Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Ораза ұстауға қалай ниет етіледі?



Pdf көрінісі
бет7/60
Дата24.03.2024
өлшемі1.03 Mb.
#496354
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Сұрақ:
Ораза ұстауға қалай ниет етіледі?
Жауап: 
Оразаға былай ниет етіледі: «Нәуәйту ән асумә 
саумә шаһри рамаданә минәл фәжри иләл мәғриби халисан 
лилләһи таъалә». 
Мағынасы: «Алланың разылығы үшін рамазан айының 
оразасын таңнан кешке дейін ұстауға ниет еттім».


12
Сұрақ:
Рамазан оразасы қаза болған жағдайда оған 
қалай ниет етіледі?
Жауап: 
Мойнында бір күндік немесе одан артық рамазан 
оразасының қазасы бар адам бұл оразалардың қазасын 
өтегенде: «Мойнымдағы қазалардың ең алғашқысын 
(немесе ең соңғысын) өтеуге» деп ниет етеді. Сондай-ақ: 
«Рамазан айының қаза болған оразасын таңнан кешке 
дейін өтеуге ниет еттім» деп айтуына да болады.
Сұрақ:
Құбылмалы яки шартты түрде ниет етуге бола 
ма?
Жауап: 
Жоқ, ниет құбылмалы және шартты болмауы 
керек. Мысалы, «ертең қонаққа шақыра қалса, аузымды 
ашуға, егер шақырмаса, ораза ұстауға ниет еттім» деп ниет 
етуге болмайды. Мұндай құбылмалы ниетпен ораза дұрыс 
болмайды. Сонымен қатар екі ойлы болып, «Алла қаласа, 
ертең ораза ұстауға ниет еттім» деп ниет етуге де болмайды. 
Ал «Алла қаласа» деген сөзді Алланы еске алу үшін ғана 
айтып, нақты ораза ұстау ниетінде болса, онда бұлай ниет 
етуінде сөкеттік жоқ.
Сұрақ:__Қаза_және_нәпіл_оразаға_бірдей_ниет_етсе_бола_ма_Жауап'>Сұрақ:
Қаза және нәпіл оразаға бірдей ниет етсе бола 
ма?
Жауап: 
Қаза және нәпіл оразаға бір ниет жарамайды. 
Өйткені, әрбір ораза өз алдына бөлек ғибадат.
Сұрақ:
Оразаны арықтау, яки көппен бірге ұстай 
салайын деп ұстауға бола ма?
Жауап: 
Оразаны тек арықтау үшін немесе денсаулығым 
жақсарсын деп, яки көппен бірге ұстау дұрыс емес. Әуелі 
ниетті түзеп, бір Алланың ризалығы және парыз болғандығы 
үшін ұстайды. Сонда Алланың разылығын да алады, 
денсаулығына да оң әсері тиеді. Кез-келген құлшылықтың 
Оразаға ниет


13
қабыл болуы ниетке байланысты. Себебі, Пайғамбарымыз 
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисте: 
«Амалдардың барлығы ниетке байланысты», – деген. Олай 
болса біздің Рамазан айында жасаған құлшылықтарымыз 
да ниетімізге байланысты мың құлшылыққа пара-пар 
болмақ. Кім қандай ғибадат жасаса да, оны шын ықыласпен 
орындауы тиіс. Әйтпесе, жасаған құлшылықтан еш пайда 
болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет