9-параграф. «Құпия»
10-параграф. Екінші деңгейдегі банктердегі немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу және жабу
126. Екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік мекемелерге сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың және байланысты гранттың арнайы шотына шоттар, бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотын ашу тәртібі банктік заңнамада белгіленеді.
127. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қолдаухатының негізінде осы Ережеге 45-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шоттар, бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотын ашуға 3 данада рұқсат қалыптастырады, олардың екеуін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне, ол өз кезегінде бір данасын мемлекеттік мекемеге, екіншісін екінші деңгейдегі банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға береді.
128. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шоттарды ашуға рұқсат қарыздың немесе байланысты гранттың қолданылу мерзіміне беріледі.
129. Бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотын ашуға рұқсат бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезеңіне беріледі.
130. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты қарыз туралы немесе байланысты грант туралы шарттың талаптарымен айқындалған шетел валютасында беріледі.
Бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шоты қарыз туралы немесе байланысты грант туралы шарттың талаптарымен айқындалған шетел валютасында беріледі.
131. Бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотына қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу есебінен төлем сомалары есептеледі.
132. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шоттан төлемдерді жүзеге асыру қарыз туралы немесе байланысты грант туралы шартта айтылған талаптар мен мақсаттарға сәйкес жүргізіледі.
133. Бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотынан қаражат алу кредит шартының ережелерінде көзделген кредиттік қаражатты беруге жүргізіледі.
134. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шот, бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру және оларды жаңарту Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүргізіледі. Екінші деңгейдегі банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым 3 күндік мерзімде шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға хабарлайды.
135. Мемлекеттік мекемелердің екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған шоттарын жабу шотты ашуға және рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты жүргізіледі.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсатын қайтарып алу осы Ереженің 134-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Шоттарды жабу Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында және екінші деңгейдегі банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және мемлекеттік мекеме арасындағы банктік шот шартында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
136. Бюджетті атқару орталық (жергілікті) уәкілетті орган мемлекеттік мекемелердің екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда шот ашуына рұқсатын қайтарып алуы:
1) тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шот ашуға рұқсатты кері қайтару үшін себептерін көрсете отырып, кері қайтару туралы жазбаша жүгінген;
2) төлемдерді жүзеге асыру тәртібі бұзылған;
3) есеп айырысу кезінде корпоративтік төлем карточкаларын пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына өзгерістер енгізілген;
4) ағымдағы қаржы жылының міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында корпоративтік төлем карточкаларын пайдалану рұқсат етілетін шығыстардың экономикалық сыныптамаларының ерекшеліктері болмаған;
5) ағымдағы шоттарды ашуға арналған рұқсатта көзделмеген мақсаттарға ағымдағы шотқа есептелген ақшаны пайдалану фактісі анықталған жағдайларда жүргізіледі.
137. Рұқсатты қайтарып алу 2 данада екінші деңгейдегі банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) жіберіледі. Екінші деңгейдегі банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) мемлекеттік мекеменің шотын жабу жөніндегі рәсімдерді аяқтағаннан кейін шотты жабу туралы белгісі соғылған рұқсатты қайтарып алудың екінші данасын бюджетті атқару жөніндегі орталық (жергілікті) уәкілетті органға қайтарады.
138. Бюджетті атқару жөніндегі орталық (жергілікті) уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашуға рұқсатты қайтарып алған жағдайда екінші деңгейдегі банкте (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған мемлекеттік мекемелерде) ашылған мемлекеттік мекеме шоттарының жабылуы туралы екінші деңгейдегі банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған мемлекеттік мекемелердің) белгісі соғылған қайтарып алуды алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бұл туралы жазбаша құлақдар етеді.
5. Ұлттық валютадағы түсімдер бойынша бюджеттің атқарылуы
1-параграф. Түсімдерді есептеу және бөлу
139. Бюджет кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, республикалық бюджет туралы заңға және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы мәслихаттардың шешімдеріне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнама актілеріне сәйкес ұлттық валютада бюджетке түсетін түсімдер ҚР ББС кірістер сыныптамасының кодтары бойынша БҚШ-ға есептеледі.
Төлем құжатының «Бюджеттік сыныптама кодтары» деген ашық жолақтағы деректемелер мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес толтырылады. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік сыныптама кодтарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚР ҰБ) назарына жеткізеді.
Түсімдердің жинақ төлеушілерге одан әрі хабарлау үшін банктерге және банктік операциялардың шотына есептеу үшін төлем құжаты бенефициарының банктік деректемелерін мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаперіне жеткізеді.
140. Түсiмдердi тиiстi ҚБШ-да жинақтап, оларды кейiннен бөлу үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда ашылатын банкiшiлiк транзиттiк шот түсiмдердiң жинақ шоты болып табылады. Түсiмдердiң жинақ шотынан республикалық, жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрi - ҚР Ұлттық қоры) және Кеден одағына мүше мемлекеттердің бюджеттері арасындағы есептелген соманы күн сайын толық бөлу, артық (қате) төленген бюджетке төленетiн түсiмдер сомасын қайтару, түсiмдердiң бюджеттiк сыныптамасының кодтары арасында немесе аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін атқару жөніндегі уәкілетті органдардың арасында артық (қате) төленген соманы есепке алу жүзеге асырылады.
141. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган құн сайын:
1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - ҚБЕО) төлем жүйесі арқылы екінші деңгейдегі банктерден немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан бюджетке түсетін түсімдер жөніндегі электрондық төлем құжаттарын заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдауды жүзеге асырады;
2) электрондық төлем құжаттарының ресімделу дұрыстығын және толықтығын тексеруді жүзеге асырады;
3) түскен электрондық төлем құжаттары негізінде Түсімдердің жинақ шотына түсімдердің түсуін есепке алуды жүргізеді;
4) кейіннен тиісті ҚБШ-ларға есепке жатқыза отырып, түсімдер сомасын республикалық, жергілікті бюджеттер мен Ұлттық қордың, Кеден одағына мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлуді жүзеге асырады;
5) Ұлттық қорға жіберілетін бюджетке түсетін түсімдер сомасын ҚР ҰБ-дағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарына аударуды жүзеге асырады;
6) ҚР ҰБ ашылған Кеден одағына мүше мемлекеттердің шоттарына сомаларды аударуды жүзеге асырады.
142. Төлем құжаттарын ЖСК, БСК, БСН бар-жоғына және сәйкестiгiне, ҚР ББС бюджеттiк сыныптама кодының бар-жоғына тексеру жүзеге асырылады.
Ұлттық қорға мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тура салықтарды және мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдерді, оның ішінде мұнай келісім-шарттарының ережелерін бұзғаны үшін түсімдерді тексеру төлеушінің мұнай секторы ұйымының тізбесіне сәйкестігіне жүзеге асырылады.
Төлемнің мақсатын және/немесе аумақтық тиесілігін анықтауға мүмкіндік бермейтін электрондық төлем құжаттарында көрсетілген деректемелер болмаған немесе жалған болған, осы өңірге БСК қолдануға келмейтін және төлеушінің Мұнай секторы ұйымының тізбесіне сәйкес келмеген кезде түсімдер сомасы «Ұлттық валютада анықтағанға дейін өзара есеп айырысу бойынша аударылған сомалар» шотына электрондық төлем құжаттарын қабылдау күні есептеледі. «Ұлттық валютада анықтағанға дейін өзара есеп айырысу бойынша аударылған сомалар» шоты - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда және оның аумақтық органдарында ашылатын қолма-қол ақшаның бақылау шоты.
143. Республикалық және жергілікті бюджеттердің, Ұлттық қордың арасындағы түсімдерді бөлуді және оларға байланысты рәсімдерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін «Бюджет деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақша бақылау шоты арасындағы түсімдер сыныптамасының түсімдерін бөлу» кестесінің және орталық уәкілетті орган мен мұнай операцияларын жүргізу, келісімшарттар жасасу мен оларды орындау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен жыл сайын бекітілетін мұнай секторы ұйымы тізбесінің негізінде бөлу нормативтері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады (бөлудің I сатысы).
Облыстық бюджеттер мен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) арасындағы түсімдерді бөлу облыс мәслихатының шешімімен белгіленген облыстық бюджеттер мен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы түсімдерді бөлу нормативтері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады (бөлудің II сатысы).
144. Төлем құжаттары қабылданғаннан және түсімдерді бөлгеннен кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган түсімдердің бөлінуіне және түсімдер бойынша операциялық күнді жабу рәсімдеріне бақылауды жүзеге асырады.
2-параграф. Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтару не оларды берешекті өтеу шотына есепке жатқызу
145. ҚР ББС бюджетке түсетiн түсiмдер сыныптамасының кодтары бойынша түсiмдердiң артық (қате) төленген сомасын бюджетке қайтаруды және (немесе) есептеудi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтару және (немесе) есепке жатқызу мемлекеттік кірістер органдарының төлем тапсырмалары негізінде жүзеге асырылады.
Түсiмдердiң бюджеттiк сыныптамасының кодтары арасында, мемлекеттік кірістер органдары арасында, мемлекеттік кірістер органдары арасында артық төленген немесе қате түскен сомаларды төлеушiлерге бюджеттен қайтару (бұдан әрi - қайтару және (немесе) есептеу) үшiн мемлекеттік кірістер органы аумақтық қазынашылық органына 2 данада:
1) осы Ереженiң 63-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлем тапсырмаларының тiзiлiмiн;
2) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген нысан бойынша төлем тапсырмасын ұсынады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша беру кезінде мемлекеттік кірістер органының басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам және мемлекеттік кірістер органының уәкілетті қызметкері ЭЦҚ-сын қойған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен нысан бойынша мемлекеттік кірістер органдары төлем тапсырмасының электрондық түрін ұсынады.
Ақшаны алушылар анықтамалығында бюджетке артық (қате) төленген соманы қайтаруға деректемелер болмаған немесе өзгерген жағдайда мемлекеттік кірістер органы «Қазынашылық-клиент» АЖ-да осы Ереженің 64-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақша алушыны енгізуге арналған осы Ереженің 65-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақша алушы деректемелерінің өзгерістерін енгізуге өтінімнің электрондық түрін қалыптастырады.
Ақша алушыны енгізуге және ақша алушының деректемелерін өзгертуді енгізуге өтінімді ресімдеудің дәйектілігіне және дұрыстығына мемлекеттік кірістер органы жауап береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы бекіткен және мемлекеттік мекемелерге жеткізілген мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесіне сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесі жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін мемлекеттік кірістер органдарынан төлем тапсырмаларын қағаз жеткізгіште қабылдауды жүзеге асырады.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі жұмыс күні ішінде сағат 13.00-ге дейін «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша мемлекеттік кірістер органдарынан келіп түскен төлем тапсырмаларын қабылдауды жүзеге асырады. Сағат 13.00-ден кейін түскен құжаттар келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады не орындаусыз қайтарылады.
146. Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган - өздері әкімшілік ететін түсімдердің толық және уақтылы түсуіне жауапты және олардың түсуіне, артық, қате немесе дұрыс емес түскен түсімдер сомасын қайтарылуына немесе оларды бюджетке берешекті өтеу шотына есептеуіне мониторингті жүзеге асыратын орган.
147. Мұнай секторы ұйымдарының Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған резидент еместердің кірісінен ҚР Ұлттық қорына төлеген салықтарды қайтару және (немесе) есептеу резидент емеске жүзеге асырылады.
148. Мемлекеттік кірістер органдары әкiмшiлiк ететiн негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдердi, трансферттер түсiмдерiн, бюджет кредиттерiн өтеудi, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түскен түсiмдердi, қарыздар түсiмдерiн қоспағанда, салықтық емес түсiмдер сомасын қайтару және (немесе) есептеу үшiн қорытындыны бюджетке түсетiн түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты уәкiлеттi орган жасайды.
Бюджетке түсетiн түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты уәкiлеттi органға төлеушiлерден төлеу орны бойынша төлеу туралы төлем құжатының көшiрмесi қоса берiле отырып, жазбаша өтiнiш берiледi.
Төлеушiнiң - заңды тұлғаның, жеке тұлғаның (жеке кәсiпкердiң) қайтару және (немесе) есептеу туралы өтiнiшiнде мынадай мәлiметтер көрсетiледi:
1) өтiнiш берушiнiң атауы (заңды тұлғалар, құрылымдық бөлiмшелер, филиалдар үшiн) немесе тегi, аты мен әкесiнiң аты (жеке тұлғалар, жеке кәсiпкерлерi, адвокаттар және нотариустар үшiн);
2) ЖСН/БСН (резидент емес болса көрсетедi), БСК, ЖСК (олар болған кезде);
3) өтiнiш берушiнiң мекенжайы;
4) жеке куәлiктiң, паспорттың немесе оларды алмастыратын құжаттың нөмiрi және кiмнiң бергенi (жеке тұлғалар, жеке кәсiпкерлерi, адвокаттар және жеке нотариустар үшiн);
5) уәкiлеттi органдар әкiмшiлiк ететiн түсiмдер бойынша артық (қате) төленген сома пайда болғандардың атауы;
6) қайтаруға және (немесе) есептеуге жататын сома;
7) есептеген жағдайда – бюджеттiк сыныптама коды, артық (қате) төленген сома есептелетiн бюджет түсiмдерiнiң атауы, БСН және мемлекеттік кірістер органының атауы;
8) бюджетке төленетiн төлем туралы төлем құжаттарының деректерi - төлем құжатының нөмiрi және күнi;
9) бюджетке iс жүзiнде енгiзiлген сома;
10) банктiк шотқа қайтарған жағдайда - банктiк шотты алушының нөмiрi және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiң немесе ұйымның атауы, БСК, ЖСК.
149. Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган қорытындыны осы Ереженің 66-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 3 данада жасайды.
Бір данасын түсімдерді қайтаруға және/немесе есептеуге төлем тапсырмасын қалыптастыру үшін қолын қойдырып, қолма-қол мынадай мерзімдерде:
- төлеушiден есептеуге өтiнiм түскен күннен бастап төрт жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
- төлеушiден қайтаруға өтiнiм түскен күннен бастап сегiз жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттік кірістер органына ұсынады.
Қорытындының екінші данасы төлеушіге тапсырылады, үшінші данасы уәкілетті органда қалады.
Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган қайтаруға және/немесе есептеуге қорытынды жасаған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын, қорытындыда қамтылған деректердің шынайылығын қамтамасыз етеді және оларды сақталмағаны/сәйкессіздігі үшін жауап береді.
Қорытындыларды уәкілетті орган осы Ереженің 67-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтаруға және/немесе есептеуге төлем құжаттарын тіркеу журналына тіркейді.
150. Мемлекеттік кірістер органы бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органнан ол әкімшілік ететін түсімдер сомасын қайтаруға және (немесе) есептеуге қорытынды алған кезде 5 жұмыс күні ішінде төлем тапсырмасын жасайды және аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне ұсынады («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрін қалыптастырады және жібереді).
Төлем тапсырмаларын мемлекеттік кірістер органы осы Ереженің 68-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтаруға және/(немесе) есептеуге арналған төлем тапсырмаларын тіркеу журналында тіркейді.
Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган түсімдерінің артық (қате) төленген сомаларын қайтаруға және (немесе) есептеуге қорытындыны мемлекеттік кірістер органы осы Ереженің 69-қосымшасына сәйкес нысан бойынша. Мемлекеттік кірістер органдары әкімшілік етпейтін түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтару және (немесе) есептеу қорытындысын тіркеу журналында тіркейді.
151. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi қайтаруды және (немесе) есептеудi жүзеге асырғаннан кейiн қағаз жеткізгіште бiр-бiр данадан төлем тапсырмасын, орындалғаны туралы белгiсi бар төлем тапсырмалары тiзiлiмiн салық қызметi органына қайтарады. Төлем тапсырмаларының тiзiлiмi және орындалғаны туралы белгiсi бар төлем тапсырмасының бiр данасы аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы беру кезінде аумақтық қазынашылық бөлімшесі қайтаруды және (немесе) есептеуді жүзеге асырғаннан кейін мемлекеттік кірістер органына құжаттың орындалғаны туралы хабарлама жіберіледі. Орындалған төлем тапсырмасы аумақтық қазынашылық бөлімшесінде «Қазынашылық-клиент» АЖ-да электрондық құжатта сақталады.
152. Қайтаруға және/немесе есептеуге құжаттар аудан (облыстық маңызы бар қала) түсімдерінің бюджет сыныптамасының кіші сыныбы бойынша жыл басынан бастап түсімдерді қайтару және (немесе) есептеу сомасы жеткіліксіз болған кезде қайтару және/немесе есептеу тұтастай алғанда облыс бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті кіші сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сомалар шегінде жүзеге асырылады. Тұтастай алғанда облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті кіші сыныбы бойынша жыл басынан бастап түсімдері қайтару және (немесе) есептеу сомасы жеткіліксіз болған кезде қайтару және (немесе есептеу тұтастай алғанда республика бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кіші сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сомасы шегінде жүргізіледі, бұл ретте облыс бойынша бюджет түсімдері сыныптамасының осы кіші сыныбы бойынша дебеттік қалдықтар жіберіледі.
153. Аудан (облыстық маңызы бар қала) түсімдерінің бюджет сыныптамасының тиісті сыныбы бойынша жыл басынан бастап салықтық емес түсімдерді қайтару және (немесе) есептеу сомасы жеткіліксіз болған кезде қайтару және/немесе есептеу тұтастай алғанда облыс бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сомалар шегінде жүзеге асырылады. Тұтастай алғанда облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті сыныбы бойынша жыл басынан бастап салықтық емес түсімдерді қайтару және (немесе) есептеу сомасы жеткіліксіз болған кезде қайтару және (немесе есептеу) тұтастай алғанда республика бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сомасы шегінде жүргізіледі, бұл ретте облыс бойынша бюджет түсімдері сыныптамасының осы сыныбы бойынша дебеттік қалдықтарға рұқсат етіледі.
154. Қайтару және (немесе) есептеу жөніндегі құжаттарды орындау не оларды қайтару себептері көрсетіліп, олар аумақтық қазынашылық бөлімшесіне түскеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
155. Бюджетке түсетiн түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты уәкiлеттi органдар өздері әкiмшiлiк ететiн түсiмдердiң мониторингiн жүзеге асыру үшiн жазбаша өтініштің негізінде аумақтық қазынашылық бөлiмшелерінен төлеушiлер бөлінісінде түсiмдер туралы ақпаратты бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасының коды бойынша алады.
Уәкілетті органдардың тиісті есепке алуды, бақылау мен мониторингті, сондай-ақ артық төленген, қате немесе дұрыс түспеген түсімдердің сомасын қайтаруды немесе оларды бюджетке берешекті өтеу есебіне есептеуді жүзеге асыруы үшін бюджет түсімдері сыныптамасының коды бойынша әкімшілік айыппұлдар түсімдері туралы ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі ай сайын, есептіден кейінгі айдың бірінші күніне осы Ереженің 70, 71-қосымшаларына сәйкес 2-14 «Бір айдағы түсімдерді жинау жөніндегі есеп», 2-43 «Бюджет сыныптамасының коды бойынша түсімдер» деген нысандар бойынша қалыптастырады, кейіннен өздерінің аумақтық және/немесе құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізуі үшін есептіден кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей орталық мемлекеттік органдарға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
Көрсетілген ақпаратты бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган осы Ереженің 72-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджетке түсетін түсімдерді тіркеу журналына жазады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін уәкілетті органдар осы тармақта көрсетілген есептерді дербес қалыптастырады.
156. Шетел валютасында бюджетке артық (қате) төленген соманы қайтару үшін мемлекеттік кірістер органы не бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 73-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шетел валютасындағы ақшаны алушыны енгізуге өтінім береді.
Шетелдік өнім берушінің бірегей коды берілгеннен кейін мемлекеттік кірістер органы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем тапсырмасын, шетел валютасын айырбастауға өтінімді, шетел валютасын аударуға өтінішті осы Ереженің 74-қосымшасына сәйкес нысан бойынша береді. Шетел валютасын айырбастау және аудару жөніндегі операциялар осы Ереженің
6-тарауының 20-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.
Қайтару Түсімдердің жинақ шотынан оны кейіннен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның валюта түрлері бойынша шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарға есепке ала отырып, жүзеге асырылады. Құжаттарды мемлекеттік кірістер органдарына беру Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты мемлекеттік кіріс және уәкілетті орган шетел валютасында бюджетке түсетін түсімдерге қайтаруға арналған жоғарыда көрсетілген құжаттардың шынайылығына және дұрыстығына жауапты болады, аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне уақтылы берілуін қамтамасыз етеді.
Шетел валютасында қайтару бойынша құжаттарды орындау не оларды қайтару себептерін көрсете отырып қайтару олар аумақтық қазынашылық бөлімшесіне түскен күні жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |