«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
205
7. ГА КО, ф.268, оп.1, д.156
8. Там же, д.448
9. Козыбаев М.К. Казахстан-арсенал фронта. – Алма-Ата: Казахстан. 1970. – 470 с.
10. АП РК, ф.725, оп.4, д.117.
11. ГА ГК, ф.13, оп.1, д.209
12. ГА КО, ф.779, оп.1, д.223
13. ГА ГК, ф.13, оп.1, д.178
14. там же, оп.3, д.54
15. Черныш П.М. Очерки истории Кустанайской области. – Кустанай. – 1995. – 276 с.
16. ГА СКО. Ф.1189, оп.1, д.178.
17. Каймолдин С.К. Советы Казахстана в годы Великой Отечественной войны. – Алма-Ата,
1969. – 241 с.
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА ТЫЛДА ЕҢБЕК ЕТКЕН ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ РӨЛІ МЕН АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТІ
(АРХИВ ЖӘНЕ МУЗЕЙ ҚОРЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДАР НЕГІЗІНДЕ)
Е.Баймурзаева,
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі
Қызылорда қ., Қазақстан
Мұрағат құжаттарын ақтара отырып, Сыр елі еңбеккер әйелдерінің шаруашылықтың қай
саласында болмасын ерен еңбектерімен көзге түскеніне куә боласың. Көктемгі егісті орындау,
егіннен мол өнім алу, малды қыстан аман алып шығу, мал төлдету науқанын үлгілі өткізу,
өнеркәсіпте
жоспарды артығымен орындау, поездардың кідіріссіз, кестесімен жүріп-тұруын
қамтамасыз ету, сауатсыздықты жою – облыс әйелдерінің атқарған жұмыстарының бір парасы
ғана.
1941 жылы қазанда қалалық пионерлер үйінде Қызылорда еңбекші әйелдерінің фашизмге
қарсы митингісі болды. Митингіде майданның негізгі тірегі – тылдағы еңбекті күшейту,
колхоздарға көмекке баруға шақырды.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап әйелдерді әртүрлі мамандыққа үйрету керек деген
жоғарғы жақтың тапсырмасы үлкен қолдауға ие болып, аудандарда көпшілік мамандықтарды
игеруге қысқа мерзімді курстар ашыла бастады. 1941 жылдың маусымынан желтоқсанға дейін
курс бітірген әйелдердің 2357-сі токарь, слесарь, тракторист, шофер, комбайнер болып жұмысқа
орналасты [ҚОММ, «Ленин жолы», 08.03.1975 ж., №45].
Қызылорда қаласы қыздарының бастамасымен ұйымдастырылған ең алғашқы шоферлар
курсында 37 қыз болды. Көп ұзамай бұл бастаманы қуаттаған облыстың 700 қызы комбайндар мен
тракторларды тізгіндеуге аттанды. Олардың ішінен Ұ. Қасымованың (Ақжар МТС-і), Р.Қамбарова
мен Орынбаеваның (Сырдария МТС-і), У.Өмірзақованың (Шиелі МТС-і), Г.Теңізбаеваның
(Аламесек МТС-і), Қ.Кәрімбаеваның, Қ.Түлкібаеваның, Р.Усанованың, М.Нарымбетовалардың
(Жаңақорған МТС-і) есімдері республикаға танылды. Олар трактористердің республикалық
және облыстық жарысында оза шауып, бәйге алған жеңімпаздар еді [ҚОММ, 283-қор 1-т. 82-іс,
35-п.].
Колхоздар мен машина-трактор станцияларында еңбек еткендердің 70-80 % әйелдер болды.
Облыс тракторшыларының 62 %, комбайнерлердің 85 % әйелдер болған. 1942 жылы 40-тан
астам әйелдер Шиелі МТС жанындағы трактор курсында оқыса, Шиелі ауданынан Қызылордада
комбайнерлер курсында 7 колхозшы оқыды. 1944 жылы республикада өткен тракторшы қыздар
жарысында Сұлутөбе машина-сынау станциясының тракторшысы Разахия Қамбарова І-орын
алды.
«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
206
1942 жылы 1 тамызына дейін әйелдерден облыс бойынша 4336
маман еңбеккерлер
дайындалып, олардың 2341-і қазақ әйелдері болды. Партия ұйымдарының ұйымдастыруымен
халық шаруашылығында еңбек ететін әйелдердің саны күрт артты. Өндірісте еңбек ететін әйелдер
1942 жылы 41 пайыздан 1945 жылы 50 пайызға, темір жолда 23 пайыздан 40 пайызға көбейді.
Егер соғысқа дейін Арал ауданының балық колхозында 700 ғана балықшы әйел еңбек етсе,
соғыс жылдарында олардың қатары 1470 адамға жетті. «Жаңа жол», «Тас түбек», «Қазақстан»
колхоздарында балықшы әйелдер 50 пайызға көбейді. Облысымыздың колхоздарында 14 мың
әйел еңбекке араласты. Көптеген колхоздарда еңбек ететін адамдардың 70-80 пайызы әйелдер
болды [ҚОММ, 283-қор. 1-т. 91-іс, 72-п.].
Сонымен қатар, вагон, паровоз жөндеу деполарының жанынан ашылған курсты бітірген 33
әйел жол бойындағы станцияларда жол күзетшісі, аға жол жөндеуші болып жұмыс атқарған.
«Аралсульфат» өндірісінде 223 әйел жұмыс істеді. Олардың қатарында Хакимуллина,
Ержанова, Жолдасова, Жарқылбаева сияқты еңбеккерлер сульфат өндіру жұмысын 150-170
пайызға орындап отырды.
Тереңөзек ауданы «Қызылөзек» колхозындағы Қалтай
Мақашева соғыстың алғашқы
жылындағы астық жинауда өзінің жоспарлы тапсырмасын 250 пайызға дейін орындады.
Сондай-ақ Қармақшы ауданының «Қызыл жұлдыз» колхозының звено жетекшісі Күлипа
Өтегенова да өзінің жоспарлы тапсырмасын екі есеге жуық орындап, аудан бойынша астық
қабылдау пунктіне бірінші болып астық өткізді [ҚОММ, 283-қор, 1-т.].
Соғыс кезінде тылда атқарылған ауқымды жұмыстың бірі канал қазу болды. 1941 жылы
үлкен су магистралы Шиелі каналының екі кезектегі жұмысы жүргізілді. Осы жұмыстың
нәтижесінде аудан колхоздарының егіс көлемі артты, ғасырлар бойы тың жатқан небір шұрайлы
жерлерге егіс бітік шықты. Каналды қазуға 1485 адам тартылды, оның ішінде әйелдердің үлесі
зор.
Қазалы ауданыныдағы канал құрылысы Республикадағы қазылған каналдардың үлкені
болды, ұзындығы 60 шақырымға жуық, 3,5 кубометр топырақ шығарылуы керек болатын.
Канал қазу жұмысында «Бозкөл» колхозынан Аймаханова 5,5, Тасығұлова 25,5 кубометр жер
шауып, ерен еңбектің үлгісін көрсете білді [ҚОММ, «Ленин жолы» газеті, 12.10.1941 ж №241].
1943 жылы майдандағы қазақ жауынгерлеріне жазылған: «Қазақстанның ардақты ұлдары!
Құрметті
балаларымыз, ерлеріміз бен туысқандарымыз! Өздеріңнің туған үйлеріңнен алған
хатты қалай оқысаңдар, бұл хатты да сондай сезіммен оқыңдар...», –
деп басталатын хатта
Жалағаш ауылдық кеңесінің төрағасы, Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің депутаты А.Ізтілеуова,
Қармақшы механика зауытының стахановшысы Қ.Жүзжасарованың да өзіндік қолтаңбасы бар.
«Қазақстан колхозшысы» танктер колоннасын жасауға арнап өз қаржыларын беру
колхозшысы әйелдер арасында кең өріс алды. Соғыс майданынан азық-түлікпен, жылы киіммен
қамтамасыз етуде өз міндеттерін артығымен орындады. «Авангард» колхозы әйелдері 1380 пұт
астықты жоспардан артық тапсырса, «Қасқақұлан» балық колхозының бригадирі Нұржанова
балық аулау жоспарын 129 пайызға артық орындаған.
Әйел-аналарымыздың еңбектегі жетістіктері еленіп, үкімет тарапынан жоғары наградаларға
ие болды. 1943 жылы 22 ақпанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президумы Жарлығымен қоғамдық
мал шаруашылығын өркендету мен нығайтуда үздік табысқа жеткені үшін грамота және бағалы
сыйлықпен Арал ауданы Куйбышев атындағы колхоздың
комсомол ұйымының секретары
Қ.Дәріғұлова, Шиелі ауданы «Қызылту» колхозының сауыншысы Н.Қаржауова марапатталды
[ҚОММ, «Ленин жолы» газеті, 25.12.1941 ж. №304].
1941 жылы Бүкілодақтық ауылшаруашылығы көрмесіне Жалағаш ауданы «Жасқайрат»
колхозынан З.Төретаева, Сырдария ауданы «Бірлестік» колхозынан Ұ.Ембергенова қатысты.
Облыстық және аудандық партия комитеттері әйелдердің басшылық жұмысқа тартылуына,
олардың Отанымызға қауіп төніп тұрған қатерлі уақытта колхоздар мен бригадаларды, мал
шаруашылығы фермаларын басқаруына назар аударды. Егер соғысқа дейін облысымыз