«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
209
1941-1942 жылдардағы қыстың өзінде жамбылдықтар Қызыл Армия үшін мал өнімінен
тігілген, тоқылған 150 мың дана жылы киім жіберді. Олардың арасында 8760 данасы шолақ тон,
8700 жұп киіз етік, 5060 тері қолғап, 2970 жұп жүннен тоқылған жылы қолғап, 8250 жұп жылы
тері кеудеше болды. Ал Жамбыл қаласының еңбекшілері 1942 жылы 17575 шолақ күртеше,
осынша пима жинап берді. Осы жылы Брянск майданына 16
вагон сыйлық жөнелтсе, 1943
жылы Ленинградта қорғаушыларға 9 вагон азық-түлік, киім-кешек жөнелтті [2].
Облыс еңбеккерлері танк колоннасын жасақтауға 25 480 мың сом, әскери эскадрилияларды
қайта құру үшін 24 557 мың өткізіп, 73 562 мың сомның әскери заем облигацияларын сатып
алды. Облыс орталығында Абай атындағы педагогикалық училище ұстаздары мен оқушылары
«Жамбыл комсомолдары» атты танк жасақтауға үндеу қабылдап, өздері бір-бір айлық
жалақылары мен стипендиясын қосады. Оны қолдаған облыс жасақтары 4518 мың сом ақша,
10 мың бас мал жинап, Жоғарғы Бас қолбасшының құттықтау жеделхатын алған. Облыс 1943
жылы 7 қазанда майданға 24 тонна жарма, 10 тонна күріш, 14 тонна қант, 45 тонна ет, 3,4 тонна
кептірілген жеміс, оған қоса 14 мың дана жеке посылкалар жөнелтеді.
«Егін жинауда жұмыс соғыс қарқынымен істеле берсін» ұранын көтерген үржарлықтардың
шақыруы бойынша жер-жерлерде бұл үндеу
бірауыздан қабылданып, әрқайсысы өздеріне
жаңа міндеттемелер алды. Мәселен, облысымыздың Красногор ауданында «Партияның
ХҮІІІ съезі» атындағы колхоздың колхозшылары «Красные горные орлы» ауыл шаруашылық
артелі колхозшыларының үндеуін талқылап, жиылыста сөйлеген тракторист Бүрбаев: «Мен
үржарлықтардың шақыруына
нақтылы іспен жауап беремін, социалистік егіс даласында
стахановтық әдіспен жұмыс істеп, күнделікті нормамды 250 проценттен кем орындамаймын,
мемлекетке ет, жүн, тері, май тапсыру жөніндегі борышымды 17-тамызға дейін түгелдей
төлеп, мерзімнен бұрын орындаймын», – десе, оның бұл шақыруын 65 жастағы қарт Серікбаев
қарсы алып: «Ұлы Отанымызға қауіп төніп отырған кезде, менің қартпын деп үйде отыруым
өте лайықсыз. Сондықтан мен бүгіннен бастап колхоз өндірісіне барып, жан аямай еңбек етіп,
бітік шыққан егінді төкпей-шашпай жинап алу жолында күресемін», – деп өз ауылдастарын
жігерлендіре түскен. Мұндай бастамалардың «Ауыл шаруашылығы егістерінен әскери мол өнім
алу үшін күресейік!» және «Октябрь революциясының ХХҮ жылдығы құрметіне социалистік
жарыстың туын жоғары көтерейік!» ұранымен жаңа іс-шараларға ұласқаны белгілі. Осылай,
Жамбыл ауданының Ильич атындағы ауыл шаруашылық артелі
колхозшыларының жалпы
жиылысының хаттамасында: «Көктемгі егістің ойдағыдай өткізілуі майдандағы үлкен жеңіспен
тең екендігін ескеріп, біз Жамбыл облысының Жамбыл ауданының Ильич атындағы ауыл
Шаруашылық артелінің колхозшылары ерте егілетін егіспен қатар, қызылша егісін де 6 жұмыс
күні ішінде аяқтап, жоңышқа , картоп, көкөніс және басқа егістерін де егіп болдық. 10 гектар
жерге біз КСРО-ның Отан қорғау қорына егіс ектік және фашист басқыншылардан азат етілген
аудандарға көмек көрсетуге арнап 13 гектар жерге егін салды.
Майданға көмектесе отырып, біз Отан қорғау қорына 50 центнер бидай, 176 центнер шөп, 25
центнер картоп тапсырдық, майдандағы армияға Жамбыл облысы еңбекшілерінің уәкілі біздің
колхоздың председателі Нұрбаев жолдас арқылы 1725 килограмм қант, 40 килограмм сары май,
10 центнер ұн, және 452 килограмм ет – 1 май сыйлығын жібердік. Колхоз бен колхозшылар
1942 жылы мемлекетке 41565 сом қарыз беріп, соғыс заемына жазылған барлық сомасын толық
өтеді» – деп жазылған [3].
Колхозшылардың көктем кезінде мол өнім алуға тыңғылықты даярланғаны да көрініп тұр.
Олар қызылша егісі даласына 800 тонна көң, 770 тонна дуал топрағын, 40 тонна күл, 26 тонна
тауықтың қиын, 32 тонна минералдық тыңайтқыштар төккен. Арықтар күні бұрын жөнделіп,
тәртіпке келтірілген. Құжатта 130 гектар жерге егілген қызылшаның тегіс көктеп шыққандығы
айтылады. Бұл игілікті іске адамдардың бәрі де, 70 жастағы қарттар мен мектептің жас балалары да
түгел қатысқаны белгілі. Ары қарай... «Еңбек майданының алғашқы күндерінде тыл гвардеецтері
үлкен табыстарға жетті. Өткен жылы әрбір гектардан 705 центнерден қант қызылшасын алған