Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет80/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
119
(Тереңөзек), «Байлар баратын жеріне жіберілді» (Қызылорда), «Дүйсенбі ауылында үн жоқ» 
(Арал ауд.), «Байлардан құтылдық» (Жаңақорған) деген топтамаларда «түсіндіру» жұмыстары 
әрине, өте ыждаһаттылықпен жүргізілді [9].
Үгітшілік жұмысының белсенді атқарылуының мысалы Тереңөзек ауданынан көруге 
болады. «…Халық толқулы, олардың қазіргі назары толығымен кәмпескелеу туралы заң мен 
осыған байланысты атқарылып жатқан істер төңірегінде. Кедейлер қауымы үкімет тарапынан 
жүргізілген іс-шараларға барынша ықыласты. Барлық дерлік кедейлер жиналыстарында байлар 
мен атқамінерлер туралы мәселелер қарастырылып, оларды кәмпескелеуге және жер аударуға 
жататындардың тізіміне қосу туралы бірауыздан шешімдер қабылдануда. Басқа аудандар мен 
жалпы аймақ бойынша да осындай талаптар қойылуда. Кәмпескелеуге тек ірі байларды ғана 
емес, сонымен қатар барлық атқамінерлер мен бұрынғы басқарушылардың писарьларын да 
іліктіру». Батрактар мен кедейлердің белсенділігі басқа да қырынан көрінген жайлар болды. № 
3 ауылдың кедейлері өздеріне қажетінен едәуір көп шөп жинап, кәмпескелеуден түскен малдан 
дәметіп, берілмеген малға қысқа дайындық жасады. (Қармақшы ауданында) [10]. Қазақ ауылы 
мен переселендік деревнядағы кедейлердің мұндай белсенділігі тек «түсіндіру жұмыстарының 
қайтарымы» деп ұғылмаса керек. Оның түбірі тіпті де тереңде жатқан сияқты – бірнеше 
ғасырлар бойы өмір сүріп келген шаруалар қауымдастығында, анығында, барлығы тани білген 
жеке меншік институты құралған жоқ болатын. Керісінше озбыр кулактың шаруашылығын 
жағып жіберу немесе шылқыған байдың малын айдап әкету тез қабылданатын.
Орташалар болса жоғарыда айтылған кәмпескелеуге түсіп қалуға қорқынышынан бөлек – 
«барынша күтушілік» позициясында болып үнсіз қалды, дегенмен де кедейлердің жиналысында 
қатысуда, белгілі бір жағдайда оларды қолдаған (жаны ашыған) сыңай білдіреді
[11]. Қайсібір 
жағдайда орташалар кедейлердің жиналыстарында сөз сөйлеп онда: «Байлар орташылардың 
шаруашылығына аз нұқсан келтіріп жатқан жоқ, олар барлық күшті жайылымдар мен егіс 
алқаптарын тартып алуда және өздерінің аталастары арасындағы ықпалдарын пайдалана 
отырып, орташаларды жеке мақсаттары жүзеге асуы үшін пайдалануда. Осылай №2 және №4 
ауылдардың екі орташасы өз еріктерімен ықпал ету комиссиясына кіріп, кедейлермен бірге 
түйелерге мініп Қостанай аймағындағы кәмпескелеуге жататын шаруашылықтарға жеткізуге ат 
салысты»
[12]. Орташалардың «күтушілігі» мен «үнсіздігі» олардың меншікке деген салмақты 
саналы көзқарасымен, оны құрау мен жинақтау үшін толықтай бір ұрпақтардың еңбегі қажет 
екендігін ұғынуымен түсіндірілсе керек. Ал кедейлер мен батрактар болса, өз қарсыластарының 
әлсіздігін пайдаланып, оларды тіптен құртып жіберу үшін осы науқанға білек сыбана кірісті. 
Басқа да себептер ретінде «орташалардың науқанға (кампанияға) нашар ат салысуына, олардың 
көпшілігінің әлі де жайлаудан көшіп келе алмағандығы, сонымен қатар кампанияның егін 
жинау мен шөп, пішен дайындау жұмыстарының қызған шағымен дәлме-дәл келуі» айтылады
[13]. Әрине, өз шаруашылығымен әлек, жұмыс басты орта шаруаның әр түрлі жиналыстарға 
қатысуға мүмкіндігі болмайтын еді. 
Тиісінше « бос уақыты мол», – яғни өз шаруашылығы жоқ кедейлер мен батрактар 
кәмпескелеу жұмыстарына қызу ат салысты. Ықпал ету комиссиясына мүше 10 батрак 
уәкілдермен бірге Қызыл Құмнан екі байдың малын айдап келу үшін қиян даламен 1 мың 600км.
(верст) жер жүріп өткен. Тереңөзек ауданындағы ауылдың ықпал ету комиссиясының мүшелері 
байлардың малын алып келу үшін 200-300км қашықтықтағы жайлауға барып-келген. №20 
ауылдың да комиссия мүшелері байлардың малын алып келу үшін 300-400 км қашықтықтағы 
жайлауға осы мақсатта барған. Көрсетілген жәйттер кәмпескелеу кезеңінде нақтылы мал санын 
анықтаудың мүмкін болмағандығын көрсетеді. Себебі, осыншама үлкен қашықтықтан, дұрыс 
бағыт-бағдарды, құдықтардың қайда екендігін нақты білмей, сонымен қатар экспедицияның 
ішіп-жемінің жетіспеуі салдарынан, малдарды аудан орталықтарына айдап келудің оңай 
болмағандығын көрсетеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет