Ќазаќстан оќу жєн е білім министрлігі



бет39/65
Дата14.11.2022
өлшемі3.33 Mb.
#464786
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65
хирургия дәріс

Өңешті тіліп ашу (эзофаготомия). Операция көрсетілімі. Өңеште тұрып қалған бөгде заттарды (тамыр жемістілер, сүйек, темір не ағаш бөлшектері) кәдімгі тәсілдермен (өсімдік майын құюмен, судың күшімен, Хохлов зондымен) шығаруға болмаса өңешті тіліп жарады.
Сезімсіздендіру. Өңешті тіліп ашатын жердің сезімін жою үшін жергілікті ауырсындырмаушылық жасау жеткілікті.
Операция тәсілі. Ауру малды тұрған бойы қозғалмастай етіп байлайды, тек тынышсыз малды операция жасайтын стол үстіне, пішен төселген жерге бүйіріне жатқызып матайды. Мүйізді ірі қараның іші кепкен (тимпания) жағдайда алдын ала мес қарынды тесіп троакар кояды, оны сол жерде өңешті тіліп ашу операциясы аяқталғанша қалдырады.
Мойынының сол жағынан, бөгде зат тұрған орынға жақын жерден операция орынын дайындайды. Өңешті әдетте бітелген жердің үстінен тіліп ашады. Бітелген жерді әдетте басып байқап, зонд салып немесе рентген арқылы аныктайды. Теріні тілген соң үстіңгі және терең жатқан жұқа сірі қабық астына новокаин ерітіндісін жібереді. Сонан соң еппен (венаны, күре тамырды және олардың қасындағы жүйке тамырларын закымдап алмай) осы сірі қабықтарды және өңешті жауып тұрған кеуде - емізікше бұлшык етті (ірі қарада) немесе жауырын асты, тіл асты (жылқыда)) бұлшык етті жарып айырады. Өңеш ірі тамыр – жүйке түйінінен (күре тамыр, вагосимпатикалық жүйке, кайталама нерв, лимфалык жол) төмен орналасады, ол солғын қызыл түсті болып, өзімен қатар жатқан басқа органдардан қозғалып тұратындығымен көзге түседі. Ішкі сірі қабықты қабын көлденең қабаттап ұстайды да (бөгде зат тұрған жердің үстінен) оны тіледі. Содан соң осы тілікті қажетінше ұзынынан тіліп кеңейтеді де өңешті бөгде затымен бірге тартып, тері бетіне жақындатады. Осы арада өңешті таза салфеткамен орап ажыратып, оны кішкене көлденең тіліп жарады. Өнештін осы бастапқы тілігін доғал ұшты қайшымен ұзынынан кесіп кеңейтеді, бірақ оның көлемі бөгде заттың көлемінен аздап кем болуы кажет. Өңешті жарғанда оның қабырғасының барлық қабатынын кесілген - кесілмегенін тексеру керек. Егер бір қабат кесілмей қалсса, мысалы, кілегеіі қабык, онда бөгде затты шығарғанда аспап ет пен кілегей қабықтың арасына өтіп кетіп, олардың қабаттарын ажыратып жіберуі мүмкін, ал бұл кейіннен іріңдеп қа-бынудың дамуына әкеледі. Осыдан кейін жасалған тілік арқылы, өңештің қабырғасын зақымдап алмай
және жыртпай бөгде затты абайлап шығарады. Егер бөгде зат үлкен болса, бөлшектеп шығарады. Өңешке тұрып қалған затты алып тастаған соң, жарақатты алдымен жем кесектерінен, сілекейден, ұйыған қаннан ұқыпты тазалайды, содан соң оны новокаиннің 25 проценттік ерітіндісіне ерітілген антибиотиктермен шаяды. Бұдан кейін өңештің тілігін екі қатарлы етіп ішек тігісімен тігеді. Әуелі кілегей кабықты (инені өңеш қуысынан бері қарай шаншады), содан соң тамыр - ет қабатын тігеді. Ірің және жалқаяқ ағу үшін жараның төменгі бұрышынан кішкене тесік қалдырып, тері тілігін түйін тігіспен тігеді. Егер өңештің қабырғасы жыртылған, езілген немесе өлі еттенген болса, жараны тікпейді, оны дәке тығынмеи жабады. Оны сирек түйін тігіспен теіріге бекітеді.
Операциядан кейінгі ем. Малды операциядан кейін таза, төсеніші жоқ тұрақта ұстайды және 24 сағаг бойы су, жем бермейді. Екінші күні аз - аздап бөліп - бөліп жылы су, ал 3—4-күні ұннан, не кебектен жасалған быламық береді. Кейіннен рацюнға ұсақ туралған сәбіз, қызылша, сапалы пішен қосады.
Өңеш тілігі тігілмеген жағдайда, ластанған дәке тығынды әрдайым тазасына алмастырып, жарақаттың бетіндегі жалқаяқты, жем түйіршіктерін еппен тазалап отырады. Жараның бетіне түрлі дәрілер (антнбиотиктердің, сульфаниламид препараттардың және т. б. ертінділерін немесе сүртпе майларын) жағады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет