«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
148
өлеңдерін жариялап алғаш рет танымал ақын атанды. Редакция қызметкерлері қазақтың мәдени
мұраларын қорғауға белсене қатысып, қырық түйеге тиеген ел ішінен халықтық дастандар мен
тарихи жырларды жинастырған. Өкінішке орай олардың көпшілігі басылым көре алмай, қазір
шаң басып Өзбекстан мұрағаттарында жатыр [8, 47 б.]. Иса Тоқтыбаевтың өзі баспа беттерінде
негізінен «Балықшы» немесе жәй «Тоқтыбаев» деп қол қойып әңгімелер, очерктер жаза бастады.
Иса Тоқтыбаев 1920 жылдан бастап Түркістан республикасының жоғарғы партия, кеңес
органдарының және халық ағарту комиссариаты коллегиясына мүше болып сайланып отырды.
Бұл жұмыстарды ол 1924 жылдың аяғына дейін, яғни Түркістан республикасы таратылып,
«Ақжол» газеті Сырдария губерниялық партия комиеті мен кеңес атқару комитетінің органы
болғанға дейін істеді. Ташкенттік газеттер мен журналдарының қызметіндегі қиындықтарға
қарамастан, ол аз уақытта Түркістан өлкесінде кеңес үкіметінің қалыптасуына еңбек сіңіріп,
халықты білім алуға шақырды. Иса Тоқтыбаевтың осы қиын жылдарда баспа саласындағы қызу
қызметі үшін 1924 жылы өлке коммунистері оны Р \б\ КП ХІІ съезінің делегаты етіп сайлады.
Кеңес өкіметі 1925 жылы оны Қызылорда уезі оқу бөлімінің меңгерушісі қызметіне жіберді
[2]. Сол кездегі үкіметтің тапсыруымен Қызылорда қаласында алғашқы қазақ драмалық
театрын және қазақ халқының мәдени өмірінде елеулі оқиға болған «Еңлік-Кебек» қойылымын
ұйымдастырды. Қазақстан астанасы Орынбордан Қызылорда қаласына көшіп келгеннен кейін,
республикалық оқу комиссариаты оны Орынбор қаласындағы халық ағарту институтына және
оның жанындағы жұмысшы факультетіне (рабфак) директор етіп жіберді.
1926 жылы бұл жерлерден кетуге мәжбүр болып, Семейден шығатын «Қазақ тілі
газетінің редакторы қызметіне тағайындалды. 1929 жылы Алматыға барып, Қазақстан оқу
комиссариатында аз уақып қызмет істегеннен кейін, Исаны өлкелік партия комитеті Ленинград
қаласындағы аспирантураға оқуға жіберді. Иса бұл оқуды да өте жоғары бағамен бітіріп,
Ленинград обкомының ұйғарымы бойынша сондағы Шығыс елдері институтының директоры,
әрі бүкілодақтық Толмачев атындағы саяси-соғыс академияда сабақ беріп, Ленинградтағы
мемлекеттік этнография мұражайының меңгерушісі болды [8, 48 б.].
Иса Тоқтыбаев 1926 жылдан кейін, Орта Азия мен Қазақстанның саяси және мәдени
өміріне тікелей араласпағанымен, милиондаған адамдарды аштықтан қырған Голощекинге
қарсы шығып, 1929 жылы оның зұлымдықтары жайлы Сталинге хат жазды. Иса Тоқтыбаевтың
осы әрекеті үшін Голощекин оны құртып жіберуге талпынғанымен, сол кездегі көрнекті партия
қайраткерлері В.В. Куйбышев пен С.М. Кировтің көмегі арқылы аман қалды [8, 49-50 бб.].
Ол Мұстафа Шоқайдың замандасы болғаны үшін де қасіреттің азабын тартты. 1933 жылы 23
тамызда Ленинградта тұтқынға алынып, мәжбүрлегенде М. Шоқайды көргенін мойындаған.
Егемен Қазақстан газетінде жарияланған зерттеуші Әмірхан Бәкірұлының (Ұлттық Қауапсіздік
комитетінің полковнигі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі) дерегінде тергеушілердің
неше түрлі құйтырқы әреткеттері баяндалып, Қазақстанда 1930-1933 жылдары ұлтшыл-
контрреволюциялық ұйым жұмыс істегені келтірілді. Оның «Түркі халық партиясы» деген
бөлігін Мұстанбаев, Мәскеудегі қазақ студент жастар тобын Тоғжанов пен Есқараев, «Егемен
Түркістан мемлекеті» деп аталатын антикеңестік ұйымды А.Бірімжанов пен М. Шоқай басқарған
туралы айтылды. Сонымен қатар, Орынборда Қаржаубаев, Ленинградта Иса Тоқтыбаев
жетекшілік еткен ұлтшылдық бағыттағы орталық жұмыс жасағандығы баяндалды. Сонымен
бірге Иса Тоқтыбаевқа Қазақтардың Қазақстаннан тыс елдерге көшуін ұйымдастырдың деп
те жала жабады. Иса Тоқтыбаев тергеушілердің азаптауы барысында 1917 жылы Ташкентте
біреудің жеке үйінде Мұстафа Шоқайды кездестіргенде, оның жанында Сұлтанбек Қожанов
және Гүлсім Асфендиярова болғанын айтқан [23]. Содан Мұстафа Шоқаймен байланысы бар
деген желеумен 1934 жылдың 29 наурызында «Революцияға қарсы ұлтшылдық орталықтың»
басшысы ретінде РКФСР ҚК 58-7, 58-10, 58-11 баптары бойынша 10 жылға сотталып, Қарлагтің
Бөзшакөл учаскесінде айдауда болды. 04693 іс бойынша Иса Тоқтыбаев Ленинградттық қазақ
студенттерінің контрреволюциялық тобына басшылық жасап, бірыңғай жасырын орталық
|