Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар



Pdf көрінісі
бет12/60
Дата24.03.2024
өлшемі1.03 Mb.
#496354
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар


19
болсын) құрманы әлгі адамға беріп, кедейлерге таратуды 
бұйырады. Сонда әлгі кісі: «Бізден артық мұқтаж кісі бар ма 
екен?» – дегенде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты 
мен сәлемі болсын) күлімсірегеннен тістері көрініп: «Бар да, 
мұны отбасыңа бер!» – деді 
(Бұхари)
. Қазіргі таңда құлдық 
жүйе жойылғандықтан оразаның каффараты ауыз бекіту 
немесе кедейлерді тамақтандыру арқылы өтеледі.
Сұрақ:
Рамазан оразасын әдейі бұзған адамды күштеп 
сол күні сапарға алып кетсе мойнынан каффарат түседі ме?
Жауап: 
Жоқ, бұл жағдайда каффарат мойнынан түспейді.
Сұрақ:
Каффаратын өтеуге кіріскен адам ауырып 
оразасын тоқтатса, каффаратты қайта бастайды ма, әлде 
жалғастыруға рұқсат па?
Жауап: 
Қайта бастайды. Себебі, каффарат оразасының 
күндері үзілмеуі шарт.
Сұрақ:
Каффаратты оразамен өтеуге шамасы келмейтін 
кісі 60 күндік тамақтандыру ақшасын бір адамға берсе 
бола ма?
Жауап: 
Жоқ, болмайды. Мына үлгімен өтеледі: алпыс күн 
бір адамға беру немесе бірнеше адамға бірнеше күн беру. 
Ең соңғысы, алпыс мұқтажға екі мезгіл тамағының ақшасын 
беру.
Сұрақ:
Бұрынғы өтелмеген бірнеше каффаратты бір 
каффаратпен өтеуге бола ма?
Жауап: 
Иә, болады. Бір емес бірнеше каффарат қарызы 
бар кісі 60 күн ораза ұстаумен барлық каффараттан 
құтылады.
Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар


20
Сұрақ:
Қағаз жұтса каффарат міндет пе?
Жауап: 
Қағаз жұтса ораза бұзылады, бірақ каффарат 
міндет емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет