«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
77
ұлттық азаттық үшін күресінің ұраны» атты еңбегі. Ол ертеректе шыққанымен,
оның қазақ
басылымдарына жарияланып жүрген материалдары тәуелсіздіктен кейін ғана.
Қорыта айтқанда, ХХ ғасыр басында ұлтымыздың тәуелсіз болашағы үшін күресіп,
большевиктік кеңес үкіметінің отарлық сипатын біліп, шамалары келгенше оған қарсы тұрған
қазақ зиялылары Ресейдің федеративтік демократиялық республика болғанын жақтаған еді.
Олардың ұстанған жолдары, атап айтсақ алаш қайраткерлері құрған Алашорда үкіметі де,
М.Шоқай басқарған Қоқан автономиясы да қазіргі қазақ қоғамына тура әкелетін жол еді.
Олардың тарихта қалар қызметі де осында болмақ.
Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігі мен егемендігін алып дербес құқықтық
мемлекет болып қайта құрылғанда, жаңарған мемлекетіміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
жарлығымен, қазақ қоғамы қайраткерлерінің ісі қайта қаралып, әділеттілік орнап, Қазақстан
тарихынан күштеп аластатылған қайраткерлеріміз, отанымыздың ұлттық тарихының сахнасына
қайта оралып, елімен қауышты.
Жалпы алғанда, алаш қайраткерлері туралы біршама зерттеу еңбектер жарық көргені мәлім.
Дегенмен, алаш арыстары туралы зерттелгеннен гөрі әлі де болса зерттелмеген мұраның көптігі.
Бұл әсіресе тарихшыларға қатысты мәселе.
Алаш зиялыларының тіл, әдеби-шығармашылық
мұрасын жан-жақты саралауға құлшына кіріскен әдебиетшілер мен тілшілердің тарихшылардан
көш ілгері кеткендігі дәлелсіз көрініп тұр. Тарихшы ғалымдар болашақта мақсатты түрде
түпсіз қазына іспетті алаш арыстарының күрделі өмірі мен саяси қайраткерлік, мемлекеттік
қызметтерін зерттей түсуі қажет. Осы мақсатта мынадай ұсыныстар бергенді жөн көрдік:
1. Әлі де беймәлім алаш арыстарының рухани мұрасын
зерттеу және кемел ұрпаққа
насихаттау мақсатында тарихи деректі фильмдер түсірген жөн;
2. Алаш зиялыларының рухани мұрасын зерделеп, жоғары және орта мектептің оқу үрдісіне
енгізуді қолға алып, арнайы бағдарлама жасаса, өскелең ұрпақ олар жайында жан-жақты біліп,
қастерлейтін болады;
3. Педагогикалық колледж, институттар мен университеттерде алаш арыстарының атынан
стипендия тағайындау қажет;
4. «Мәңгілік Ел» идеясы мемлекеттік бағдарламасының
аясында алаш арыстарының
бұрын-соңды жарық көрмеген қолжазбаларын жинақтап, толықтырып барлық еңбектерін
«Шығармалары» ретінде жариялау бүгінгі елімізді, ұлтымызды
көрсететін мәдени қадам
болатыны анық.
Достарыңызбен бөлісу: