Күре тамыр (мойынтұрық венасы) резекциясы. Көрсетілімі. Іріңді тромбофлебит, күре таммыр мен оның айналасындағы ұлпалардың кальций хлорид сияқты дәрілердің түсуінен іріп – шіруі. Ауырсындырмау. Малды операцияға дайындағаннан кейін, опрерация алаңы дайын болғаннан соң инфильтрациялық анестезия арқылы ауырсындырмау жүргізіп, новокаинға пенициллин қосып кесетін жердің венасының үстіне инъекция жасалды.
Операция тәсілі. Малды станокқа тұрғызып қойып, танауын танау қышқышын кигізіп қысып ұстап тұрады немесе кесіп алынатын венасы жоғары қаратылып жығып бекітеді. Нейролептиктер егу арқылы тыныштандырып, 0,5% новокайнмен жергілікті инфльтарациялық ауырсындырмаудан кейін венаның кесіп алынатын тұсының терісі, тері асты сірі қабығы, бұлшық еті тілінеді. Тілік дерттенген тамыр бөлігінен алға (каудальді) және артқа (краниальді) қарай 3 – 4 см ұзын жасалады. Тілік арқылы өзіндік сыры қапшығын бұзбай венаны басқа ұлпалардан ажыратып алынады. Венаның жарақаттанған жерінің жоғары және төменгі жағына 4 - 5 см қашықтықтан сау тұсына хирургиялық ине арқылы өткізіп екі – екіден жіп - байлам (лигатура) салынады. Одан кейін Купер қайшысымен лигатуралар ортасындағы тамырды өлеттенген ұлпаларымен бірге кесіледі. Одан кейін жарақаттанған тамыр мен жаншылған, шіріген ұлпалар сау ұлпалардан бөліктеніп сылынып алынып, қаны тоқтатылып, жарақат дезинфекциялық дәрілердің ертіндісімен жуылып тазартылады. Жарақатқа түйін тігіс салынады. Қажет болса жараның бұрышына дәкелі дренаж қойылады.
Қеңірдекті тіліп ашу (tracheotomia). Көрсетілімі. Малдыс тыныс жолдарынан ауа жүру бұзылса (кеңірдек сазиналары сынса, көмейде, кеңірдекте ісік пайда болса немесе бұлардыц ішіне бөгде зат тұрып қалса) және басқа аурулар кезінде малда тұншығу (асфнксия) белгілері пайда болған уақытта кеңірдекті тіліп ашады.
Жансыздандыру. Кенірдекті тіліп ашатын жердің сезімін жою үшін жергілікті ауырсындырмаушылық жасау жеткілікті.
Операция тәсілі. Малды тұрған бойы, басын сәл көтеріп қозғалмайтындай етіп байлайды. Операция жасайтын жерді дайындап, сезімін жойған соң теріні және сірі қабаттарды ұзындығын 5—7 см етіп тіледі. Мүйізді ірі қарада мойын бетін ойша үшке бөлгендегі жоғарғы және ортаңғы бөлігінің шекарасынан, (әукенің мойынмен шектесен тұсы) ал жылкыда — ақ сызық бойымен тіледі. Одан соң жарақаттың шетін хнрургиялык ілмектермен тартып, жан-жаққа кеңейтеді де мойынның ақ сызығы (ортаңғы) бойымен оң жақ және сол жақтағы кеуде-тіл асты және кеуде-қалқан безі бұлшык еттерін ажыратады. Содан соң қысқышпен кеңірдектің жұқа қабын көлденең ұстайды да оны тіледі. Бұдан кейін ізінше ұшты скальпельмен кеңірдек саинасының жалғамын және кілегейлі кабығын кесіп, ауаның кедергісіз өтуін тексереді де кеңірдекке «трахеотубус» дейтін түтік кояды. Трахеотубус жоқ болса, онда 1—2 кеңірдек сақиналарын көлденең кесіп алып тастайды. Кесілген сақиналардың ұштарын теріге қосып тігеді. Жарақаттың шетін жіпті ұшынан тартып кеңейтеді де, оны мойнға байланған жіпке жалғастырады. Кеңірдекті резина түтік кигізілген сым ілмектермен де кеңейтуге болады. Ілмектердіц бос ұштарын жан-жаққа тартып, оны мойындағы жіпке іледі. Себебі жойылған соң жарақатқа тігіс салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |