Ќазаќстан оќу жєн е білім министрлігі


Дәріс – 9. КЕУДЕ АЙМАҒЫНА ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР (ЛЖС – 10)



бет40/65
Дата14.11.2022
өлшемі3.33 Mb.
#464786
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65
хирургия дәріс

Дәріс – 9. КЕУДЕ АЙМАҒЫНА ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР (ЛЖС – 10)

  1. Анатомотопографиялық ерекшеліктері

  2. Плевра пукциясы (плевроцентез)

  3. Қабырға резекциясы

Шекаралары. Кеуде аймағының өзі бірнеше аймаққа бөлінеді. Жауырын иық аймағы, бүйір кеуде қабырға аймағы, алдынғы кеуде аймағы, төменгі кеуде аймағы. Кеуде аймағының алдыңғы шекарасы – бірінші арқа омыртқадан төс сүйектің алдынға басына жүргізілген сызық немесе бұғана иінімен жүргізілген сызық (бұғана – бірінші қабырға); артқы шекарасы - соңғы қабырға иінімен тос сүйектің артқы басына жүргізілген сызық; жоғарғы шекарасын - жауырынның алдынғы басын сеобекпен қосатын қосатын шоқтыққа параллел сызық; төменгі шекарасы тері астынан білініп тұратын сыртқы кеуде венасының сұлбасымен анықталады.
Ұлпалары:

  1. Тері мен тері асты борпылдақ ұлпасы.

  2. Тері асты сірі қабық - фасция

  3. Тұлғаның тері асты бұлшық еті

  4. Арқаның жалпақ бұлшық еті – m. Latissmus dorsi, ол тоқпан жіліктің ортасына бекіп сербек сүйектің ішкі бүртігіне дейін созылған.

  5. Терең кеуде құрсақ фасциялары – fascia thoracoabdominalis profunda

  6. Арқаның жоғарғы тіс тәрізді бұлшық еті – ол арқаның жалпақ бұлшық етінің астында орналасқан. Сиырда жоғарғы ұшы 4-6 қабырғалар басына, ал төменгі ұшы 5-8 қабырғаларға бекіп, (жылқыда 7-8 және 5-11 қабырға) дем алу, дем шығаруғы қатысады.

  7. қабырға аралық бұлшық еттер – қабырғы арасын толтырып тұр. Сыртқы және ішкі болып бөлінеді және айқаш орналасқын. Бір ұшы қыбырғы басына бекісе екінші ұшы келесі қабырғаның аяғына бекіп, қабырғалардың қозғалтқыштығын қамтамасыз етеді.

  8. Ішкі кеуде фасциясы f. Endothoracica және қабырға аралық плевракеуде клеткасына кіре берісте бір-бірі мен тығыз тығыз байланысқан олардың арасында май қабат бар.

  9. Қабырғалар. Бұл аймақтың сүйек қаңқасын төс сүйек, арқа омыртқалар және қабырғалар түзеді. Олардың басы арқа омыртқаларға бекісе, соңы қабырғы шеміршектері арқылы төс сүйекпен қосылған. Сиырда , қойда 13-14, жылқыда 19-18, шошқада 15, итте 13 жұп қабырға болады.

  10. Плевра (pjeura) – кеуде қуысын іш жағынан қаптап жатқан сірі қабық.

  11. Диафрагма Жоғарыдағы ұлпалар сүйек қаңқасы құраған қуысты көмкеріп кеуде қуысын түзеді. Ол құрсақ қуысынан диафрагмамен (іш пердемен) бөлінген. Ол сиырда 1 – ші бел омыртқасынан басталып, одан 13 – ші қабырғаның жоғарғы жағына, одан 8 – ші қабырғаға одан төс шеміршегіне барып бекиді. Тек жылқыда 18 қабырғаның жоғары жағына бекиді де одан ары қабырға иіндесене беки отырып төс сүйекке барады.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет