Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет54/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
80
Съездің үшінші күні (21.04.1917 ж) Халел Досмұхамедов және Жаһанша Досмұхаме-
довтардің облыстың қазақ аудандарын басқаруды қайта құру жөніндегі бағдарламасы мен 
«Орал облысы далалық бөлігін басқарудың Уақытша ережелері» талқыланды. 
Біріншіден, аталмыш ереженің 100-бабында іс жүзінде ауылды, уезді және облысты 
басқаруға тиісті өкіметпен атқару органдары жүйесін құрудың және оны іске қосудың нақтылы 
нұсқаулары анықталған болатын. Жаңа өкімет өзінің мәні жөнінен азаматтық болуға тиіс еді, 
ескі мемлекеттік аппарат түгел қиратылуға жатты. Жергілікті өкіметпен басқару органдарының 
барлық салаларының құрылымы мен міндеттерін осыншама жан-жақты анықтау осы мәселелерді 
теориялық тұрғыдан да, практикалық жағынан да шешуге қабілетті зиялы күштердің Орал 
облысында жеткілікті екендігін көрсетті. Екіншіден, осы уақытша ережелерді даярлау қазақ 
автономиясына деген құлшыныстың бір көрінісі еді. Бұл пікірді «Ереженің» тоғыз баптан 
тұратын «милицияны құру» деп аталған төртінші бөлімі дәлелдей түседі. Бұл бөлімде ауыл, 
село, болыс милициясының негізгі міндеттері анықталып, уездік милиция бастығының қызмет 
атқару тәртібі белгіленген, сонымен бірге милиция органдарының басқа өкімет құрылымдары 
арысындағы қарым-қатынас жолдары анықталған. Басқа сөзбен айтқанда, 1917 жылғы көктемде 
«Орал облыстық қазақ сьезі шешімдері арқылы» Жаһанша Досмұхамедов басқарған облыстық 
қазақ комитетінің басқа мүшелері 1918-1919 жылдары мемлекеттік – саяси құрылым ретінде 
өмір сүрген «Ойыл уәлаятының» қызмет жүйесінің негізін қалады. 
Мәжілістің әңгіме болып отырған үшінші күні делегаттар бүкіл ресейлік мұсылмандар 
сьезі туралы мәселені қарап, оған қатысу үшін Мәскеуге үш саяси қайраткерлер – Жаһанша 
Досмұхамедовты, Халел Досмұхамедовты, Ғұбайдолла Әлібековты және мұғалім Сұбханов 
пен алты молданы жіберу жөнінде шешім қабылдады. [4,77б] Облысқа кеңінен танымал үш 
бірдей саяси тұлғалардың Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне делегат болып сайлануы олардың 
Жалпыресейлік саяси қызметке араласуға шынымен қол созғандығын көрсеткен. Осы Мәскеу 
сапарында Жаһанша Досмұхамедов айтарлықтай табысқа жетті. Ол, біріншіден, Бүкілресейлік 
мұсылмандар съезінде оның атқару комитетіне мүше болып сайланса, Бүкілресейлік 
демократиялық мәжілісте Ресей Республикасының Уақытша кеңесінің (предпарламент) 
құрамына енгізілді [2,102б].
Съездің соңғы төртінші күні облыстағы оқу-ағарту, мәдениет және шаруашылық- қаражат 
мәселелерін қарады. Съезд делегаттары Орал облысында қазақтар арасында бастауыш, орта, 
жоғарғы білім беру жүйесі қанағаттанғысыз деп тауып, төмендегі шешімдерді қабылдады: 
– мұғалімдер сьезін шақыру қажет; 
– Орал қаласында Уақытша орта оқу орнын ашу қажет, ерлер гимназиясының бағдарламасы 
негізінде қазақ балаларына арнайы оқу орнын ұйымдастырып, оны казактар қаражатына 
салынған бұрыңғы кәсіптік мектептің үйіне орналастыру жөн деп табылды; 
– қазақ тілінде газет, брошюралар шығару қажет деп табылды;
– қазақтарға тиісілі қозғалмайтын мүліктер есепке алынсын, оны тиімді пайдалану облыстық 
қазақ комитетіне тапсырылсын;
– облыстық қазақ комитетіне жергілікті жерлерде басқару жүйесінде тұрған мәселелерді 
шешуде басқа қоғамдық ұйымдармен кәсіпорындар мен бірлесе отырып шешу құқығы берілсін;
– қазақ халқын біріктіру мақсатын Ресейлік съезд шақыру және Мәскеудегі Жалпы ресейлік 
съезде басқа облыстардан келген мұсылман делегаттарымен келіссөз жүргізу қажет; 
– Съезд қабылдаған қаулыларды жүзеге асыру және бақылау облыстық қазақ комитетіне 
жүктеледі. 
– сонымен қатар облыстық съезд уақытша үкіметті қолдау ісіне 1917 жылғы «Бостандық 
заемына» («Заем свободы») кеңінен жазылуды ұйымдастыру қажет деп тапты. 
Съезд назарынан қатынас жолдарына, азық-түлікке, баспахана ұйымдастыруға, т.б. 
мәселелерге байланысты шешімдер қабылдады. 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
81
Съезд қабылдаған шешім-қарарлар хаттамасына оның төрағасы Жаһанша Досмұхамедов, 
оның серіктестері (орынбасарлары) Ғ.Әлібеков пен А. Қалменов, хатшылары Т. Жетпісов пен 
Х. Ахмеджановтар қол қойған [2,78б].
Орал облыстық қазақ сьезі 1917 жылғы көктем айларында өткен басқа облыстық және 
уездік қазақ съездері сияқты қоғамдық-саяси өмірдегі елеулі оқиға болды. 
Орал облыстық қазақ съезінің өзіне тән сипаты болды. 
Олар: Біріншіден делегаттар саны басқа облыстық съездерден көп болды. Екіншіден, Орал 
облыстық қазақ сьезінде қаралған мәселелер саны 23 болуы көкейтесті мәселелерді дұрыс шешуге 
деген ұмтылысты көрсетеді. Үшіншіден, аграрлық мәселеде батыл шешімдер қабылдады. 
Қазақтарды өз ата-қоныс жерлеріне қайтадан қоныстандыруға әрекет етті. Төртіншіден, Орал 
сьезі облыстағы оқу – ағарту, мәдениет және шаруашылық-қаражат мәселелерін қарады, жалпы 
білім бері негізінде орта мектептерді ұйымдастыру туралы айтылады. 
Жаһаншаның осы съезде сөйлеген сөзінің басты мазмұны мынаған саяды. «Біздің 
мақсатымыз – ел билеуді, халықтың өз қолына беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы 
уақытта тағдырын өз қолына алады. 
Біздер тапқа, жікке бөлінбейміз – біртұтас халық ретінде болашақ үшін күресеміз. 
Жайық өңірін мекендеген басқа ұлттар мен достық одақ жасап – араздасуға жол бермеуіміз 
керек, өйткені ғасырлар бойы осы тағдыр мен тығыз байланысты. 
Қазіргі желбіреген бостандықтың жасыл туы бәрімізді бірлікке, туысқандыққа шақырады. 
Қазақ шаңырағы бәріне де пана бола бермек. Сондықтан, – деп жалғастырды төраға, – саяси 
авантюристерден жолды бөгейік, қан төгіске жол бермейік-жұрттың берекесі кетуге түптеп 
себеп болған нәрсе қазақта бірліктің жоқтығы. Соған байланысты қазақты дұшпаны жекелеп 
бір –біріне қарсы қойып қан қақсатқан. Бізге береке-бірлік әперетін тек әділдік. Қалың халықты 
тонаушыларды, момынды жылатушыларды-серіктікке алмаймыз. Қазақты, басқа халықтарды 
аяусыз қанаған патша орнынан түсті. Қазақты елдің тұрмысын, тілін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын 
білетіндер ғана басқарады. Осыған байланысты қалай болғанда да біз Ресейден автономия алуға 
тиістіміз», [5] дегенде цирктегілер түгел орындарынан тұрып қызу қол соғып қуаттады. 
Жаһаншаның осы сөйлеген сөздерінен біз бүгінгі тәуелсіз егеменді елдігімізді аңсағанын, 
оған жетудің жолдарын бір ғасырдай бұрын сезініп, бағытын белгілегенін және Төле би 
айтқандай, ауызбірлікке, тұтастыққа елді шақырғанын көреміз. Халықты ұлтаралық бірлікке 
шақырды. Осы жағынан алғанда ол ұлтшылдықты арқау еткен жоқ, керісінше, ұлтын сүйген 
ұлтжанды азамат екенін танытты. 
Осындай тарихи оқиғаның арасында Жаһанша Досмұхамедовте көрініп, өзін қайраткер 
ретінде айқындай түсті. Елінің басқару жүйесі жөнінде, халқының болашақтағы тағдыры 
жөнінде, өскелең жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесімен білім алу деңгейі жөнінде, елді халқын қорғау 
үшін «Милиция құру» жөнінде өз пікірін халқы алдында айтып, халықты бірлікке шақыруы 
бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің саясатымен үндесіп жатқанын көреміз. 
1917 жылдың желтоқсанында Екінші Жалпықазақ сьезінен Орынбордан қайтып оралған 
бойда Жаһанша, Халел Досмұхамедовтар қазақтың батыс аймағын басқаратын үкімет құруға 
кірісті. Осы мақсатта облыстық құрылтай өткізу белгіленді, оның орны болып Қаратөбе алынды, 
өйткені қыс жағдайында жол қиындығы ескеріліп-Ойыл, Маңғыстау, Үйшік, Ақтөбеден 
келетіндер үшін Қызыл үйден көрі ыңғайлырақ деп ойластырылған болатын. 
Осыдан кейін Орал өңірі қазақтарының ІҮ-інші облыстық съезі 1918 жылы 18 мамырда 
Жымпиты (қазіргі Сырым ауданының орталығы) Орал қаласының оңтүстік-шығысында 
орналасқан елді-мекенде өткізілді. Съездің ашылу сәтіне 300 делегат келіп үлгірсе, ол жұмыс 
істеген үш күннің ішінде тағы 150-дей адам қосылды. Съездің күн тәртібінде 20 мәселе енгізілді, 
оның соңғы төртеуі съездің барысында анықталды. 
«Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметінің әкімшілік-территориясының құзырына Жайықтың 
бұхара жақ бетіндегі Шыңғырлау, Бөрлі, Теректі, Ханкөл, Қосатар, Үйректікөл, Жезбұға, 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
82
Жымпиты, Сабындыкөл, Талды, Қаратөбе болыстары және Ойыл, Тайсойған өңіріндегі Қиыл, 
Қарағанды, Құлынды, Жетікөл, Жекенді, 1-Ойыл, 2-Ойыл, Қазбек, Ақшатау, Тайсойған
Ақжал, Бестөбе, Қарашағыр, Жиренқұдық, Есбол, Кермеқас, Бұлан, Жарыпшыққан болыстары, 
кейіннен 5 «қарашекпендер» (орыс, украин қоныстанушылары) болыстары енген. «Ойыл 
уәлаяты» уақытша үкіметінің қарауына, кейбір зерттеушілер жазып жүргендей, Бөкей Ордасы, 
Маңғыстау, Ақтөбе атырабы ол кезде кіре қойған жоқ [6]. 
Ә. Бөкейханов айтқандай Орал облысының зиялылары жаман жолға түсуі мүмкін емес еді. 
Бұл кезде «Ойыл уәлаяты» үкіметі де өзін уақытша болса да толыққанды мемлекет ретінде 
көршілестеріне танытуға бар әрекеттерін жасап жатқаны жөнінде айтып өтеді. 
1918 жыл-Батыс өлкенің және Жалпықазақ съезінің шешімдерін жүзеге асыру жолындағы 
саяси күрес жылдары еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет