«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
98
И.Сталиннің өз атына жолдаған арызында Ақмола округінің азаматы Әділбаев Ахмед өзінің
отбасымен Гурьев округіне «қауіпті антисоветтік элемент» деген жаламен жер аударылуының
негізсіз екенін, хандар, сұлтандар тұқымына жатпайтынын, оның үстіне 52 бас қана ірі қара
малы болғанын айта келе өзі жайлы мынадай мәлімет береді: «Мен жоғары мұсылман білімін
алғаш Ақмола губерниясында, онан соң 2 жыл Мединеде, Арабиядағы «Ишфха» медресесінде,
онан соң Египеттегі Каир қаласында «Жамие Асхари» медресесінде алдым. Отаныма араб
тарихшылары: Ибн Халдунның, Ибн әл Асирдің, Талфикул Акбардың, Ибн Халекеннің және
басқалардың еңбектерін алып оралған мен Исламның тарихын жаза бастадым. Осы тарихқа
байланысты қабір ескерткіштерін және Қазақстанның өзіндегі исламның тарихына байланысты
жазба құжаттарды зерттей бастадым. Осындайда қазақ байларын
жер аудару және олардың
мүлкін тәркілеу науқанында Ақмола ОГПУ-і менің 45 пұт кітаптарымды, соның ішінде
жоғарыда көрсетілген араб тарихшыларының шығармаларын, сондай-ақ менің Мединедегі,
Каирдегі курстарды бітіргендігім туралы дипломдарымды және Константинополда Шейх ұлы
Ислам маған тапсырған дипломымды да алып қойды...» [7, 99-б].
Ислам қайраткерлерінен
арылуды мақсат еткендіктен басшы органдар олардың арыз-шағымдарына құлақ аса қойған
жоқ.
1929-1931 жылдары Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтерулері болды.
Жылдарға шаққанда олардың 54-і 1929 жылы, 241-і 1930 жылы, ал 77-сі 1931 жылы орын
алды. 1930 жылы көктемде болған Қарақұмдағы халық наразылығына қатынасушылардың
республика басшылығы жіберген мемлекеттік комиссияға жазба түрде қойған талаптарында
«дін бостандығын беру,
мешіттерді қайтару, діни салттар мен шараларға кедергі жасамау»
секілді мәселелерді көтерді. Яғни 1929-1931 жылдардағы көтерілістерге сипаттама бергенде
назар аударатын елеулі нәрсе – кейбір көтерілістерде көтерілісшілердің хан өкіметін сайлауы
немесе сарбаздар жасақтарын рулық негізде ұйымдастыруы және мұсылман дінінің дәстүр-
салттарын қорғауы. Мұндай әрекеттер әсіресе Созақтағы, Ырғыздағы, Қарақұмдағы, Адайдағы,
Сыр бойындағы Ақмырза ишан бастаған және Батпаққарадағы көтерілістерде айқын байқалды.
Қазақстандағы халық наразылықтарына тән осындай өзіндік, ұлттық сипаттағы ерекшеліктер
олардың бүкіл Кеңес елінде болған басқа шаруалар көтерілістеріне қарағанда нақты
өзгешеліктері бар екенін байқатады. Аталған көтерілістерде көптеген көрнекті діндарлар,
молдалар көтерілістердің рухани жетекшілері болғаны белгілі. Бірақ бұған оларды емес,
кеңес үкіметінің ислам дініне қарсы ашық жаулық саясатын, жергілікті жерлерде мешіттерді
қорлау, дінге сенушілерді «әлеуметтік қауіпті элемент» деп қудалау
әрекеттерін айыптаған
жөн деп ойлаймыз. Сол жылдары большевиктер партиясы өздерінің идеологиясын қазақ
ауылына енгізуге кедергі жасайтын ислам діні деп білгені де құпия емес. Сондықтан 1929-1931
жылдардағы көтерілістерге байланысты жазалау көрнекті дін басыларды түгелдей қамтыды.
Тұтқындалғандардан бірде-бір дінбасы ақталып босатыла қойған жоқ. Тек, Бостандық,
Тақтакөпір, Созақ, Сарысу, Талас, Батпаққара, Балқаш және Шоқпар көтерілістеріне байланысты
істерді қараған кезде ғана Біріккен мемлекеттік саяси басқарма (ОГПУ) үштігі 8 имаммен
молданы ату жазасына кесіп, үкім шығарды. Ал 12 дінбасы әртүрлі мерзімдерге сотталды және
жер аударылды [7, 141-б].
ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап тек мұсылман діні иелері ғана емес,
сондай-ақ
басқа да діннің өкілдері жаппай қуғын-сүргіннің қармағына ілікті. 1937 жылы Қазақ өлкелік
комитеті «діннің таптық мәнін түсіндіре отырып, дінге қарсы үгіт-насихатты кең құлашпен
жүргізу» туралы шешім қабылдады. Осы кезден бастап «еңбекшілердің таптық жауы» ретінде
дін иелеріне қарсы қатаң жазалау шаралары жүргізілді. Қазақстанның түкпір-түкпірінде
молдалар мен имамдарға, тәуіптер мен бақсыларға қарсы қудалау науқаны басталды. 1937-
1938 жылдары қазақ ауылдарындағы дін иелерінің барлығы дерлік ұсталып, түрмеге жабылды
не ату жазасына кесілді. Тек молда мен имамдар ғана емес олардың балалары мен немере-
шөберелері де молдалар санатына жатқызылып, жазалаудың құрығына ілікті.
Бұл науқан
«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
99
әсіресе Оңтүстік Қазақстан аймағында кең құлашпен жүргізілді. Айыптау істері сол аудан мен
жекеленген ауылдық кеңестердің атымен атала берген. Біз тек бір ғана Қызылорда облыстық
Ішкі істер халық комиссариаты (НКВД) тыңшыларының 1937-1938 жылдары қырық молданы
ұстап, Қарауылтөбе, Тайшы құмына апарып атқан туралы мәліметті келтіре отырып [8], сол
молдалардың бірқатарының аты-жөнін беруді жөн санадық.
Достарыңызбен бөлісу: