Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет79/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
118
Келтіріліп отырған кәмпескеленген мүліктер тізімінде киіз үй, кілем, текеметтер бар
осы орайда аталған мүліктердің декрет және директивалар арқылы рәсімделмегенін (рұқсат 
етілмегенін) айту керек
[5]. Ары қарай құжатта «Байлардың кәмпескеленген малдары мынадай 
жолмен бөлініп берілді: байлардың өзіне ірі қара малға шаққанда 16 бастан, 4 артелдерге, ірі 
қара малға шаққанда 181 бас, оның ішінде 450 қой мен 150 ешкі, ал қалғандары ірі малдар, яғни 
түйелер, жылқылар және сиыр малдары осының бәрі артелдерге теңдей үлестіріліп берілді. 
Кәмпескеленген малдың қалған бөлігі 105 батрак пен кедейлерге, әрқайсысына ірі қара малға 
шаққанда 5 немесе 6 бастан бөліп берілді», – делінген. Бұл жерде кәмпескеленген малдардың 
ауылдан 100-деген және тіпті 1000-даған шаршы қашықтықта болуына қарамай тездетіп есепке 
алынуы осы мәселедегі шалағайлықты көрсетіп тұрғандай. 
БК(б)П-ның Қызылорда округтік комитеті секретариятының құпия мәжілісінде кәмпескелеу 
кампаниясын жүргізу барысында жіберілген жетімсіздіктер мен қателіктер тұрғысында «…ірі 
байларды дер кезінде жер аудармау, кәмпескеленген малдарды бөлу кезіндегі жайбасарлық, 
сонымен қатар қарастырылып отырған Қармақшы ауданында кәмпескеленген ірі байлардың 
белсенділік танытуына ешқандай кедергінің болмауы, олардың приговорларға кедей шаруаларды 
қосып жіберуін, (яғни оларды кәмпескеленетін шаруашылықтар тізіміне кіргізу) осының 
нәтижесінде тек бір ауылдан басқасы өтірік болып шықты (приговорларда 6 жасар бала, ауылдан 
тыс жерлердегі ауру-сырқаулар қатыстырылған, сонымен қатар халықтың психологиясына кері 
әсерін тигізетін үгіт-насихат жүргізіліп отырған». Осыған орай жазалау шаралары мынадай 
болды: «Аудандық атқару комитетінің ОАК төрағасы жолдас Қарақожаевқа және басқа да 
партия мүшелеріне байланысты барлық материалдар және осы және басқа да шалағайлықтарды 
жіберіп көзге түскендердің ісін партиялық жауапкершілікке тарту үшін Округтік Бақылау 
Комитетіне өткізу – Облыстық прокуратураға тез арада өтірік құжаттар құрап, елден қол жинауға 
түрткі болғандар мен бастамашыларға қатысты қылмыстық істі бастау керек. Бұл арада осы 
мәселелерге қатысты, кәмпескелеу барысындағы прокуратура өкілдеріне аудандық комиссия 
мен әсер ету комиссияларының арасында тек қосымша дауыс құқығы ғана берілгендігін 
айтуымыз керек. Партиялық жауапкершілікке тартудың оперативтілігі таңқалдырады- осылай 
аумақтық тексеру комиссиясы байлардың мүлкін кәмпескелеу барысындағы немқұрайлық 
пен партия бағытын дұрыс жүргізбегендігі үшін ОАК төрағасы Қарақожаев туралы барлық 
материалдарды Секретариат мәжілісінен кейін 10 күннің ішінде талап еткен» [6]. 
Байлардың шаруашылығын кәмпескелеу науқаны барысын барынша бақылауда ұстап 
отырған Қызылорда аймақтық партия комитеті жергілікті жерлерге өзінің 24 өкілін жіберді. 
Өңірде түсіндіру жұмысының нашарлығы атап өтіліп, мұның өзі ауылдардың астаң-кестеңін 
шығарды. «Базарларға мал толып кетті, еңбекші халық негізінен орташа шаруалар (заңға) 
кәмпескелеуге ілініп кетеміз бе», – деп қорықты. Осы орайда мынадай факт қызығушылық 
туғызады, онда «Арбакештер артелі Жусалы станциясынан Қарсақбайға жүктерін жеткізбей, 
кәмпескелеуге ұрынып қалудан қорқып, ауыл-ауылдарына қашып кеткен» [7]. Келтірілген 
мысалдар, орта шаруалардың азық-түлік салғырты мен ауыр салық кезеңінен аузы күйіп 
қалғандығын көрсеткендей, сондықтан да олар бұл Декреттің тек белгіленген және тізімі берілген 
шаруашылықтарды ғана қамтып, барлықтарына жаппай қатысты емес екендігіне сенбеді. 
Аймақтық комитет Арал аудандық комитетінің жұмысын ескере келе Декретті жүзеге асыру 
барысында, оны басқа да мәселелерді шешумен байланыстырылуын нұсқады. «Батрактар мен 
кедейлерді кәмпескеленген малмен қамти отырып, олардың көңіл-күйін колхоздар мен совхоздар 
ұйымдастыруға бұрған жөн. Кедейлер мен батрактарды малдарын жасырып жүргендерді 
анықтауға пайдалану керек» [8]. Сонымен қатар Қызыл Армия қатарына әскерге шақырылу 
мәселесі, сұраныстар және арыздармен жұмыс істеуді ұйымдастыру, индустриализациялаудың 
екінші Займының облигацияларын сатып алудың маңыздылығын түсіндіру қарастырылды. 
Сондай-ақ баспасөз бетінде берілген кәмпескелеу науқанына байланысты «Ошақбай кедейлерді 
дүрліктіріп жүр» (Сырдария окр.), «Ауылнайдың көмбесі», Сәрсенбай Малайдың өлеңі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет