Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет77/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
114
шешуші факторлар мен фактілерге бұрылады.
«1818 жылы Қаратал мен Іленің ортасында көшіп жүретін Жалайыр төресі Сөк Абылайханов 
Қоқан хандығының қол астынан шығуға талпынып, Қытайдан көмек ала алмай, орысқа 55 мың 
жанмен қарадым деп ант ішеді, қағаз береді. Қоқаннан қорғануға Ресейден көмек сұрайды. 
Сөктің ұсынысын орыс патшасы қуаныш-құрметпен қарсы алады. Бір жағы Қытай, бір жағы 
Қоқанның қолтығыңда жатқан жалпақ елдің ортасының ойылып, орысқа қараймын дегені 
орасан олжа болады. Сөкке 8-кластың шенін сыйлайды. Сөктің қасындағы рудың бастықтарына 
да әртүрлі награда береді. Қаратал бойынан қазына ақшасына үй, мешіт салуға жарлық болды. 
Сөкке әскер жәрдемін беруге жарлық болды. Бірақ бұл жарлықтар қазақ даласына жаңа закүн 
шығумен қарбалас болып, іске аспай, біраз созылады. 7 жыл өткен соң, 1825 жылы Қаратал 
бойына орыс отряды жіберіліп, үй салынады» [1, 406 б.]. 
Сол тұста Қытай жағы жер біздікі деп, Жетісуда орыстың орнығуы сәл іркіліс тапқанымен, 
саудасы біртіндеп Жетісуға аяқ баса бастайды. Орта жүздің Жошыұлы Сарт атты төресі Батыс 
Сібір генерал-губернаторына Аягөз маңайында окружной приказ ашуға тілек қылған.
1831 жылы Аягөз округі құрылып, Сарт аға сұлтан болып сайланады. Бұл округтік приказдың 
ашылуы – орыстың Жетісу табалдырығын алғаш аттағаны еді деп түйеді Ілияс Жансүгіров.
Сыбанқұлдың орысқа қарсы шабуылдары, ақыры Қытай жағынан да қысым көріп, қолға 
түсіп жазалануы, 1841 жылы Томск губерниясында айдауда жүріп өлгендігі, содан соң елдің 
басылып қалғандығы туралы айтылған деректердің де Жетісу өлкесінің талапайға түсуіндегі 
себептерді нақтылы атап, саралап өтуімен мәнді. 
Билікке ұмтылған Сыбанқұлдың әуелде Қытай жағын арқаланып, орысқа қараған рулармен 
дау-жанжалда болуы ақыры өзі үшін де, ел үшін де зардапты болған. 
«Сыбанқұлдың қолға түсуі елірген елдің жығасын түсіреді. Орыс үстемдігін көтереді. 
Қытайға қарай сырғып көшкен ел өз қоныстарына қайта қонады. Сыбанқұл бастап жүрген рулар 
орысқа қарауға ұсыныс қыла бастайды. Орыс «ауыл», «болыс» жасауға кіріседі. Қаракерей
Садыр тып-тыныш орысқа қарайды. Бұлардың ішінен болыстар жасалып, сұлтандар тұрады» 
[1, 408 б.].
Ілияс Жансүгіров Орта жүздің Матайдан басқа рулары бұл кезде орысқа әбден қол қойып, 
бағынып орныққан кезі еді дейді. Ел басынан өткен дүрбелең шақтарды нақтылы мәнде егжей-
тегжейлі тарқата баяндайды.
«Орыс келіп Садырды қаратып жатқан кезде Лепсі мен Қаратал арасын мекендеп жүрген 
Матай деген ел орысқа қарамас үшін Ілеге қарай үркеді. Бұлардың ішінде Қоқан қолының жүздей 
адамы болады. Медведьев бастаған орыс әскері бұларды Қаратал мен Көксудың арасында қуып 
жетеді. Қазаққа орыс кісі салса да ел көнбей, орысқа қазақ соқтығады. Қоқанның туы қолында, 
казақ-орысқа Ташкен адамдарының бастығы қазақты бастап қарсы шықты. Әскер мылтық пен 
зеңбірек атады» [1, 408 б.]. 
Мақалада сол кезде зеңбірек оғы бір қазақтың басын жұлып әкеткенінде ел ішіне тараған 
өлең жолдары келтірілген. 
Әрияайдай, арбаның дөңгелегі,
Кейін қалды ауылымның бір бөлегі.
Кейін қалмай қайтеді бір бөлегі,
Шыдатпады кәпірдің зеңбірегі.
Сол күндерде орыс әскері қоқандықтармен алғаш түйіскен. 
Әрі қарай да зерттеуде көп тарих баяндалған. Үріккен елдің жансауға іздеп бірде Қытайға, 
бірде Орысқа, бірде Қоқанға баруы, өз басын өзі байлап бергендей кіріптарлыққа түсуінде 
алатайдай бүлігіп, руаралық қырқысудың да кесірі аз болмағанын аңлаймыз. «Бас-басына би 
болған өңкей қиқымның» Абай айтқан «ел сиқын бұзуы» ойға келеді.
«Матай осы үріккен бетімен осы күнгі Матай тауы атанған жердің маңайында болыпты да, 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
115
бірақ Матай өздері кезбас болып екіге бөлініп, бірін Күлшан Тастанбек бастап, бірін Қыдыралы 
Тәнеке бастап, екеуі екі жаққа тартады» [1,409 б.].
Мақалада қазақтың өз алдына тұтас жұрт болған ұйытқысы бұзылған соң жартысы орыс, 
жарымы қоқанға қараған тұстағы тарихта «Рүстем қырғыны» аталып қалған руаралық ірі 
шабыншылық жайы да ақиқат деректер ауқымында баяндалған. 
«Кенесары Қасымұлы бастаған азаттық күрес тарихын толықтыра жазуда ескерілуі тиіс 
деректер назар аударады. Кенесары барлық қазақ руларының басын қосып, жеке мемлекет 
жасауға талпынды. Ол қазақтың не орысқа, не сартқа, не қытайға қарауына разы емес еді. 
Ташкенмен де жау еді...
Кенесары осы жөнмен кейде Сібірде, кейде Орынбор даласының маңында он жылдай ашық 
көтеріліс, жорықтар жасап жүрді».
Бұл еңбектегі деректер қазіргі қазақстандық тарих ғылымында қаншалықты айналымға 
тартылып отырғандығы бір мәселе. Мақаланың келесі бір өзектілік өрісі Жетісудағы осы бір 
тарихи кезең туралы әдеби шығармашылықтағы көрініс табуы. 
Ілияс Жансүгіровтің осы зерттеуі, Жамбыл жырлаған Сұраншы батыр, Саурық батыр 
туралы дастандардың азаттық күрес тарихындағы мәні, әдеби мұрада сақталған. Әдеби мұрада 
сақталған Жетісу тарихына тиісті деректер тұрғысында арнайы зерттеулер жүргізілуі Отандық 
тарихтың елеулі кезеңдері туралы ғылыми танымды байытуда қайыры бір іс болар еді.
Сыя сауыт, қаламсыз,
Дәптер, кітап, қағазсыз
Ой қозғаған домбыра,
Сөз қозғаған домбыра,
Болған кезде Жамбылдың
Домбырамен жазуы – 
Жырланып еді осы жыр.
Жырламаймын десем де
Ел тілегі қоймады:
Таудан құлаған тарғыл тас,
Тарығып шығып көзден жас,
Кыспақ заман кездесіп,
Қайғы басып қарындас,
Тарыққанда сүйенер
Ел батырын ойлады,
Ойламасқа болмады.
Қабағы түсіп қамығып,
Батыр ұлын сағынып,
Ескіні еске түсіріп,
Жырым еді сондағы.
«Зар-заман» деп ат қойған,
Зарланған халық сонан ғой.
Зарлануы халықтың –
Шектен асып ушықты.
Айдаһар жұтып аюды
Шоңбас жеді шымшықты.
Лек-лек солдат айдатып,
Мойнына шекпен байлатып,
Оралдан өрлеп Алтайға
Алуға патша ынтықты.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
116
Садақ тартқан қазаққа
Түтіндетті мылтықты,
Ертістен өтіп, жоғары
Жетісуға қол сұқты... 
Бұрынғы қожа Құдияр
Қазанатын мінісіп,
Қомпаң-қомпаң желісіп,
Жағасыз көйлек киісіп... [2, 109 б.].
Ел тарихын түгендеуде, оның әдебиет тарихындағы ықпалды шығармашылық өріс 
түзгендігін бағалап саралауда зер салып зерттейтін елеулі міндеттердің бағытында Ілияс 
Жансүгіровтің «Жетісуды орыстың алуы» зерттеуі айрықша мәні бар еңбек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет