Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет82/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   225
Память во имя будущего

Әдебиеттер тізімі:
1. «Еңбекші қазақ» 1928 жыл, 5 қыркүйек, № 204.
2. Қызылорда облысы әкімінің мұрағаты (әрі қарай ҚОӘМ) 6 – қор. 1 – тізбе. 13 – іс. 40-41 
– п.п.
3. Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты (әрі қарай ҚОММ) 2 – қор. 2 – тізбе. 2 – іс. 
170 – п. 
4. ҚОММ. 2 – қор. 2 – тізбе. 1 – іс. 182 – п.
5. ҚОММ. 2 – қор. 2 – тізбе. 7 – іс. 1 – п.
6. ҚОӘМ 6 – қор, 1 – тізбе, 13 – іс 24 – п.
7. ҚОӘМ 6 – қор, 1 – тізбе, 13 – іс, 43 – п.
8. ҚОӘМ 6 – қор, 2 – тізбе, 18 – іс, 46-47 – п.п.
9. «Еңбекші қазақ» 1928 жыл, 5 қараша, № 256.
10. ҚОӘМ 6 – қор, 2 – тізбе,18 – іс, 48-49 – п.п. 
11. ҚОӘМ 6 – қор, 2 – тізбе,18 – іс, 50 – п.
12. ҚОӘМ 6 – қор, 2 – тізбе,18 – іс, 51-52 – п.п.
13. ҚОӘМ 6 – қор, 2 – тізбе,18 – іс 53 – п.
14. ҚОӘМ 6 – қор, 2 – тізбе, 18 – іс, 55-56 – п.п.
15. ҚОӘМ 6 – қор, 2 – тізбе, 18 – іс, 59-60 – п.п. 
16. ҚОӘМ 6 – қор, 2 – тізбе, 18 – іс, 63-64 – п.п.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
122
ХХ ҒАСЫРДЫҢ 30-40 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ КҮШТЕУ САЯСАТЫНЫҢ 
САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ЗАРДАПТАРЫ
Ә.С. Беккулиева,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда 
мемлекеттік университетінің магистранты
Қызылорда қ., Қазақстан
Кеңестік тарихнамада БК(б)П ХҮ съезінің 1927 жылдың желтоқсанындағы шешімдері 
ауылдарды жаппай ұжымдастыруға бет бұру деп түсіндірілді. Алайда, съездің қалай дегенмен 
де «желдің қай бағыттан соғатынын және ел басшылығының қалай қарай бет бұра бастағанын» 
түсіндіре алғанын мойындау қажет. 
Жылға жетпейтін уақыт ішінде (1927 жылдың ортасынан 1928 жылдың маусымы 
аралығында) Қазақстанда колхоздардың (ұжымшарлардың) саны 581% (324-тен 1881-ге) 
көбейсе де, бүкіл аграрлық секторда үлесі санаулы, 1/8% күйінде қалды. 
1928 жылғы маусымның басында Мәскеуде колхозшылардың Бүкілодақтық бірінші съезі 
ашылды. Онда «шаруалардың колхоз құруға деген жаппай құлшынысы» туралы көтеріңкі 
көңіл-күйлерін қорытындылай келіп, Одақтық Жер халық комиссары Я.А.Яковлев былай деді: 
«Нағыз бұқаралық, кең ауқымды қозғалыс төменнен туады. Біздің органдар төменнен басталған 
осы қозғалысқа көмектесу үшін қандай өндірістік және ұйымдық шаралар қабылдау қажеттігін 
шешуі тиіс». «Көмек» тез көрсетілді, бірақ тіпті де колхоздарды материалдық ресурстармен 
қамтамасыз ету тұрғысынан емес. Мұндай көмекті қалағанның өзінде, ешкім көрсете алмас еді, 
өйткені ол «арбаға ат емес, атқа арба жегу» болып шығар еді: ұжымдастыруға индустрияландыру 
көмектескен жоқ, қайта керісінше болды. Осыған орай Н.Бухарин кекесінмен: «мың ағаш соқа 
бір трактордай бола алмайды» деген болатын [1, 240 б.]. 
РКФСР Жер халық комиссариаты мен колхоздастыру орталығының 1928 жылғы көктемде 
әзірлеген алғашқы перспективалық жоспары 1928-1932 жж. 1,1 млн шаруа шаруашылықтарын 
(бүкіл ел бойынша) тартуды көздеді. 
Сталин: «Біздің жоспарларымыз болжам тұрғысында емес, нақты басшылық нұсқау – 
жоспарлар», – деп, өсиет еткендіктен, сол өсиетке сай колхоздарға кіретін «еріктілер» саны көп 
болуға тиіс еді. Сөйтіп, «жан қалауының» қанат жаю бағдарламасын өкімет алдын-ала жасап 
қойды, «колхоз құрылысының еріктілігі мен елдің өз қалауы» төңірегінде насихат жұмыстары 
жүргізілді. Алдағы асулар айқындалды. Алайда одан да биіктік «шыңдарды» бағындыруға 
тыйым салынбады. БК(б)П Қазөлкомның Бюросы 1929 жылғы 1 қазанда республикада 
5144 колхозға 92 мың шаруашылықтың немесе олардың жалпы санының 7/4%-ның кіргенін 
қанағаттанарлық сезіммен қуана хабарлады. 
Колхоздастыру науқаны кең серпін ала түсті. Ресейдегі Қазан төңкерісінің он екі 
жылдығына (1929 жылдың 7 қарашасы) «Правда» газеті Сталиннің «Ұлы бетбұрыстар жылы» 
атты мақаласын жариялады, онда ерекше шабытпен (бірақ ақиқатқа сай келмейтін): «Қалың 
шаруа бұқарасы мақтаулы «жеке меншік» туын лақтырып тастап, ұжымдастырудың даңғыл 
жолына өтуде» деп жазылды [1, 241 б.].
Колхоздастыру ісін ретке келтіру және барынша жөнге салу үшін нұсқаулыққа жоспарлы 
сипат беру жөнінде шешім шығарылды. Осыған байланысты 1929 жылдың желтоқсанында 
Я.А.Яковлев басқарған арнаулы комиссия құрылды. БК(б)П ОК Саяси бюросының шешімімен 
оның құрамына орталық пен жергілікті партиялық-үкіметтік және шаруашылық органдарының 
орынбасары Т.Рысқұлов пен Қазөлком хатшысы Ф.Голощекин енгізілді. 
Ресейдегі Қазан төңкерісіне дейінгі губерния, уезд, болыс және ауылдар әкімшілік 
бөліністердің негізінде 1928 жылдың жазында округтер мен аудандар болып құрылды. Жаңа 
аудандық бөліністер партия және Кеңес орындары бұқараға етене жақындасудан туындаған деп 
түсіндірілді. Бұл шешім халықтың өндірістік, мәдени-тұрмыстық және діни ерекшеліктерін




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет