Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі


ЖЫЛҒЫ ІРІ БАЙЛАРДЫ ТӘРКІЛЕУ НАУҚАНЫ



Pdf көрінісі
бет118/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   225
Память во имя будущего

1928 ЖЫЛҒЫ ІРІ БАЙЛАРДЫ ТӘРКІЛЕУ НАУҚАНЫ
С.О. Қуаныш,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университетінің Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының меңгерушісі
тарих ғ.к., доцент
Атырау қ., Қазақстан
31-мамыр – Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде 
ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап аталып келеді. Горбачевтік «жариялылықтың» соңғы 
жылдары архив құжаттарының ашылуына байланысты отандық тарихшылардың 1931-1933 жж. 
аштық, саяси қуғын-сүргін туралы біраз жаңа еңбектері жарық көрген болатын. Келтірілген 
фактілер, тың мәліметтер бұрыннан да белгілі болса да, бұл нәубеттің ауқымы, оның кейінгі 
ұрпаққа тигізген зардаптары туралы ашық айтыла бастады.
Алайда ашаршылықтың тарихын обьективті тұрғыдан зерттеу және лайықты баға беру 
тек тәуелсіздік жылдары ғана мүмкін болды. Қазақстан Республикасының Президенті 
Н.Ә.Назарбаев «Кеңес Одағы аумағында 1932-1933 жылдары болған ашаршылық адамзат 
тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі. Қазақ сондағы жасанды зауалдан ең қатты зардап 
шеккен халықтардың бірі сол жылдары нәубетке ұшырамаған, аштық тауқыметін тартпаған 
қазақтың болмағаны, мұның барлығы сол кездегі кеңестік биліктің тоталитарлық саясатымен 
қолдан жасалғаны» деп тегін айтқан жоқ.
Ашаршылықтың себеп-салдарын жан-жақты зерттеу үшін оның хронологиялық шеңберін 
кеңейту және В.Лениннің, Л.Троцкийдің, И.Сталиннің және басқа көсемдердің еңбектерімен, 
1917 жылы басталған большевиктік саясаттың бағдарламалық мақсаттарымен, партиялық 
съездерінің қаулыларымен және нақты жүзеге асырылуымен, байланыстыра қарастыру қажет.
Қазақ даласындағы ашаршылық бұрынғы Ресей империясында өз билігін орнатып, оны 
бүкіл әлемге, бірінші кезекте дамыған Еуропа елдеріне таратуды мақсат тұтқан большевиктердің 
саяси-әлеуметтік экспериментінің бірі ғана болатын. Еш жерде большевиктерді құшақ жая 
қарсы алмайтындығы белгілі, сондықтан «перманентті революцияны» тек қарудың күшімен 
ғана жүзеге асыруға болатын. Осы мақсатта кеңес билігі Екінші дүниежүзілік соғысқа 
дайындықты ерте бастап, бар қаржыны қарқынды индустрияландыруға жұмсады. Ол қаржы тек 
ауыл шаруашылығының, шаруалардың есебінен жүргізілгені және сол мақсатта миллиондаған 
отандастарымыздың өмірі аяусыз құрбандыққа шалынғандығы анық.
Бұл кең көлемді эксперимент қазақ даласындағы кеңес билігінің тірегі болатын күштердің 
аздығынан, тіпті жоқтығынан, күштеу арқылы дәстүрлі қазақ қоғамын қиратып, орнына жаңа 
қоғам құруға негізделді. Ол үшін «қанаушы таптарды шектеу және ығыстыру, оларды толықтай 
жою» саясаты жүргізіліп, көшпелі және жартылай көшпелі халық отырықшы шаруашылыққа 
айналдырылуы тиіс еді. Енді осы саясаттың жүзеге асырылуы қалай жүргенін хронологиялық 
ретімен қарасақ:
– 1920 ж. 9-наурыздағы Алашорданы тарату туралы Казревком шешімі және кедейлердің 
«Қосшы одағы» ұйымы құрылды;
– 1921-1922 жж. елдің біраз жерін жайлаған аштық, 2,3 млн. ашаршылыққа ұшыраған адам, 
малдың 80% жұттан қырылды;
– 1924 ж. қантардан бастап үкімет шешімімен шаруалардан ауылшаруашылық салығы тек 
ақшамен алына бастады


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
168
– 1925 ж. БК(б)П-ның XIV съезі белгілеген социалистік индустрияландыру, Ф.Голощекиннің 
«ауылды кеңестендіру» ұраны және ауылда тап күресін шиеленестіру бағыты басталды;
– 1926 ж. бұрынғы алашшылдар Ә.Бөкейхановты, М.Дулатовты, Ж.Аймауытовты қудалау 
басталып, жергілікті партия басшылары С.Сәдуақасов, С.Қожанов және т.б. «ұлтшыл-уклонист» 
ретінде айыпталды;
– 1926 ж. көктемде байлардың иелігіндегі 1,3 млн. га шабындық және 1,25 млн. га жерді 
кедейлерге үлестірілді;
– 1927-1929 жж. Ф.Голощекиннің «Кіші қазан» саясаты басталды және мемлекет 
қайраткерлері Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Қожанов, т.б. республикадан аластатылды;
– 1927 ж. желтоқсан БК(б)П-ның XV съезі – ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты 
жарияланды және ауылдык кеңестерге жаңа сайлау барысында байлар деп есептелгендер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет