«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
79
Съезд Уақытша үкіметті «оның қызметі, уәде етілгендей, ...демократия мүддесін қорғауға
бағыттала беретін болса», қолдайтындығын білдірді. Соғысқа байланысты делегаттардың пікірі
оны герман милитаризмі жеңіліс тапқанға дейін жүргізе беру керек дегенге тоқтады және бітім
Петроград кеңесі ұсынған аннекциясыз және контребуциясыз принциптері негізінде жасауға
тиіс делінді.
Съезд қабылдаған осы үш мәселе жөніндегі қарарларды талдау Уақытша үкімет қызметінің
басты бағыттарын қолдағанымен, сонымен қатар өз іргесін одан аулағырақ ұстағанын көрсетеді.
Осыған дейінгі болған Торғай және Жетісу сьезінен Орал съезінің айырмашылығы 1-інші күні
құрамында 20 адам бар Жаһанша Досмұхамедов басқарған облыстық қазақ комитетін сайлау
болды.
Орал облыстық съезінің күн тәртібі басқалардікінен айтарлықтай еркшеленіп тұр.
Зерттеуші К. Нұрпейсов дұрыс көрсеткеніндей, көлемі де, деңгейі де, маңызы да әр түрлі бір-
бірімен байланысты үш мәселе – жалпы мемлекеттік, ұлттық және аймақтық (жалпыроссиялық,
қазақтық немесе қазақстандық және Оралдық) мәселе жеке жүйеленген [2,101б]. Мұның үстіне
съезде талқыланған мәселелер оған қатынасушыларға сол кезеңнің
сан қилы оқиғаларын
бағалауға ғана мүмкіндік беріп қоймаған, сонымен қатар келешекті болжауға да түрткі болған.
Съезде қаралған мәселелер саны 23 – ке жетіп, басқа съездердің күн тәртібіне әлде қайда асып
жығылды.
Батыс өңіріндегі осы кезең туралы өз естелігінде Ә. Әйтиев былай деген: «Ақпан
революциясынан кейін Орал аймағын басқару жөнінде Азаматтық комитет құрылып, оның
құрамына Б. Қаратаев, Ғ. Әлібеков, И. Тоқберлинов, Д. Күсепқалиев, Ә. Әйтиев,
кейінен
студенттер К. Жален, Б. Жанқадамов, дәрігерлер, Н. Ипмағанбетов, Х.Досмұхамедов кірді. Бұл
комитеттің одан арғы жұмысын жасау мақсатында қазақ өкілдеріне съезд шақыру қажеттігі
айтылып, кесілді», – деп жазады [3].
Осылайша, съездің алғашқы күнінің мәжілісі аяқталды.
Орал облыстық 1-інші съездің
екінші күні (20.04. 1917 ж.) аграрлық мәселелерді
талқылауға арналады. Бұл мәселедегі ерекшелік сол, Оралдықтар аграрлық мәселені түбегейлі
шешуді Құрылтай жиналысының үлесіне қалдырғанымен, оның
делегаттары жер иемдену
көлемі еңбек нормасына сай болу қажет деп шешеді. Сөйтіп бұл мәселеде өздерінің Ресейдің
халықтық-социалистік партиясының бағытына жақын тұратындықтарын анық білдіреді.Съезд
делегаттары мемлекеттің жаңа жерлерді алу құқына қол сұқбайтындарын мәлімдегеніне
қарамастан, облысқа сырттан көшіп келуге және қазақтардың пайдалануындағы жерлерді алуға
тыйым салуды қолдайтындықтарын ашық білдірді.
Талқыланған мәселе бойынша съезд мынадай шешім алады:
1. Қазақ жеріне келімсектерді жіберуді тоқтатып, осы кезге дейін пайдаланбай келген
монастырьлардың, шіркеулердің, дворяндардың жерлері
қазақтарға себеп-сылтаусыз
қайтарылсын;
2. Қазақтарға бұрынғы қазына мешігіндегі орман, дача, далалық аймақтардың шөптерін
шабуға рұқсат беріледі, бірақ орманды шабуға, орман арасына
мал жаюға тыйым салынды,
малды орман арасындағы ашық жерлерге, алада жаюға рұқсат етіледі;
3. Қоныс аударушылар тұрып жатқан жерлер Құрылтай жиналысы жер мәселесін шешкенше
оларға пайдалануға қалдырылады;
4. Шалқар және Индер көлдерінің талас мәселелері, ондағы
балық аулауға байланысты
дауы жаңа заң қабылданғанға дейін қалдырыла тұрады;
5. Гурьев және Темір уездерінің көшпенділеріне отырықшы қазақтар территориясының
үстінен көшіп-қонуға рұқсат етілді;
Сонымен қатар шарушалықтарға еш зиян келтірмеу жағын ойластыру керек;
6. Қазақтар мен татарларға Ойыл жәрмеңкесі маңында
құрылыс салу құқығы беріледі;
Дінге байланысты съезд болыстық діни басқарманы Орынбор мұфтиатына бағындыруды
жақтады [4,75б].