Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Жалпы сәресіге тұрмай ораза ұстауға бола ма?



Pdf көрінісі
бет9/60
Дата24.03.2024
өлшемі1.03 Mb.
#496354
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Сұрақ:
Жалпы сәресіге тұрмай ораза ұстауға бола ма?
Жауап: 
Иә, сәресіге тұрмай-ақ ораза тұтуға болады. 
Алайда, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен 
сәлемі болсын): «Бір жұтым су ішсеңдер де сәресін үзбеңдер. 
Өйткені Алла Тағала мен періштелер сәресіге тұрғандарға 
жақсылық тілейді», – деген өсиеті бар. Сонымен қатар 
сәресіге тұрып ас ішу немесе ең болмаса су ішу не құрма 
жеу күні бойы адамға қуат береді. Нәтижеде, ораза ұстауда 
түрлі қиындықтардың алдын алуға септігін тигізеді.
Сұрақ:
«Сәресі ішіңдер, сәресіде берекет бар» деген 
хадисті түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: 
Сәресі ішудің өзіндік берекеті мен артықшы- 
лықтары бар. Атап айтқанда: Сәресіге тұрған адамды Алла 
рақымына алып, жарылқау тілейді; Сәресіге тұру – сүннет; 
Құлшылыққа күш-қуат береді; Ширақтықты арттырады 
(белсенділік, энергия, т.б); Аштықтан келетін нашар мінездің 
алдын алады; Сәресі дұға қабыл болатын уақыт; Сәресіде 
ниетті түзеп, ықыласты арттыруға мүмкіндік туады; Сәресіге 


15
тұрған адам таң намазына ұйықтап қалмайды.
Сұрақ:__Сәресі_уақыты_өтіп_кеткенде_білместікпен_ішіп-_жеп_қойса_не_болады_Жауап'>Сұрақ:
Сәресі уақыты өтіп кеткенде білместікпен ішіп-
жеп қойса не болады?
Жауап: 
Бұндай жағдайда «оразам бұзылды» деп ойлап
аузын ашып жіберуіне болмайды. Оразасын әрі қарай 
жалғастырады. Кейін сол күнгі оразаның қазасын өтейді.
Сұрақ:
Таң намазына 2 минут қалғанда ауыз бекітсе 
бола ма?
Жауап: 
Азан айтылғанға дейін ішіп-жеуге болады. 
Хадисте: «Сендер Ибн Умму Мәктум азан шақырғанға дейін 
ішіп-жеңдер», – деген 
(Бұхари)
. Ал егер ұйықтап қалудан 
қорықса, сәресін ертерек ішіп, ниет етіп, ұйықтауына 
болады. Дегенмен, сәресіге тұрып тамақтанғаны абзал. 
Өйткені, сәресіде береке бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет