Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет143/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
207
бойынша 8 ғана әйел колхоз басқармасында төраға болса, 1943 жылы олардың қатары 17-ге 
көбейді. Төраға орынбасарлары болып 37 әйел, егіс бригадирі болып 86 әйел жұмыс істеді. Арал 
ауданында колхоз басқарма мүшелерінің 42, звено мүшелерінің 48, өндірістегі жұмысшылардың 
50 пайызы әйелдер еді. 
1944 жылы облыс бойынша колхоз төрағаларының 6 пайызы, звено жетекшілерінің 43 
пайызы, ферма меңгерушілерінің 20 пайызы әйелдер болды. Тіпті көптеген колхоздардың 
барлық басшылары әйелдер болғандығы, олардың өте жоғары көрсеткішке жеткен кездері аз 
емес. 
Соғыс жылдарында Сырдария ауданындағы «Кооператор» колхозының звено жетекшісі 
Алтынкүл Дәуітбаева 20 гектар күріштігінің әрбір гектарынан 40 центнерден өнім жинады. 
Сөйтіп ол звено жетекшілерінің социалистік жарысында ауданда бірінші орын алды. Үкіметіміз 
Дәуітбаеваның бұл еңбегін жоғары бағалап, 1945 жылы оны «Еңбек Қызыл Ту» орденімен 
марпаттады. Сол сияқты Тереңөзек ауданы «Қызыл диқан» колхозының звено жетекшісі 
Қаныгүл Қалабаева 10 гектар күріштік алқаптың әрбір гектарынан 180 пұттан астық жинап, 
облыс бойынша жоғары көрсеткішке жетті [ҚОММ, 283-қор, 1-т., 155-іс, 89 п.].
Қармақшы ауданындағы «Ақбел» колхозы ұзақ уақыттар бойы артта қалған шаруашылық 
болып есептеліп келді. Соғыс жылдарында бұл колхозға Тлеубаева төраға болып сайланғаннан 
кейін шаруашылықтың жағдайы жақсарып, қысқа мерзімнің ішінде облыстағы озат колхоз 
қатарына көтерілді. Тлеубаева облыстық Кеңеске депутат болып сайланды. Оның қажымас 
қайраты, іскерлігі сол кезде көпшілікті таңдандырды. 
Қазалы ауданы «Октябрь» колхозының әйелдері күріш жинауды ең қысқа мерзімде аяқтау 
жайында жақсы бастама көтерді. Олар өздерінің Үндеуінде былай деп жазды: «Біздің колхозда 
жұмыс қолының 75 пайызы әйелдер. Біз өзіміз үшін де, кеңестік еліміздің бостандығы мен 
бақытын қорғап қалу үшін майданға аттанған балаларымызбен, аға-інілеріміз, күйеуіміз 
үшін де еңбек етеміз. Колхоз төрағасы Зияда Қалиеваның аудан бойынша мемлекетке астық 
тапсыруды мерзімінен бұрын орындап шығып, мол өнім жинадық. Біз сіздердің барлығыңызды 
өздеріңіздің табысты еңбектеріңізбен Қызыл Армияның тасқынды шабуылына лайықты үлес 
қосуға шақырамыз» [ҚОММ, 283-қор, 1-т. 160 іс, 15-п.].
Арал ауданы «Тастүбек» колхозының балықшы әйелдері барлық балық аулайтын колхоздың 
колхозшыларына Үндеу тастап, 1944 жылдың алғашқы тоқсандық жоспарын мерзімінен бұрын 
орындауға шақырды. Олар бірінші тоқсанда 1380 пұт балық тапсыруды межелеп отырғанын, 
колхозшы әйелдерді аулау құралдарын ұтымды пайдалануға, стахановшылардың қатарын 
көбейтуге шақырды. 
Облыс әйелдері еліміздің мықты қорғаныс қорын жасауға барынша белсанді түрде көмек 
көрсетті. Олар эвакуацияға келген балаларды өздерінің қанатының астына алып, олардың 
қаза тапқан әке-шешелерінің орнын басып туған ата-анасындай қамқорлық көрсетті. Осы 
жылдары облысымызда 611 әйел жергілікті Кеңестің депутаттығына, үш әйел Қазақ КСР 
Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланды. Қаншама аналарымыздың кеудесінде «1941-1945 
жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалі жарқырады [ҚОММ, 283-қор. 
1-т., 168-іс, 33-п.].
Бір қуанарлығы, қазіргі таңда еңбек майданында есімі елеулі болған тұлғалар туралы 
деректер облыстық музей қорында сақтаулы. Айта кетер болсақ, Еңбек Қызыл Ту орденінің 
иегері, тыл ардагері Алтынкүл Дәуітбаева өзінің көзі тірісінде осыдан 35 жыл бұрын музей 
қызметкерлеріне қолындағы құжаттары мен наградаларын өткізсе, Жаңақорған ауданы Екпінді 
ауылында дүниеге келген Қалипа Түлкібаеваның да наградалары музей қорын толықтырды. 
[ҚОТӨМ, түсім кітабы №5, КЗМКП 3946; №7, КЗМКП 4428] 
Сонымен қатар соғыс жылдары Жосалы механикалық заводының токарі Дәмегүл 
Желдербаеваның құжаттары музейдің мемлекеттік кітабына тіркелді. Қазіргі таңда жоғарыда 
аталған есімі елеулі тұлғаларымыздың фотосуреттері мен құжаттары «Қызылорда облысы 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
208
Екінші Дүниежүзілік соғысы жылдарында» атты залының экспозициясында орын алып отыр 
[ҚОТӨМ, түсім кітабы №1, КЗМКП 1374].
Бұл, сұрапыл соғыс жылдарында тылда еңбек еткен облыс әйелдері халқымызға тән 
төзімділік пен қайсарлық, парасаттылықтың үлгісін көрсетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет