Ќазаќстан оќу жєн е білім министрлігі


Дәріс - 8. МОЙЫН АЙМАҒЫНА ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦЯЛАР



бет37/65
Дата14.11.2022
өлшемі3.33 Mb.
#464786
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65
хирургия дәріс

Дәріс - 8. МОЙЫН АЙМАҒЫНА ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦЯЛАР
Анатомиялық - топографиялық ерекшеліктері.
Күре тамыр (мойынтұрық венасы) резекциясы.
Кеңірдекті ашу.
Өңешке операция жасау,
Ірі қараның вагосимпатикалық діңгектік мойын симпатикалық түйініне краниалды блокада жасау, ал жылқыға каудалды жағына жасау.
Анатомиялық - топографиялық деректері. Мойынның төменгі (вентралды) аймығы (regio colli ventralis) мойынның сүйек негізінің төменгі бөлігінен басталып алдыңғы шекарасы - астыңғы жақтың шеткі бөлігі болатын болса, артқысы – төс сүйегінің басы, жоғарғысы – иық - бас бұлшық етінің төменгі шегі (вентралды контуры), және астыңғысы - мойынның бос бөлігі болып есептеледі.
Мойынның төменгі аймығы тері жабынымен, тері шелі, беткейлік сірі қабығы (фасциясы), иық - бас, төс - бас, төс - тіласты, төс - қалқанша бұлшық еттерімен жіне терең сірі қабықпен көмкерілген. Терісі жұқа, жұмсақ қолға ұстаса тез қатпарланады, қозғалғыш келеді. Тері шелі әлсіз дамыған. Онда мойынның төменгі жұйке талшықтарының төменгі бөліктері және ұсақ қан тамырлары өтеді.
Беткейлік сірі қабық (фасция) екі қабаттан тұрады, беткейлі және терең болып бөлінеді. Бұл сірі қабыққа тері астының бұлшық етінің кейбір талшықтары қосылады. Иық - бас бұлшық еті иық сүйегінің (тоқпан жілік) қырынан басталып астыңғы жақ сүйегінде аяқталады. Ол жалпақ ұзын орамал тәрізді мойын бүйірінің беткейін жауып тұрады. Төс - бас бұлшық еті екі бұлшық еттен тұрады төс - жақ және төс - емізікті болып бөлінеді.
Төс – жақ бұлшық еті беткейлі орналасып, күре тамырдан біраз төмен тұрады. Төс сүйегінің тұтқасынан және бірінші қабырғаның шеміршегінен басталып, астыңғы жақтың жайнау бұлшық етінде аяқталады. Төс - емізікті бұлшық ет төс сүйегінің тұтқасынан басталып самай сүйегінің емізікті өсіндісінде аяқталады. Бұл бұлшық ет алдыңғы бұлшық етке қарағанда терең орналасып, күре тамыр сайының тағанын (мойынтұрық сайын) түзеді. Төс - тіласты бұлшық еті мойынның төменгі бүйір беткейінде (латеровентралды) орналасып, төс сүйегінің тұтқасынан басталып, тіласты сүйегінің денесінде аяқталады. Төс - қалқанша бұлшық еті төс сүйегінің тұтқасынан басталып, көмекейдің қалқанша шеміршегінде ұзын тарамысқа айналып аяқталады. Бұл ұлшық еттің артқы (каудалы) бөлігі кеңірдектің вентралды беткейінде тұрып бірте-бірте латералды беткейге ауады.
Иық - бас бұлшық еті астыңғы шетімен және төменінде орналасқан төс – жақ бұлшық етінің жоғарғы шетімен мойынтырық ұясы түзіледі. Бұл бұлшық еттер күре тамыр сайының жоғарғы қабырғасын түзсе.
Күре тамыр сайында сыртқы күре тамыр (мойынтұрық венасы) орналасқан. Ол мойынның жоғарғы жағында қалқанша венасын, ал төменгі уштікте (3/1 иыққа таман) мойынның жоғары көтерілген венасын, иықтың тері асты венасын қабылдап, ішкі мойынтұрық венасына түседі. Онда күре тамыр (мойынтұрық венасы – v. jugularis) орналасқан. Сыртқы күре тамыр ірі малдарда диаметрі 2-3 см-ге жуық. Сыртынан борпылдақ шелмен және өз фасциясымен көмкерілген. Осы фасция беттерінде ішкі шетінде мойынның тері асты жүйкесі өтеді де мойынның орта бөлігінде 2 – 3 бұтаққа бөлінеді. Одан кейін мойынтұрық ұясынан асып кетеді. Кеңірдектің терең бүйілі беткейіне жабыса тамырлы - нервті шоғыр орналасады. Оның құрамында ұйқы артериясы, ішкі мойынтұрық венасы, ваго-симпатикалық діңгек, кері қайту нерві, мойын лимфа түйіндері және кеңірдек лимфатикалық өзегі болады. Мойынның төменгі бөлігінде өмірлік маңызы бар ағзалар – кеңірдек (tracheo) пен өңеш (oesophagus) орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет