Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет74/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   225
Память во имя будущего

Қалмағанбет «халық жаулары Жүргенов, Әндіжанов, Әбдулхатов, Байжановпен байланыста 
болған, 1929-1930 жылдары жікшілдік топтарға қатысқан» – деген желеумен партия мүшелігіне 
кандидаттықтан шығарылып, ісі сотқа берілген.
Қызылорда облыстық сотының көшпелі сессия мәжілісінің шешімі бойынша ату жазасына 
кесілген. 
1938 жылғы Қаз.КСР Жоғарғы Сотының Үкімімен ату жазасы өзгертіліп, істі қайта қарауға 
жіберген. Қылмыс құрамы анықталмағандықтан Қызылорда облыстық сотының көшпелі 
сессиясының 1940 жылғы 10 ақпандағы шешімімен ақталған. Сөйтіп, екі жылдан аса жазықсыз 
жапа шегіп, солақай саясаттың құрбаны бола жаздаған. [242 қор, 1 ж. тіз. 75 іс]
Қармақшы аудандық газетінің редакторы Алматов Көшен 1932 жылдан бастап ВКП(б) 
қатарына кандидат болып қабылданған. 1937 жылдың 10 мамырдан мүшелігіне өткен, 1937 
жылы 18 қарашада аудандық газеттің редакторы қызметінде жүргенде Қармақшы аудандық 
партия комитеті «халық жауына қатысы бар» – деп ВКП(б) қатарынан шығарған,10 жылға бас 
бостандығынан айырып Ресейдің Ярославль облысы Рыбинск қаласындағы сол жағалауындағы 
НКВД-ның Волгалаг 7-құрылыс участогіндегі 4 колоннасына өтеуге жіберген.
Осы істе сол жазалау орнынан Сталинге жазған хаты, партиялық ісін қайта қарап, қалпына 
келтіруді өтініп, өлеңмен латын тілінде жазған арыз-өтініші тіркелген.
«Халық жауларын» әрбір партия ұйымдарында іздестіру, әшкерелеу жұмыстары кең 
өріс алды. Облыстық партия коллегиясының (1938 жылы парткомиссиялар осылай аталған) 
құжаттары арасында орынсыз, жазықсыз жалалы болып, «халық жауы» атанғандардың әділет 
іздеп, партиялық тазалығын дәлелдеп, араша сұрап, партиялығын қалпына келтіруді өтінген, 
партияның Орталық Комитеті Саяси Бюросына, жеке И.В.Сталинге жазған өтініштерінің 
көшірмелері кездеседі. [268 қор, 1ж., тіз. 10741 іс]
Мысалы, Орынбор темір жолына қарасты Қазалы бөлімшесінің саяси бөлімі бастығы
В.П.Гаврилов Ішкі Істер Халық Комиссариаты желілік транспорт органдарымен «халық жауы» 
ретінде айыпталған. 1938 жылы 6 ақпанда И.В. Сталинге жазған өтініш арызында Гаврилов 
ВКП(б) Қазалы аудандық партия комитетінің 1-хатшысы Патса Худайбергеновті, аудандық 
аткару комитетінің төрағасы Досымбаевты «халық жауы» деп жариялаумен бірге ол кісілермен 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
110
көзқарастары бірге, пікірлес жандарға да күдіктеніп қарап, сенімсіздік білдіру фактілері орын 
алғанын, негізсіз жазаланғанын атап көрсеткен. Істің байыбына барып, ақ-қарасын айырып 
зерттеместен дереу жиналыс өткізіп, партиядан шығарып газетке жариялап, отбасы мен 
баласы оқитын сыныпта да, «халық жауының баласы» деп хабарлаған. Жұмыстан босап, бүкіл 
қоғам алдында «халық жауы» қамытын киген ол барлық инстанциялардан апелляция жөнінде 
шағымданғанмен еш нәтиже шықпағандығын, мекен-жайын өзгертіп Куйбышев облысының 
Сызрань қаласына көшуге мәжбүр болғанын, алайда мынандай айып-жаламен еш жерге 
жұмысқа қабылданбай, өмір сүру мүмкіндігінен айырылғанын ашына баяндаған [268 қор, 1 ж. 
тіз. 10775 іс].
Қазалы ауданы «Дихан» колхозының басқарма бастығы Қазалы аудандық партия комитетінің, 
1937 жылғы 17 желтоқсандағы қаулысымен партиядан шығарылған. С. Дүйсенеевке тағылған 
басты айып та осы негізде болған, яғни, ол «халық жаулары аудан басшылары Досымбаев пен 
Худайбергенов сынды ұлтшылдармен тығыз идеологиялық байланыста болғандығы, зиянкестік 
әрекет ретінде 150 бау шөпті әдейі өртегені үшін, 450 сом колхоз мүлкін иемденгені үшін» – 
деп айыпталған.
Дүйсенеев Сермағанбеттің ісі қайта қаралып, Қызылорда облыстық партия комитеті 
28.08.1938 жылғы №18 бюро қаулысымен партиялылығы қалпына келтірілген [268 қор, 1 ж. 
тіз. 10780 іс].
1936 жылы Қазалы Ветзоотехникумының директоры Нұрымов Есказы партияға қарсы 
контрреволюциялық троицкистік-зиноньевшілдік идеологияны жақтағаны үшін Қазалы 
аудандық партия комитетінің бюро мәжілісі қаулысымен партиядан шығару жөніндегі қаулысын 
1937 жылғы 3 ақпандағы Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің бюро мәжілісінде 
мақұлдап, бекіткен, ісі сотқа беріліп, 1937 жылдың 19 желтоқсанынан 1939 жылғы 9 желтоқсан 
арасында екі жыл қамауда ұсталып, қылмысы дәлелденбегендіктен босатылған. Түрмеден 
босатылған соң Алматы кітапхана техникумының оқытушысы қызметіне қабылданған.
Қызылорда облыстық партия комитетінің 1940 жылғы 23 қыркүйектегі бюро мәжілісінің 
қаулысымен Оңтүстік Қазақстан облысының 1937 жылғы 3 ақпандағы бюро мәжілісінің шешімі 
өзгертіліп, партия қатарында қалдырылған [268 қор, 1 тіз. 686 іс, 36 бет].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет