«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
94
таныту, бай рухани және мәдени қазынасы әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар
шаруалар атқарылды. Дегенмен, осы заманауи маңыздылығы бар нағыз рухани қайта түлеу
мағынасындағы іс-әрекеттердің іргетасы сонау XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының
шынайы, халық сүйгіш қызметтерімен астасып жатады. Сондықтан тарихи тамырластықтың
көрінісін жандандыру арқылы этностық мәдени мұрамыздың
рухани келбетін өзектендіре
түсеміз, данагөй тұлғалардың есімін халық жадында сақтаймыз. Осы ұрпақтар арасындағы
рухани сабақтастықтың арқасында тарихи көпірлер жалғасатыны белгілі. Демек, қазіргі уақытта
алдыңғы ағалар – Шығысқа, артқы інілер Батысқа қарап тұрған заманда ұрпақтар сабастығы,
рухани сабақтастық өз шешімін таппаған мәселе болып қала бермек. Абай атамыз тәлім-тәрбие
беретін адам болса, оны қабыл алатындар жоқ емес десе, сол үлгі өнеге болып көрінетін ағалар
тарапынан қандай нәтиже бермек, жас ұрпақ қандай ұстанымға келуде, ойға салмақ түсіп, нені
үлгі етуде? Әке мен бала мәселесі бүгінгі күні қайта қарастырылуды қажет етеді, яғни, келешек
ұрпақтың бағыт-бағдарына қоғамдағы көзқарасы мен ойы әділ бағаланатынына сенімді жағдай
тууы тиіс. Дейтұрғанмен, мазмұны космополиттік ағайындар сауалдамаларына, осындай,
мылтықсыз шайқаста, Ұлттық идея жауап беруге тиіс, ал заман биігінен табылуды намыс мұраты
ету – ұлттық идеяның күретамыры болып табылады. Жалпы,
қазақ ұлтының тұлғалануы, қазақ
ұлтының жетілуі – ұлттық мұраты жолында Бөгенбай мен Қабанбайша қайраттанып, Абай мен
Ахметше толғанып, Шәмші мен Нұрғисаша тебіренуі ғана қалды [7].
Алда бұралаң жол, асу бермес асулар, өткел бермес өзендер, кешу бермес көлдер, шеті жоқ
мұхиттар бар. Сол ұзақта, қызық сапарға өзгелермен иық қағыстырып тағы бір халық тәуекелдің
кемесіне қаймықпай мінді. Ол қазақ халқы. Оның өзінің гиді болуы тиіс, әрі бар да, ол өз әлінің
рухын жоғары ұстап, ақ парус астында әлемдік мұхиттар айдынан көктей өтіп, сара жолдай
адасуға мүмкіндік бермей, туған халқының айбарын асыра береді деген сенімдеміз.
Ұлттық идея ұлттық «Менді» қалыптастырып қана қоймай, жаппай бәрін өрге сүйрейтін
құдірет деп білгеніміз жөн, армансыз адам-қанатсыз құспен тең дейді халқымыз. Осыдан-ақ
шығарар қорытындымыз, ұлттық идеясыз нендей жағдайға душар болатынымыз белгілі жәйт,
дейтұрғанмен, көлдей жайылып, келе жатқан жаһанданудың
табанында жаншылып қалмау
үшін де ұлттық идеяның өзектілігі мен қажеттілігі күн санап артып келеді. Демек, қол қусырып,
бос қарап отыруға тағы да болмайтыны анық. Отарлық саясаттың қалдық ықпалынан тазара
алмай отырып, өзінің ұлы державалық көз қарасын бұрынғы империялық саясат жүргізген
бағыт ұстамында ұстап отырған алпауыт елдің ықпалына кіру саясатын, өз елінің мәңгі
тәуелсіздігін мақсат ететін қазақ халқы ешқашан да ұқпайтынын да, қолдамайтынын да естен
шығармау керек.
Достарыңызбен бөлісу: