«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
92
тастап, қызу іске кірісу ғана қалғаны әркімге – ақ белгілі. Белгілі неміс философы Ф.Ницшенің
де құндылықтарды қайта қарастыру концепциясының бастау алып, қазіргі заманда қылышын
сүйретіп жеткенінің бірден бір анықтауыш факторы ретінде жаһандану деген үлкен масштабты
үрдісті айтуға болады [3].
Сонымен Қазақ Ренессансы өркениеттік рефлексия, қазақстандық өркениет үдерісі
ренессанстық идеяға сөзсіз келеді. Қазақ Ренессансының позитивті жақтарына тоқталатын
болсақ: әлеуметтік мемлекетті нығайту, саяси жаңаруды қарқынды жүргізу, сапалы білім
жүйесін тұрақтандыру, жеңіл өнеркәсіпті жетілдіру, соның нәтижесінде жұрттың іскерлігін
арттыру технологиялық жаңа әдет, мінез, дәстүрлер қалыптастыру, бұрынғы стереотиптерден
арылу, бала, әйел, мүгедектер, қарттарға мемлекеттік, қоғамдық көмек-жағдайлар жасау
мүмкіндігін кеңейту, шетелдік озық технология, білім енгізу, ғылыми кешендік мекеме құру, ел
ішіндегі ұлттық, діни келісімдерді өркениеттік негізде жүргізу, мемлекеттік шекараны нығайту,
яғни, геосаяси істерде көршілес елдер мен одақ құру ісі жалғасын табуы тиіс және нарықтық
қатынастар қарқынды жүруі үшін аса қажетті күш-халық өсіміне мүмкіндіктер жасап, кезінде
тарыдай шашылып кеткен әлем елдеріндегі қазақтардың туған еліне оралуына қолайлы ахуал
туғызу, демек, біріншіден, жүргізіліп жатқан санақтың түрлі мақсаты да сол, екіншіден, қазақ
санының артуы ненің нышаны екенін айқындау; Қазақстандағы соңғы санақ бойынша қазақтар
санының 61% пайызға жеткенін паш етсе, ал 10 жылдан соң 70%, 20 жылдан кейін 80%, 30
жылдан соң 90-95% пайызға жақындайтынына зерттеушілер сенімді. Алдағы 20-30 жылдық
перспективада қазақ ұлты 90-95% пайыз болған кезде Қазақстандағы ең ірі диаспора үшеу
болады, олар: орыс, өзбек, ұйғырлар болады деп болжам жасауы да көңілге қонарлықтай. Ал
демографиялық бәсекелестікті шыдамаған этностардың саны алда қысқара береді. Оған қоса,
ең бастысы, ұлттық санақтың өткізілуі-мемлекеттік тіл төңірегідегі жаңсақ пікір, әлеуметтік
және статистикалық бейберекетсіздіктерді жоққа шығарады. Ал, бұл, өз кезегінде, кері жылжу
емес, біреуді қайталауда емес, керісінше, жаңа жағдайда творчестволық ізденіс, үлкен өзгеріс,
ілгері басу, гүлдену әкелері сөзсіз. Сонымен, Қазақ Ренессансы – ұлттық идеяның көрінісі,
тіптен формуласы десек те болғандай, қазір әр қазаққа өз мүмкіндігін іске асыруға мүмкіндік
туған заман. Бұл – қазақтың қайта жаңғыруының алтын бесігі, өзегі. (Ренессансы).
Халық идеясыз, ал мемлекет идеологиясыз өмір сүре алмайды. Көпұлтты ірі мемлекетті
ұстап тұру үшін де құдіретті идеология керек екені әлемдік тәжірибеден белгілі. Батыс елдерінде
ұлтты азаматтық деп түсінуі аясында мазмұны-нағыз ұлттық, ал пошымы – азаматтық идеология
ұзақ жылдар бойы қалыптасып, берік орнықты. Ал Қазақстанда қазақ халқының бейбіт сүйгіш,
өзінің ұлан-ғайыр даласындай кең пейіл менталитетінің еліміздегі саяси тұрақтылық пен
ұлтаралық келісімді орнықтыруы өзгелер қызығарлықтай қуатты идеологияның функциясын
табиғи түрде атқарып тұр. Идеологияның өзі мемлекеттің басты сүйенер діңгегіне емес, бүкіл
қазақстандық азаматтардың ортақ ісіне айналуы тиіс. Осы орайда, Президентіміз мемлекеттік
идеологияның негізгі діңгегі ретінде бес мәселені айрықша атап көрсетіп жүр: Достық, Ұлттық
идея мен мәдениет, халықты заңға бағынуға тәрбиелеу және экономиканың үйлесімді бірлігінен
жалпыұлттық идеологияның күш-қуаты арқылы халықты түрлі ұлт өкілдерінен құралған
біртұтас азаматтық және саяси қауымдастыққа айналдыру. Ұлттық идея – мемлекеттік субъекті
болып табылатын саяси-этникалық қауымдастыққа тән болса, өз кезегінде әр түрлі мүдделер
мен қауымдастықтарды тұтастырушы ортақ құндылық ретінде мойындалады және өз кезегінде
қоғамның трасформациясы барысында ұлттық рухпен тұтасып, мәні де, заты да бір мемлекеттік
идеологияны құрайды [4].
Достоевскийдің: «Асқақ идеясыз адам да, ұлт та өмір сүре алмайды» деп жазғанындай,
ондағы асқақ идея әр ұлттың болмысына байланысты қалыптасқан ұлттық идея деп білеміз.
Ұлттық идея этникалық сезімдердің негізінде пайда болады, дейтұрғанмен, ұлттық идея
бері салғанда ғасырлық, әрі салғанда дәуірлік мұратын айқындайтын, келер ұрпақтарға да
шамшырақ бола алатын заманалық рухани философия, тарихтың жоғалтқанын бүгіннен іздеу,
|