Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Құдси хадисте Алла Тағала: «Оразаның сауабын



Pdf көрінісі
бет3/60
Дата24.03.2024
өлшемі1.03 Mb.
#496354
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Сұрақ:
Құдси хадисте Алла Тағала: «Оразаның сауабын 
Мен беремін», – дейді. Оразаның басқа құлшылықтан 
айырмашылығы неде?
Жауап: 
Бұл имам Бұхари мен Мүслим хадистер жина- 
ғында келген хадис. Риуаятта Алла Тағаланың: «Адам 
баласының оразадан басқа барлық амалы өзіне. Ол (ораза) 
Мен үшін. Оның сауабын Мен беремін...», – дегені көрсетіледі. 
Хафиз Ибн Хажар (Алла оны рақымына алсын) аталмыш 
хадиске сүйене отырып неліктен ораза ерекше ғибадат 
екеніне қатысты ғалымдардың бірқатар тұжырымдарын 
жинақтаған. Солардың бірнешеуіне тоқталайық:
Рамазан оразасына қатысты


7
1. Ораза – рия (көзбояушылық) араласпайтын құлшылық. 
Имам Қуртуби: «Құлшылықтардағы ниетке көзбояушылық 
кіре алады. Ал, оразаны Алладан басқа ешкім көрмейді. 
Сондықтан Алла Тағала Құдси хадисте: «Пендем мен үшін 
(оразада) құмарлығын тыяды», – деп айтқан.
2. «Оның сауабын Мен беремін» деген сөздің мағынасы: 
«Оразаның сауабы мен мөлшері Маған ғана аян», – дегені. 
Имам Қуртуби құлшылықтардың сауабы жайлы риуаяттар 
келтіреді. Хадисте: «Адам баласының әрбір амалының 
сауабы оннан жеті жүзге дейін еселенеді...» деп айтылған. 
Демек, әрбір амалдың сауап мөлшері жайлы хабардармыз. 
Ал, оразаның сауабын тек Алла ғана біледі.
3. Ораза – теңдесі жоқ құлшылық. Мәселен, мешітті 
Алланың үйі деп атаймыз. Оның мәні, мешіттің дініміздегі 
мәртебесі мен маңыздылығы жоғары екенін аңғартады. 
Сол сияқты «Ораза Мен үшін» деп Алла Тағала оразаны 
айшықтап айтуы аталмыш құлшылықтың терең сырын 
аңғартады.
Сұрақ:
Қолдың да, аяқтың да оразасы бар деп жатады. 
Мұны қалай түсіну керек?
Жауап: 
Имам Ғазали Ихия улум әд-Дин кітабында (1/234-
б.): «Оразаның үш деңгейі бар. Мұны біл», – деп жазады. 
Ғұлама сөзін жалғастырып: «Көпшіліктің оразасы (умум), 
ерекше ораза (хусус) және арнайы ораза (хусус әл-хусус). 
Көпшіліктің оразасы – асқазан мен құмарлықтан тыйылу. 
Ерекше ораза – құлақ пен көзді, тіл мен қол-аяқты және 
басқа да дене мүшелерін күнә атаулыдан тыю. Ал, арнайы 
ораза – жүрек оразасы. Бұл – жаман ой мен дүниелік 
пікірден тұтастай арылып, Алладан басқа барлық ойдан 
толығымен тыйылу», – дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет