Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет145/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
210
атақты стахановшы Әкімова жолдастың звеносы өткен жылдағы көрсеткіштерінен күннен күнге 
асып түсіп келеді, бұл колхозымыздағы жаңа арттырылған нормаларға негізі болып отыр» – 
делінген. Колхозшылар: «Біз өзіміздің егіс даламызда және өзіміздің фермаларымызда едәуір 
табыстарға жеттік. Бірақ жауды талқандау үшін еліміз барлық күшін жұмсап отырған қазіргі 
кезде бұл табыстар бізді қанағаттандыра алмайды. Біз гвардеецтерше жұмыс ететін болғымыз 
келді, барлық учаскілерде, барлық бригадалар мен барлық звеноларда тыл гвардеецтеріне 
лайықты майдандық мол өнім алатындай болып еңбек еткіміз келеді. Біздің қолымызда тамаша 
құрал бар, ол социалистік жарыс. Ол жауынгерлік рухты көтереді, егісті үлгілі түрде баптауға, 
мал шаруашылығы жөнінде жаңа рекордтар жасауға жұмылдырылды. Біздің колхозымыздың 
Әкімова, Жұманова, Абылханова, Нарботаева, Есембаева, Ерназарова, Шолпанбаева және 
Үсіпалиева жолдастар бастаған 8 звеносы бар әрбір гектардан кемінде мың центнер қант 
қызылшасын алу үшін жарысқа түсті.
Алдыңғы қатарлылардың үлгісін қолдана отырып, біздің бәрімізде бір адамдай болып 
майдандық ағыл – тегіл мол өнім үшін социалистік жарысқа шығамыз», – дей келе мынадай 
берік уәде берген:
1. Әрбір гектардан өнімді өткен жылдағыдан 100 центнер арттырып, кемінде 500 центнер 
қант қызылшасын аламыз, сөйтіп, елімізге және майданға жоспардан тыс – 3500 центнерден аса 
қант береміз. 
2. Қызылша алқабын баптап, күту жөніндегі агротехникалық талаптардың бәрін мүлткісіз 
орындап отырмыз, жекелеуді 10 күн ішінде аяқтаймыз, егісті күтіп баптаудың бүкіл бойында 
ең кемінде 3 рет қоректендіріп, 8 рет суарып, 6 рет топырағын терең жұмтартамыз, қызылша 
жинау басталғанға дейін әрбір гектарда кемінде 110 мың түп болатын етеміз. 
3. Қызылшаны Октябрь Революциясының 25 жылдығына дейін ысырапсыз жинап алып, 
қант зауытына жаңа өнімді мерзімінен 15 күн бұрын жеткізіп береміз.
4. Дәнді егіннің әрбір гектарынан жоспарда көрсетілген мөлшерден 3 центнер артық өнім 
аламыз. 
5. Майдандық егін өнім үшін күресті мал шаруашылығын өркендетудің мемлекеттік 
жоспарынан асыра орындау үшін күреспен ұштастыра отырып, туатын әрбір 100 малдан 
120 қозы, 135 лақ өсіреміз, әрбір қойдан 2,8 килограммнан жүн қырқамыз, жемдеудегі әрбір 
сиырдан кемінде 1300 литр сүт сауамыз, пішен жинауды 20 жұмыс күнінде аяқтап, 150 тонна 
қызылша жапырағын сүрлейміз. 
6. Октябрь Революциясының 25 жылдығына мемлекет алдындағы өзіміздің міндетті түрде 
тапсырған борышымыздың барлық түрін де орындап шығамыз. Колхозшылар мен колхозшы 
әйелдерге мол өнім үшін күрес Ұлы Отан Соғысы күндерінде колхоздың барлық күштерін 
жұмсауды талап ететін мемлекеттік үлкен іс. Әрбір колхоздың абыроймен орындайтын борышы 
Отанның үлкен сенімін ақтау, 1942 жылды неміс-фашист әскерлерін біржолата талқандап 
шығатын және кеңес жерін гитлершіл сұрқиялардан азат ететін жыл ету үшін керекті нәрсенің 
бәрін де істеу болып табылады. 
Қабылданған резолюция: «Жолдастар! Октябрь Революциясының 25 жылдығы құрметіне 
социалистік жарысқа шығыңдар! Майданның талаптарынан, еліміздің талаптарынан туатын 
жаңа, көлемі ұлғайтылған міндеттемелер алыңыздар! Даңқты жылдықты гвардеецтік істермен 
қарсы алатын болыңыздар!
Социалистік Револючияның Ұлы жеңістерін ерлікпен қорғап жатқан батыр жауынгерлер 
жасасын!!!
Фашист басқыншыларды жеңуді ұйымдастырушы Сталин жолдас жасасын!!!» ұрандарымен 
бекітілген [4]. 
Әрине қабылданған жоспарлардың толық орындалғанына күмән болмаса керек. Осылайша 
өздері ашқұрсақ жүріп жеңісті жақындатуға жанын салған тыл майдангерлерінің ерен еңбектері 
ары қарай жалғаса берген еді. «Жауынгерлерге жылы киімді мол беріп, майданға көмектес!» 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
211
ұранына үн қосқан жамбылдықтар өздері жыртық шапанмен жүрсе де, Қызыл Армияны қысқы 
жылы киіммен қамтамасыз ету істерін күн санап өрістету үстінде болды. Осы мақсатта 50 
жастағы малшы Жексембаев қарт 1 үлкен тон берсе, Салайдақ Василий жолдас 1 жұп пима, 1 
жұп қолғап, 1 фуфайка берген. Мұндай мысалдар әрине көп болды. Көп түкірсе көл емес пе?! 
Нәтижесінде 1941-1942 жылдардағы қыстың өзінде жамбылдықтар Қызыл Армия үшін мал 
өнімінен тігілген, тоқылған 150 мың дана жылы киім жіберді. Олардың арасында 8760 данасы 
шолақ тон, 8700 жұп киіз етік, 5060 тері қолғап, 2970 жұп жүннен тоқылған жылы қолғап, 8250 
жұп жылы тері кеудеше болды [5]. 
Халықты соғыс жағдайына мобилизациялаудың тағы бір түрі мемлекеттік соғыс заемына 
жаздыру арқылы жүрді. «Фашизмді тез жеңу үшін халқымыз өз Отанынан ешнәрсе аямақ емес. 
Малымыз, керек болса жанымыз Отан үшін! Міне бұл халық ұраны. Бүгіннен бастап еліміздің 
барлық жерінде 1942 жылғы мемлекеттік соғыс заемін тарату ісі қызу жүрді. Ауданымыздың 
еңбекшілері және мені депутаттыққа сайлаған жолдастар біріміз қалмай заемға жазылайық. 
Отанымыздың басына қауіп төніп тұрған кездерде заемға көп сомаға тез жазылу әрбір азаматтың 
Отан алдындағы патриоттық борышы. Біздер Ұлы Отан соғысы басталғалы өзіміздің бақытты 
тұрмысымыздың келешегі майдан керегін қамтамасыз етіп отырамыз. Бүгінгі заем таратуда 
да Отанымызға, үкіметімізге, большевиктер партиясына шексіз берілгендігімізді тағы да іс 
жүзінде көрсетуіміз керек. Біздер заем жазу арқылы елімізге қарызға берген ақшамыз тек жауды 
жеңу үшін жұмсалатынын бір минут естен шығармайық. Отанымызға берген әрбір тиын жауды 
жеңудің кепілі», – деп облыс халқына үндеу жолдаған. Жамбыл облыстық кеңесінің депутаты 
Майтай Тынбаеваны қолдаушылардың көп болғандығы тарихтан белгілі. Нәтижесінде облыс 
еңбеккерлері 73 562 мың сомның мемлекеттік соғыс заемын сатып алған еді [6]. 
Өнегелі істің өнбегі жастардан десек, осындай елдіктің де, ерліктің де сыналар тұсында 
олардың биіктен көрінгендігі белгілі. Облысымыздағы көпетеген жастар еңбектің тамаша 
үлгілерін көрсетті. Мәселен, Свердлов (Байзақ) ауданының «Дихан» колхозы дәнді егіс 
жоспарын ауданда бірінші болып орындаған. Мұндағы комсомол мүшесі Есеналиев ХТЗ 
тракторымен күніне 9 гектардан жер жыртып, күндік тапсырмасын 1,5 еседен асыра орындап 
отырған. Жас соқашылар Ілебаев пен Иманбаевтар да күніне 2 адамның жұмысын атқарған. 
Осылайша ерен еңбектерімен көзге түскен тыл майдангерлерін Отаны да құрметтеді. 
Сондықтан да болар, соғыс уақытының жағдайларында астық дайындау жұмысы жауды жеңіп 
шығу үшін ерекше орын алатындағын және оның маңызы майдандық жұмыспен бәрдей екендігін 
ескере отырып КСРО Жоғарғы Кеңесі Төрағасының Бұйрығына сәйкес, 1944 жылғы астық 
дайындаудың мемлекеттік жоспарын ойдағыдай орындағаны үшін Жамбыл облысы бойынша: 
«Отан соғысының І-дәрежелі» орденімен ҚК(б)П Шу аудандық комитетінің бірінші хатшысы 
Абдрахманов Мырзағали, ҚК(б)П Талас аудандық комитетінің бірінші хатшысы Жайылбеков 
Шортанбай, «Отан соғысының ІІ-дәрежелі» орденімен Дайындау Халық Комиссариатының 
Талас ауданындағы өкілі Арыстанов Хамит, Еңбекшілер депутаттарының Жамбыл аудандық 
Кеңесі аткомының төрағасы Жылқыбаев Осман, ҚК(б)П Краснагор аудандық комитетінің 
бірінші хатшысы Исмайылов Әзімбек, Еңбекшілер депутаттарының Жамбыл облыстық 
Кеңесі аткомының төрағасы Қалкенов Шамухан, Еңбекшілер депутаттарының Красногор 
аудандық Кеңесі аткомының төрағасы Халықов Шаяхмет және тағы да бір топ тылдағы еңбекті 
ұйымдастырушылар марапатталды. Әрине, басқаларының да құралақан қалмағаны белгілі. 
Осындай іс-шаралар Ұлы Жеңістің 72 жылдығы мерекесіне орай, бүгінгі күні де өз жалғасын 
тауып отыр. Жауды жеңуде тыл майданында ерен еңбектерімен ел құрметіне бөленген 
ардагерлерімізді қалай ұлықтасақ та жарасымды болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет