Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет56/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   225
Память во имя будущего

Әдебиеттер тізімі:
1. // Уральские областные ведомости. 1917. 19 маусым.
2. Нүрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы, 1995. – 101 б.
3. ҚРПМ. 811 қор, 7-тізбе, 4-парақ.
4. Мартыненко Н. Алаш-Орда (сб. документов). Алматы, 1992. – С. 75.
5. Ж.Ақбай. Жанша. Орал, 2008. – 79-80 бб.
6. Әнес Ғ., Тәж-Мұрат М. Батыс Қазақстан облысының энциклопедиясы. Алматы, Арыс 
баспасы , 2002. – 419 б.
7. Сүлейменова Д. Алаш қозғалысы және Ж.Досмұхамедов, Орал, 2010.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
84
ОТАНШЫЛДЫҚ ПЕН МЕМЛЕКЕТШІЛДІКТІ НЫҒАЙТУДАҒЫ 
АЛАШ ИДЕЯСЫНЫҢ РӨЛІ
С.Е. Сахиев,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 
 «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, саяси ғ.к.,
Қызылорда қ., Қазақстан
Көшпелі қазақ өркениетінде ерекше міндеттердің бірі болып саналатын, баға жетпес қасиет, 
ол – отаншылдық. 
Көптеген елдерде отаншылдық халықтың өз ұлтының тілін, ділін, дінін берік сақтауымен 
және мақтан тұтуымен тікелей байланыстырылды. Отаншылдық сана – халықты топтастырушы 
рухани күш бола тұра, халықтың күш-жігерін, тәуелсіздікті нығайтуға бағыттайды. 
Отаншылдық, елжандылық туған отбасына, туып-өскен ортаға, туған топырағы мен табиғатына 
деген құрметтен басталады. Сондықтан отаншылдықтың қайнар көзі адамгершілік қасиеттер 
болмақ. Отаншылдықтың іргетасы – ұлтжандылық. Өз ұлтын сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын 
жоқтайтын азамат қана отаншыл болады. Отаншылдықты рухани құбылыс ретінде зорлықпен, 
нұсқаумен, биліктің басқаруымен енгізу мүмкін емес. Отаншылдық тәрбиеге қатысы бар барлық 
институттар мақсатты әрі нәтижелі жұмыс істегенде ғана санаға сіңеді.
[1]
Елбасымыз азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуды 
ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды. 
Мәселен, Жапонияда жас ұрпақты отаншыл азамат болып шығуға жүйелі түрде баулиды. 
Сондықтан да олардың жас ұрпақтары өз мемлекеті мен ұлтын кіршіксіз сүйеді, кішіні кішідей, 
үлкенді үлкендей сыйлайды.
Ал Американдық отаншылдықтың негізінде олардың ділдік ерекшеліктері жатыр. 
Оларда жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігі, қарым-қабілеттілігі айрықша бағаланады. Соған 
орай, осы ел азаматтарының отаншылдық сана-сезімі де басқа көптеген дамушы елдер 
азаматтарының отаншылдығынан әлдеқайда жоғары. Олар өздерінің жоғары деңгейде дамыған 
экономикалық-әлеуметтік жағдайларын аса тиімді пайдалана отырып, өздерінде бар, өзгелерде 
жоқ құндылықтарын асыра дәріптеп, өз азаматтарын «біз дүниежүзіндегі барша ұлттардан 
артықпыз» деген асқақ рухта оқытып-тәрбиелеп келеді. Олардың өскелең ұрпақтарының 
отаншылдық рухының өте жоғары болуының бір себебі де осыдан.
Туған жерге деген ыстық сезім, атамекенге деген үлкен құрмет орта ғасыр жәдігерлері 
болып саналатын бабаларымыз Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Саиф Сараи, 
Құтып және т.б. еңбектерінде де жеткілікті қамтылған. Мәселен, Әбу Насыр әл-Фараби 
өзінің «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» атты трактаттарында 
этикалық, эстетикалық мәселелерді айта отырып, мінез-құлықты тәрбиелеуді бірінші кезекке 
қояды. Білім-ғылымды игеру, оны адамгершілік жолында пайдалану туралы өсиет айтады [2].
Елдің амандығын, бірлігін, еркіндігін, азаттығын, жердің тұтастығын Қазтуған, 
Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар, Дулат, Жанақ, Мұрат, Мұрын сияқты т.б. жыраулар да өз 
шығармаларына өзек етіп, жеріне жеткізіп жырлаған. Олардың да елжандылық рухқа толы 
жырларының жастарға отансүйгіштік тәрбие беруде орны ерекше.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2008 жылы «Егемен Қазақстан» 
газетінде жарияланған өзінің «Ұлттың ұлы мұраты жолында ұйысайық» деген мақаласында: 
«Отаншылдық сезімді орнықтыру қай заманда да, қай қоғамда да маңызды. Бұл, әсіресе, жас 
мемлекеттер үшін ерекше мәнге ие. Біз патриоттық тәрбие беруге көп көңіл бөлуге тиіспіз. 
Мұның бір қайнар көзі тарихты білу, одан тағылым алу, бабаларымыздың даңқты істері үшін 
мақтану екендігі анық. Солай ету керек те. Сонымен бірге тек тарихты малданып қана қалуға 
да болмайды. «Бүгін мақтанатыны қалмаған елдер өткенімен мақтанады» деген де сөз бар. 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
85
Біз өткенімізбен де, бүгінімізбен де мақтанатындай ұлт болуымыз керек» [3], – деген еді. Елбасы 
бұны өткеніміз бен бүгінімізде қазақстандық жас ұрпаққа ауыз толтырып мақтанышпен айта 
алатын тағылымды тарихымыз, тәуелсіздігімізбен бірге келген қазақстандық жетістіктеріміз 
мол болғандықтан айтып отырғаны анық. Демек, өткен тарихымыз бен бүгінгі табысымыз 
ел азаматтарын, әсіресе, жас буын өкілдерін ұлтжандылық, отаншылдық рухта тәрбиелеуде 
маңызды тағылымдық рөл атқарып, үздіксіз қызмет ете бермек.
Жеке адамдар арасында да, әлеуметтік топтар арасында да шиеленістерқарқынды дамыған 
заманда әрбір адамның, әрбір жастың кімді жақтайтынын, кімді қорғайтынын, қай елдің 
мүддесі үшін еңбек ететінін, әлеуеті мен күшін, идеяларын қай елдің игілігіне қолданатынын 
айқын білгені абзал. Осы қасиеттер мен міндеттерден – туған елге сүйіспеншілік, отаншылдық, 
патриотизм сынды күрделі сезімдер қалыпта – сады. Жастар өз елінің жетістіктері және 
мәдениетін мақтан тұтып, балаларының болашағын төл отанымен байланыстыруы керек. 
Мемлекетшілдік идеясының негізінде – елдің тәуелсіз мемлекет ретінде, ұлт ретінде дамуын 
қарастыру идеясын жатқызуға болады. Мемлекетшілдік ресми билікті қолдаумен ғана емес
оған конструктивті сын айтумен де, халықты, мемлекетті кемелдендіруге шақырумен де көрініс 
табады. Ұлтшылдық ұлттық құндылықтарды мемлекеттік мүдденің орталық, негізгі мәселесіне 
айналдыру, ұлт мүддесін қорғау, ұлтты ұлт ретінде сақтап қалу, оның дамуына жағдай жасау 
идеясынан туындайтындығын түсіндірмесе де белгілі. 
Ұлттық мүдде әрқашанда мемлекеттің негізгі мақсаты, тірегі болуы керек. Сонда ғана біз 
шынайы мемлекетшілдікке жетелейтін идеологияға бет бұрамыз. 
Қазақ ұлтының ұлттық санасының тарих өрісіндегі құбылысы елдік, бірлік, ар-намыс, 
батырлық, ержүректілік, тектілік, кісілік, имандылық, адалдық, тазалық, намысшылдық, 
қамқорлық және ұлттық қасиетке терең болу. Қазақ қоғамының тарихи кеңістігінде ел 
болмысының рухани негіздеріне айналған ұлттық сана құбылыстары ең алдымен жеке адамның 
ерік жігерін қалыптастырып отырған. 
Зиялыларды елдік, мемлекеттілік идеясына біріктіретін ұлттық сана. Сондықтанда, алаш 
зиялылары айтқандай елдің ел болуын, ұрпақтың ер болып өмір сүруін көздейтін мемлекеттер 
тарихты иманы дәрежесіне көтереді.
Алаш зиялыларының жүйелі ізденістері, ортақ көзқарастары ұлттық білімді, ұлттық сананы 
күшейтіп, өткен ғасыр басында халықты қауіп-қатерден сақтауға қызмет етті. Алаш зиялылары 
1913 жылы «Қазақ» газетінің алғашқы сандарында жарияланған «Қазақ тарихы» жөнінде 
жазылған мақалада, «Қазақ ішінде әр үйдің отағасысы, әр ауылдың ақсақалы тұрған бір шежіре. 
Бұрынғы өткен кеткеннен естіген білгені болса кейінгі жастарға соның бәрін айтып отырады» – 
деп ұлттық тәрбие ісінде әрбір қазақ қоғамындағы ата-ананың міндетін атап көрсеткен. 
«Алаш» партиясының бағдарламасында көрсетілген ел басқару жүйесі, жастардың білім 
алуы, ұрпақ тәрбиесі, ұлттар теңдігі, азаматтардың құқы мен бостандығы жөніндегі ұстанымдар 
тәуелсіз қазақ мемлекетінің саясатымен сабақтас жатыр. Сол себепті Алаш көсемдерінің 
өмірінен өнеге, тірлігінен тағылым алып, Алаш мұратын ұлт мұраты ретінде тануымыз керек. 
Алаш идеясы – ұрпақтың бойына отаншылдық пен мемлекетшілдік идеясын сіңірудің басты 
құралы болуы керек.
Алаш қозғалысы қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай 
отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде 
азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл козғалыс болды. 
Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды 
азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұл тартпас мысалы – 
тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы.
Ес жиып, етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды Қазақ 
азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Мұның басты себебі, Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты 
– ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында. XX ғасырдың басында 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
86
ұлтының теңдігі үшін бар күш жігерімен, білімімен күреске түскен Алаш қайраткерлерінің 
еңбегін барша халық бағалайды. 
Алаш қозғалысына өткен дәуірдің тарихы ретінде ғана қарамай, оны бүгінгі заманымызбен 
үндес өміршең көзқарастар жиынтығы ретінде бағалап, яғни бүгінгі тәуелсіздік мұраттарымен 
сабақтасып жатқандығына мән беріп, одан өрісті өнеге, ғұмырлы ғибрат алғанымыз дұрыс. 
Ұлттың басын қосқан сол бір тарихи кезенде Алаш идеясын қазақтың басым көпшілігі 
қолдағаны анық. Бірақ олардың барлығын тізімге енгізе беру, әрине, мүмкін емес. 
Алаш арқауы – біздің мыңдаған жылғы елдік арқауымыздың жалғасы, сапалы кезеңі. Біз 
тарихымыздың бұл шағын, Жаратқан бұйыртқан елдік рухы биік, отаншыл қағидаты айқын, 
Елбасымыз айтқандай, кіндік тұлғаларын әрқашан мақтан тұтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет