«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
91
ғылыми негізсіз, «біз дамыған ел боламыз» деп еліктеумен кіргізуге талпынуы ұлт келешегіне
қауіп әкеледі.
Тәуелсіз
ұлттық мемлекет болғымыз келсе, экономикалық және саяси кіріптарлық
шеңберіне түсіп қалмау үшін жаһандануға тән халықаралық интеграцияға кіру саясаты өте
сақ, өз тәуелсіздігінің келешегіне нұқсан келтірмейтіндей, ұтымдылықпен жүргізілуі тиіс. Осы
қатерден аман қалу жолы ең алдымен ұлттық идея негізінде мемлекет құруды жүзеге асыру
болады. Ұлттық идея негізінде мемлекет құруға тән заңдылық – оның экономикасының, ішкі және
сыртқы саясатының, ғылымының, заң жүйесін құруының, экологиялық қауіпсіздігінің, білім
беру жүйесінің, мәдениетінің, ақпарат тарату, ұрпақ тәрбиелеу, қоғамдық сана қалыптастыру
мен рухани дамуының идеологиясы мемлекет құрушы халықтың (ұлттың) мүддесін қалтқысыз
қорғап, оның ұлтық ерекшелігін сақтауға арналады [1].
Бүгінде ұлтқа берілген анықтама ондап, жүздеп саналады. Біздің ойымызша, ұлт дегеніміз
– өзінің қазақ (орыс, неміс, жапон) екенін тарих тереңінен бастау алған төл санасымен ұғатын
және басқалардан тілдік, рухани, геосаяси, т.б. өзгешелігін айыра алатын адамның үлкен
қауымдастығы.
Идея –
грек сөзі, образ, ұғым, түсінік. Ал атқаратын міндетіне қарай идея алуан-алуан
қырымен көзге түседі. Мәселен, бірде ол сырт дүниені бейнелейтін қоғамдық сананың пішіні
болса, енді бірде адамның басты сенімі орнынан көрініс табады, яғни, ұлттық идея мәселесінің
мәні ұлттың тілегі, ниеті, ойы дегенге саяды. Сондықтан ұлттық идеяны ұлт мұраты деп алып,
қабылдайтын болсақ, мәселенің тоқ етерін тапқанымыз.
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, деген екен бабаларымыз. Ал ондайлар алтаудан да көп
болғандықтан, этностың өз ішіндегі ала-құлалық ұлттың, мемлекеттіліктің болашағына қатер
туғызбай қоймайды. Алғашқыда ұлттық тұтастықтан, содан мемлекетінен айрылудың әкелер
қасіретін-бек ұлдардың құл болатынын, пәк қыздардың күн болатынын осыдан XIII ғасыр
бұрын Күлтегін тасына қашап жазған байырғы түркілер даналығына қалайша бас имейміз.
Олай болса, Елбасымыз, Н.Ә. Назарбаевтың: «Қазақтың
сана-сезімі өткендегі, қазіргі және
болашақтағы – тарих толқынында өзінің ұлттық «Мен» дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш
рет енді ғана мүмкіндік алып отыр. Бірақ бұл мүмкіндік қана: ол шындыққа тек қазақтардың
ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет» [2],
деп жазуында өмірлік мәні бар шындық жатыр.
Ұлттық идея барша халықтың күш-жігерін, іс-әрекетін уақыт алға қойып отырған аса
жауапты тарихи міндетті шешуде жол таба отырып, ашатын, бүкіл халықты баурап әкететін
күш болуын қалаймыз, әрі сенеміз. Жалпы, кез келген мемлекетке ұлттық идея қажет, ал оның
ұғым – түсінігі, атау-термині әр кезеңде, яғни, әр түрлі қоғамдық формацияларда әр қилы болып
келуі объективті заңдылық. Қазақстандағы Ұлттық идеяның мән-мағынасын дәл қазіргі таңда
«Қазақ елі, Азаттық, Бірлік» деген ұғым түсініктер ашатын болса, онда Ұлттың ұлы идеясы деп
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын алға қоялық.
Демек, қазақ-жаңа формация жолына түсіп, жаңа форма мен пішін іздеп, өз бойынан пассионарлық
қуат тапқан ұлт. Шынтуайтында, Қазақстан Республикасы бүгінгі күні Ренессанстық,
Қайта
өрлеу табалдырығында, яғни, жаңа қоғамдық формацияға ену үстінде тұрған мемлекет
екендігінде күмәніміз жоқ. Жаңа саты жаңаша ойлауды, әдіснамалық негізде әдіс-тәсілдерді
пайдалануды, толғануды, келешек туралы теориялық талдаулар мен тәжірибе жүзінде нақтылы
бір қандай да нәтиже беретін өзінің логикалық жалғасын табатын, әрі жауапкершілікті еріксіз
талап ететін-өзіміздің кім екенімізді танып, өзгеге де танытатын уақыттың туғандығының
айғақ белгісі. Бұл тәуелсіздік алған жылдары нендей жетістікке жеттік, қандай жағдайларды
басымыздан өткеруіміз ықтимал деген болжам-жорамал замана қағидалары болып, заңдылыққа
айналғаны мәлім. Ренессанс заманы-мүмкіндік заманы, ағайын!!! Осындай қоғамда туындап
отырған өтпелі кезеңде ұлт болып ұйысуымыздың да замана талабы қойып отырған талапқа
жауап ретінде қажеттілік екенін түсініп жұмылған жұдырықтай болып, ендігі жерде білекті түріп