Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Бірнеше жыл Рамазан оразасын қаза еткен әйел



Pdf көрінісі
бет14/60
Дата24.03.2024
өлшемі1.03 Mb.
#496354
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Сұрақ:
Бірнеше жыл Рамазан оразасын қаза еткен әйел 
пидия беруі керек пе?
Жауап: 
Жоқ. Пидияны тек өмір бақи ораза ұстай 
алмайтын адам ғана береді.
Сұрақ:
Рамазан оразасынан басқа кезде оразаны әдейі 
бұзу каффаратты міндеттей ме?
Жауап: 
Рамазан айынан басқа бұзылған оразаның 
каффараты жоқ. Тіпті, рамазан оразасының қазасын ұстап, 
оны әдейі бұзса да каффарат емес, тек қазаны басқа күні 
қайтадан өтейді.
Сұрақ:
Рамазан оразасын ұстаған адам ғайбат айттым, 
оразам бұзылды деп әдейі жеп қойса, не болады?
Жауап: 
Ғайбат, өтірік сөз оразаны бұзбайтын амал
екенін біле тұра, оразам бұзылды деп ішіп-жесе, каффа- 
рат міндет. Ал егер ғайбат оразаны бұзбайтынын білмесе, 
әрі хадисті қате түсініп, оразам бұзылды деп жеп-ішсе, бір 
күндік қазаны ғана өтейді.
Сұрақ:
Ұмытып ішіп-жеп қойса ораза бұзылады ма?
Жауап: 
Тамақ яки суды байқаусызда ішіп қою оразаны 
Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар


22
бұзбайды. Себебі, ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзатын амал- 
дарға жатпайды. Мұндай жағдайда оразаны жалғастыра 
беру керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты 
мен сәлемі болсын): «Аузы берік адам ұмытып ішіп-жесе
оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткені, оған жегізген де, 
ішкізген де Алла», – деген 
(Бұхари, Мүслим)
. Алайда ораза 
екендігі есіне түскен сәтте ішіп-жеуін дереу тоқтатуы шарт.
Сұрақ:
Ауызашар уақыты кірді деп ойлап ішіп-жеп 
қойса, бірақ әлі күн батпаған болса оразасы дұрыс бола 
ма?
Жауап: 
Ауызашар уақыты кірмей ішіп-жеу оразаны 
бұзады. Сондықтан сол күнгі оразаның қазасын өтейді. 
Себебі, оразаның уақыты таң сәріден басталып, күн батқанға 
дейін жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет