстың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет