Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Биыл бірінші рет ораза ұстап жатырмын. Бірнеше



Pdf көрінісі
бет10/60
Дата24.03.2024
өлшемі1.03 Mb.
#496354
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Сұрақ:
Биыл бірінші рет ораза ұстап жатырмын. Бірнеше 
күн сәресі уақыты күн шыққанға дейін жалғасады деген 
оймен тамақтанып жүрдім. Кейін оның дұрыс еместігін 
білдім. Бұндай жағдайда алғашқы ораза ұстаған күндерім 
не болады?
Жауап: 
Жалпы шариғат бойынша оразаның басты 
шартының бірі – уақыт. Яғни ауыз бекіту және ауыз ашу 
уақыты. Ауыз бекіту таң намазы уақытының кіруімен 
басталып, күннің батуымен аяқталады. Сондықтан сіздің 
жағдайыңызда сәресі уақытын дұрыс білмегендіктен сол 
күндердің қазасын өтеуге тура келеді.
Сұрақ:
Таң намазынан соң күн шыққанға дейін ішіп-
жеуге бола ма?
Жауап: 
Таң намазы кірген соң ішіп-жеуге болмайды. 
Құранда «Бақара» сүресінің 187-аятында:
«Таңның ақ жібін 
Сәресіге қатысты


16
түннің қара жібінен ажыратқанға дейін жеп-ішіңдер. Содан 
кейін күн ұясына батып, ымырт түскенге дейін оразаны 
толық ұстаңдар», – делінген. Шариғат бойынша түн күннің 
батуымен басталады.
Сұрақ:
Құрмамен ауыз ашудың сыры неде және одан 
басқа немен ашуға болады?
Жауап: 
Адам ағзасына қажетті он элемент құрмада бар. 
Күн бойына жоғалтқан дәрумендер құрма арқылы қалпына 
келеді. Құрмамен қатар, қара су, мейіз, кепкен өрік, бал 
сияқты нәрлі және от тимеген тағам түрімен ауыз ашуға 
болады.
Сәресіге қатысты


17
ОРАЗАНЫ БҰЗАТЫН ЖӘНЕ БҰЗБАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР
Сұрақ:
Қандай жағдайда оразаның қазасы ғана өтелуі 
тиіс?
Жауап: 
Төмендегі жағдайларда оразаның тек қазасын 
өтеу міндеттеледі. Олар:
1. Ораза екенін білетін адам дәрет алып жатқанда немесе 
басқа себептермен тамағынан байқаусызда судың кіріп 
кетуі;
2. Ұйқыдағы адамға су ішкізу; 
3. Ауыр жұмыста жүріп науқастанып қалу жағдайында 
немесе сенімді мұсылман дәрігердің сөзіне сүйеніп 
яки өз басынан өткізген тәжірбиесіне сүйене отырып, 
«денсаулығыма зиян тиеді» деп оразасын бұзу;
4. Ұмытып бір нәрсе ішіп-жеген кезде «оразам бұзылды» 
деген оймен ішіп-жеуді жалғастыру;
5. Түнде ниет ете алмай күндіз ниеттенген адамның бұған 
көңілі толмай ішіп-жеуі;
6. Түнде оразаға ниет етіп, бірақ таңертең сапарға шығып, 
жолда оразасын бұзатын болса;
7. Түнде ораза ұстауға ниет еткен жолаушының тұрғын 
болуға ниеттенгеннен кейін ас жеуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет