сұрағандарыңның бәрін берді. Егер Алланың
нығметтерін есептейтін болсаңдар, санына жете
алмайсыңдар. Расында адам өте әділетсіз әрі
шүкірсіз» (Ибраһим, 34).
Сол нығметтердің бірі денсаулық пен бос уақыт.
Тәннің саулығын буын сырқырап, сырқаттанғанда
ғана білеміз. Әрбір пенденің ең басты қазынасы
– өмірі. Ол өмір жолы жылдардан, айлардан,
күндерден, сағаттардан, мезеттерден тұрады. Сол
уақыттың қадірін біліп, Раббының разылығы үшін
мүлтіксіз пайдаланып жатқан пенде кемде-кем.
Сондықтан Пайғамбар (с.а.с.) осы айтылған екі
нығметтің әрдайым назардан тыс қалатындығын
үмбетіне ескертіп: «Адамдардың көбі екі нығметтің
қадірін дұрыс білмейді. Олар – денсаулық пен бос уақыт»,
– деген. (Бұхари, Термези риуаят еткен).
Мұсылман пенде нығметке қуанып, белгілі бір
табысқа жеткенде Аллаға шүкіршілігін білдіруі керек.
Ол үшін шын ықыласпен «Әлхамдулилләһ» деп
айтудың өзі жеткілікті. Рахымдылардың рахымдысы
Раббымыз бізді Өзінің нығметтеріне шүкір ететін
шүкіршіл пенделерінен қылғай.
Жеңіс айы
Құран Кәрім түскен рамазан айы ғажайыптар
мен кереметтерге толы әрі бұл айдың да керемет
сырлары таусылмайды. Рамазан айы сабыр мен
ғибадаттың, төзімділіктің, нәпсіні тәрбиелеудің айы.
Нәпсісін тезге салу арқылы пенде өзінің рухани әрі
денелік шама-шарқын, дәрменсіздігін біліп, өзін-өзі
таниды. Ал кім өзін-өзі таныса Алланы тануға қадам
жасайды. Жұмақ жолы жеңіл емес. Оған Алланың
разылығы үшін нәпсісімен күресіп, хақ жолында
аянбай күрескендер ғана кіре алады. Осы рамазан
айындағы мұрсатты пайдаланған әрбір пенде өзін-
өзі жақсы жаққа өзгерте алады. Алла Тағала былай
дейді: «Алла бір қауымды қашан олар өз-өздерін
өзгерт-пейінше өзгертпейді» (Рағыд, 11).
Ұлық айдың ғажайыптары көп. Бұл айда жасалған
әрбір жақсылықтың орны ерекше. Имам Бәйһақи
таратқан риуаятта Пайғамбар (с.а.с.): «Егер Алланың
пенделері осы айдың берекесі мен артықшылығын білсе,
рамазан айының жыл бойы болғанын қалар еді», – деп
берекелі айдың баға жетпес биік мәртебесін анықтап
берген.
Ислам тарихында нақ осы рамазан айында
мұсыл-мандар көптеген жеңістерге қол жеткізген.
Солардың ең біріншісі Ислам тарихындағы ең алғашқы
жеңіс Бәдір шайқасы болатын. Бұл имандылық пен
күпірліктің алғаш рет бетпе-бет келген кезі болатын.
Бәдір шайқасы Пайғамбар (с.а.с.) Меккеден Мәдинаға
көшкеннен кейін екінші жылы рамазан айының екісі
күні орын алды. Бұл шайқастың баяны мынадай.
24
25
Достарыңызбен бөлісу: |