Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы



бет3/21
Дата30.06.2016
өлшемі1.67 Mb.
#168559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

3. Бюджеттің атқарылуы
67. Бюджеттің атқарылуы бюджетке барлық бюджет түсімдерінің түрлерін толық және уақтылы төлеумен, оларды Бірыңғай қазынашылық шотына (бұдан әрі - БҚШ) есепке алумен және бюджеттік бағдарламалардың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-шараларды іске асыру мақсатында БҚШ-дан төлемдер мен аударымдарды уақтылы жүзеге асырумен қамтамасыз етіледі.

68. Бюджеттiң атқарылуы кассалық негiзде жүзеге асырылады. БҚШ-ға түсiмдердi есепке алу және оларды БҚШ-дан есептен шығару жөнiндегi операциялар ақша нысанында есептеледi.

Түсiмдер мен шығыстар бойынша есептердi беру нысанын, тәртiбi мен мерзiмдерiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлейдi.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген мерзімде түсімдер мен шығыстар бойынша есептерді дербес қалыптастырады. 

69. Бюджеттерді атқаруды және оларға кассалық қызмет көрсетуді аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, уәкілетті органдардың құжаттарды қағаз және магнит тасығыштарда беруімен де, құжаттардың электрондық түрлерін қалыптастыру және жөнелту, «Қазынашылық-клиент» электрондық құжат айналымы ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Қазынашылық-клиент» АЖ) арқылы есептерді қалыптастыруы арқылы да жүзеге асырады. «Қазынашылық-клиент» АЖ-де жұмыс істеу үшін мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, уәкілетті органдар аумақтық қазынашылық бөлімшесі мен мемлекеттік мекеме арасында Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы келісім (бұдан әрі – ЭЦҚ туралы келісім) жасасады.

4. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі
1-параграф. Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшасын

бақылау шоттары
70. Қолма-қол ақшаның бақылау шоттары (бұдан әрi – ҚБШ) мына:

1) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсiмдердi есептеумен және республикалық және жергiлiктi бюджеттерден шығыстарды жүргiзумен;

2) мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақшаны есептеуімен және олардың есебiнен шығыстарды жүргiзумен;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсiмдердi есептеумен және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шотына аударумен;

4) Кеден одағына мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында белгіленген нормативтер бойынша бөлінген түсімдерді есептеумен және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Кеден одағына мүше мемлекеттер үшін ашылған шоттарға аударумен;

5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемелер алатын демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн ақшаны олардың есептеуімен және жұмсауымен;

6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар белгілі бір жағдайлар басталған кезде олардың қайтарымдылығы не тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны есепке алумен;

7) бюджеттiк ақшаны есептеумен және оларды ерекше шығыстарды жүргiзуге пайдаланумен;

8) қаржылық ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға көзделген не мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты ақшаны есепке алумен және оларды инвестициялық жобаларды іске асыруға (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең аз мөлшерде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыру кезінде пайдаланылуымен;

9) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерді есепке алумен және аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдық округтің әкімдері жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағыттаған шығыстарды жүргізумен байланысты операцияларды есептеуге арналған;

10) және Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттарға немесе байланысты гранттар туралы шарттарға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан (бұдан әрі - сыртқы қарыздардың немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау шоты) қайтадан ұлттық валютаға айырбасталатын үкіметтік сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың ақшасын жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға арналған.

71. Республикалық және жергілікті бюджеттердің түсімдерін есептеу мен республикалық және жергілікті бюджеттерден шығыстарды жүргізумен байланысты операцияларды есептеу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (бұдан әрі - тиісті бюджеттердің ҚБШ) бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға ашылады.

Тиісті бюджеттің ҚБШ түрлері:

республикалық бюджеттің ҚБШ;

облыстық бюджеттердің ҚБШ;

республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің ҚБШ;

аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің ҚБШ.

72. Тиісті бюджеттердің ҚБШ-сынан түсімдер және жүргізілген төлемдер мен ақша аударымдары бойынша операциялар ҚР ББС және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.



2-параграф. Мемлекеттік мекемелердің кодтарын беру
73. Республикалық және/немесе мемлекеттік бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден шығыстарды жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жеті мәнді кодтар беріледі. Мұнда бірінші 3 белгі ҚР ББС-қа сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кодын білдіреді, келесі төрт белгі әр мемлекеттік мекеме үшін жеке болып табылады.

74 Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге кодтар беру үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мемлекеттік мекеменің бизнес-сәйкестендіру нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң/анықтаманың көшірмесін қоса бере отырып, осы Ережеге  43-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінімді ұсынады.

Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге кодтар беру үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеменің коды ашылғаннан кейін ұсынылатын осы Ереженің 98-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, осы Ереженің 
4-тармағының 5-параграфында көзделген құжаттар жинағын қалыптастыруға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженің 43-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік - және орыс тілдерінде мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінім жібереді.

Аумақтық қазынашылық бөлімшесі осы Ереженің 43-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінім алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 43-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінім жібереді.

Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінімде көрсетілген деректемелердің шынайылығын қамтамасыз етеді.

75. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен және аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен осы Ереженің 43-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінім алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей кодтар беріледі.

76 Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер кодтар берген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық түрдегі хат арқылы берілген кодтар туралы республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне хабарлайды.

Аумақтық қазынашылық бөлімшесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кодтарын беру туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан хат алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей берілген кодтар туралы жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне хабарлайды.

77. Мемлекеттік мекемелердің берілген кодтарын тіркеу ҚБАЖ-да қалыптастырылатын мемлекеттік мекемелер анықтамалығында жазылады.

78. Аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды ашқаннан кейінгі 3 жұмыс күні ішінде мемлекеттік мекемелердің кодтарын ашқаны туралы тиісті мемлекеттік кірістер органдарына жазбаша хабарлайды.



3-параграф. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның
қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы
шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың
арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты
гранттардың арнайы шоттарына шоттар ашуы

79. Мемлекеттік мекемелердің мынадай қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және шоттары болуы мүмкін:

1) мемлекеттік мекемелер өздерінің иелік етуінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан қалған қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі – ақылы қызметтердің ҚБШ);

2) демеушілік, қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі – демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ);

3) ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі – ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ);

4) нысаналы қаржыландырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі – нысаналы қаржыландырудың ҚБШ);

5) шетел валютасындағы шоттар;

6) жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі – жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ);

7) сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты;

8) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты;

9) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына


ашылған шот.

80. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадаң айырбастау қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы Ережеге  44, 45-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жазбаша рұқсаттар береді.

81. Демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға жазбаша рұқсаттар тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қолдаухатының негізінде беріледі.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты мынаны қамтуы тиіс:

ҚБШ ашылатын мемлекеттік мекеменің атауы мен коды;

ашу талап етілетін ҚБШ-ның атауы;

мемлекеттік мекеме қаржыландырылатын бюджет түрі;

мемлекеттік мекеменің заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы;

қаржыландыру көздері;

баптың, тармақтың, тармақшаның нөмірлерін көрсете отырып, бюджет қаражатынан басқа өзге де қаржыландыру көздеріне жол беретін заңнамалық актінің атауы мен күнін (сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау қолма-қол ақшаны бақылау шоты үшін - Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарттың немесе байланысты грант туралы шарттың нөмірі мен күні, сондай-ақ шығыстарды бағыттау мақсаттары).

82. Мемлекеттік мекемелерге демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға жазбаша рұқсат бір рет беріледі және осы Ереженің 4-тарауының
8-параграфында көзделген жағдайларда олар жабылғанға дейін қолданыста болады. Мемлекеттік мекемелерге сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға жазбаша рұқсат қарыздың немесе байланысты гранттың қолданылу мерзіміне беріледі.

83. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге шетел валютасында шоттар, сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды ашу үшін жазбаша рұқсаттарды осы Ережеге  45, 46-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган береді.

Шетел валютасындағы шот, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты ашуға жазбаша рұқсаттар валюта түрін және шығыстар түрлерін көрсете отырып, рұқсаттың қолданыс мерзімі: осы Ереженің 4-тарауының 8-параграфында көзделген жағдайларда – сотқа дейінгі тергеуді жүргізетін орган алып қойған шетелдік валютаны шоттың жабылуына дейін есепке жатқызуға арналған шетел валютасындағы шот үшін - ағымдағы қаржы жылының соңына дейін, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шот үшін - қарыздың немесе байланысты гранттың қолданылу мерзімі көрсетіле отырып, тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты негізінде беріледі.

Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң қолдаухаты мынаны қамтуы тиiс:

шот ашылатын мемлекеттік мекеменің атауы мен коды;

БСН;


шоттың атауы;

валюта түрi (Ұлттық Банк олар бойынша айырбастау және қайта айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын валюталар түрлерінің тізбесіне сәйкес);

шығыстарды бағыттау мақсаттары;

шот ашу үшін негіздеме.

84. Мыналар:

1) халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы заңнамасына сәйкес жасалған халықаралық шарттар;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастықты, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру немесе шетел валютасында операциялар жүргізу көзделген нормативтік құқықтық актілері;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резидент еместерімен жасалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу туралы шарт;

4) мемлекеттік мекемелерде оларға сәйкес шетел валютасында міндеттемелер туындаған халықаралық, шетелдік соттардың шешімдері бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шетел валютасында шот ашуына қолдаухат беруге негіз болып табылады.

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты ашуына қолдаухат беруге - шарттарында осындай шот ашу көзделген Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарт немесе байланысты грант туралы шарт негіз болып табылады.

Бюджеттік бағдарлама әкімшісі шетел валютасында шот ашуға, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты ашуына қолдаухат беру негізділігін қамтамасыз етеді.

85. Демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты ашуға жазбаша рұқсат 3 данада ресімделеді, олардың екеуі оны кейіннен мемлекеттік мекемеге және мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетілетін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне беру үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне беріледі, үшінші данасы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органда қалады.

86. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге ақылы қызметтер ҚБШ-сын ашу үшiн мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ережеге 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтердiң қолма-қол ақшасын бақылау шотын ашуға өтiнiм бередi.

Аумақтық қазынашылық бөлімшесі республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемеден алынған қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға өтінімнің негізінде осы Ережеге 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтердің қолма-қол ақшасын бақылау шотын ашуға өтінімді қалыптастырады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

87. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге ақылы қызметтер, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын ашу үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ережеге 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 данада қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға өтiнiм бередi, ол:

1) ақылы қызметтердің ҚБШ үшін - мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) өткiзуден түскен түсiмдер жоспарының және ақшаның жұмсалуының;

2) демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ үшін – бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган берген рұқсаттар негізінде жасалады.

88. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері аппараттарына жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ ашу үшін соңғылары аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ ашуға өтінім береді.

89. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органнан, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі аппаратынан алған қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға арналған өтінімнің негізінде осы Ережеге 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға арналған өтінімді қалыптастырады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

Қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінім жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппаратына өтінім белгіленген нысанға сәйкес келмеген не мыналар:

1) ашылатын қолма-қол ақшаны бақылау шотының түрі;

2) мемлекеттік мекеменің атауы немесе коды;

3) бюджет түрі;

4) қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашу үшін негіз болмаған немесе дұрыс көрсетілмеген жағдайда орындаусыз қайтарылады.

90. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:

бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты ашуға жазбаша рұқсатының және аумақтық қазынашылық бөлімшелерден ақылы қызметтердің қолма-қол ақша шотын ашуға арналған өтінімдерінің негізінде жазбаша рұқсаттар берілген және аумақтық қазынашылық бөлімшелерден ақылы қызметтердің қолма-қол ақша шотын ашуға арналған өтінімдері түскен күні республикалық бюджеттен;

аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен қолма-қол ақша шотын ашуға өтінім түскеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шетел валютасындағы шотын ашуға рұқсаттың берілген күні, аталған рұқсаттың және аумақтық бөлімшелерінің қолма-қол ақша шотын ашуға арналған өтінімдерінің негізінде жергілікті бюджеттерден мемлекеттік мекемелерге қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды ашуды жүзеге асырады.

91. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ ашуға өтінімдер түскеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері аппараттарына өзін-өзі басқарудың ҚБШ ашуды жүзеге асырады.

92. Мемлекеттiк мекеменiң атауы өзгерген жағдайда республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мемлекеттiк қайта тiркеу туралы куәліктің/анықтаманың көшiрмесiн қоса бере отырып, осы Ережеге 48-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк мекеменiң атауын өзгертуге өтiнiм бередi.

93. Мемлекеттiк мекеменiң атауы өзгерген жағдайда жергiлiктi уәкiлеттi орган аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттiк қайта тiркеу туралы куәліктің/анықтаманың көшiрмесiн қоса бере отырып, осы Ережеге 48-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк мекеменiң атауын өзгертуге өтiнiм бередi.

94. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен және аумақтық қазынашылық бөлімшесінен осы Ереженің 48-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуге өтінім алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуді жүзеге асырады.

Мемлекеттік мекеменің атауы өзгергеннен кейін оған осы параграфта айқындалған тәртіппен жаңа жазбаша рұқсат беріледі, бұл ретте бұрын берілген ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау қолма-қол ақшаны бақылау шоты, шетел валютасындағы шот, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шот өзгеріссіз қалдырылады.

95. Нысаналы қаржыландыру ҚБШ-сын, шетел валютасындағы шоттарды және ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын ашу, жүргізу және жабу тәртібі Қазақстан Республикасының кейбір заңдарының ерекшеліктерін ескере отырып, анықталады.

96. Тиісті бюджеттердің, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын тіркеу осы Ережеге 49-қосымшаға сәйкес 5-19 «Тиісті бюджеттер, ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының және квазимемлекеттік сектор субъектілері шоттарының тізбесі» нысаны бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесінің ішкі есебінде көрсетіледі.

Шетел валютасында ашылған шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды тіркеу осы Ережеге 50-қосымшаға сәйкес 8-08 «Шетел валютасындағы шоттардың, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарының, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттардың тізбесі» нысаны бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесінің есебінде көрсетіледі.

97. Аумақтық қазынашылық бөлімшелері тиісті мемлекеттік кіріс органдары оларды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашқаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ ашқаны туралы хабарлайды.



4-параграф «Құпия»

5-параграф. Құжаттар жинағын қалыптастыру және құжаттар жинағын қалыптастырған кезде құжаттарға қойылатын талаптар
98. Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң құжаттар жинағы мынадай құжаттарды қамтиды:

1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариалды расталған көшiрмесi;

2) мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттiк сектор субъектiсi ережесiнiң (жарғысының) көшiрмесi;

3) қолдардың және мөр бедерiнiң үлгiсi;

4) мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң бiрiншi басшысын тағайындау туралы бұйрықтардың көшiрмелерi және қаржылық құжаттардағы бiрiншi және екiншi қол қою құқығын жүктеу туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;

5) демеушiлiк, қайырымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарды ашуға рұқсат.

Мемлекеттік мекемеге/квазимемлекетік сектор субъектісіне «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде қосымша мыналар:

1) қазынашылық пен мемлекеттік мекеме/квазимемлекетік сектор субъектісі арасындағы Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы келісімнің түпнұсқасы (бұдан әрі – ЭЦҚ туралы келісім);

2) ЭЦҚ кілттерінің қолданылу мерзімі өткен жағдайда ЭЦҚ пайдалану туралы келісімге Қосымша келісімнің түпнұсқасы беріледі.

Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы өзгерген кезде оларға сәйкес мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы өзгертілген нормативтік құқықтық актінің не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжаттың көшірмесін бір мезгілде ұсына отырып, жоғарыда санамаланғандарға ұқсас жаңа құжаттар ұсынылады.

99. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi әр мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне бiр құжаттар жинағын қалыптастырады.

100. Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң құжаттар жинағын қалыптастырған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәліктегі/анықтамадағы, ережедегi (жарғыдағы) және мөр бедерiнде (ММ үшiн – елтаңбалы) мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттiк сектор субъектiсi атауының бiрдейлiгiн, сондай-ақ бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрықтардың, қол қою құқықтарын және мөр бедері үлгілерін қоюды жүктеу туралы бұйрықтардың сәйкестігін тексередi. Алшақтықтар анықталған жағдайда сәйкестендiру үшiн мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттiк сектор субъектiсiне қайтарады.

101. Қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженiң 51-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екi данада ұсынылады. Бiр данасы мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжаттар жинағында сақталады, екiншiсiн қаржылық құжаттардағы қолдар мен мөр бедерiнiң (ММ үшін – елтаңбалы) шынайылығын тексеру үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi пайдаланады.

102. Бiрiншi қол қою құқығына мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы (басшының қызметін атқару міндеті жүктелген тұлға) және/немесе ол уәкiлеттiк берген тұлғалар ие болады. Бiрiншi қол қою құқығы, оның ішінде бірінші басшының міндеттерін атқару міндеті жүктелген уақытқа да мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі басшының (басшының міндеттерін атқару міндеті жүктелген тұлғаның) бұйрығымен ресімделуі тиіс. Екiншi қол қою құқығы бухгалтерлiк есеп жүргiзу жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысына және/немесе мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы уәкілеттік берген бухгалтерлiк есептi жүргiзу жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға беріледi.

103. Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолдары мен мөр бедерiнiң үлгiсi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi басшысының немесе ол уәкiлеттік берген тұлғаның қолымен расталады және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң мөр бедерiмен (ММ үшін – елтаңбалы) бекітіледі не нотариалды куәландырылады.

Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолдары мен мөр бедерiнiң үлгiлерi нотариалды куәландырылады.

104. Қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi өшпейтiн төзiмдi сиялармен орындалуы тиiс, мөрдiң бедерi (ММ үшін - елтаңбалы) дәл және анық болуы тиiс. Ұшып кететiн сиялар құйылған фломастер және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильдi көшiру құралдарын пайдалануға жол берiлмейдi. Мөр бедерін (ММ үшін - елтаңбалы) қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi» мемлекеттiк мекемесiн қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түстi мастиканы пайдалануға тыйым салынады.

Арнайы мақсаттарға арналған мөрлердi қолдануға жол берiлмейдi. 

105. Қайта құрылған мемлекеттiк мекемеде/квазимемлекеттік сектор субъектісінде мөр уақытша болмаған, мөрдiң атауы өзгерген, ескiрген немесе жоғалған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң басшысы мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне оның өтiнiшiнiң негiзiнде жаңа мөр дайындауға уақыт (күнтiзбелiк 10 күннен аспайтын) бередi және осы жағдайға байланысты құжаттарды сол елдi мекенде орналасқан бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң мөр бедерiмен бекітуге немесе құжаттарды мөр бедерінсiз беруге рұқсат бере отырып, мөр болмаған уақытта қаржылық құжаттарды ресiмдеу тәртiбiн айқындайды. Қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi мөрдiң (ММ үшін – елтаңбалы) дайындалу уақытында оның әрекет ету мерзiмi көрсетiлiп, «Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің мөр табанының үлігісі» ашық жолағында «уақытша мөрсіз» деген белгімен елтаңбалы мөрдiң бедерiнсiз (ММ үшін – елтаңбалы) ресiмделедi. 

106. Ең болмағанда бір қол ауыстырылған немесе толықтырылған немесе мөр ауыстырылған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы параграфтың 103-тармағында белгiленген тәртiппен куәландырылған қол қою және мөр бедерiнiң үлгiлерiмен жаңа құжат ұсынылады.

Бiрiншi немесе екiншi қол қою құқығы бар тұлғалардың бiрiнiң қолын уақытша ауыстырған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне тұлғаны тағайындау және уақытша мiндетiн атқарушыға қол қою құқығын жүктеу туралы бұйрықтың көшiрмесiн оның қолданылу мерзiмiн көрсете отырып, уақытша міндетін атқаратын тұлғалардың қолдарының үлгілерін қамтитын уақытша құжат ресiмделедi. Жаңадан ұсынылған құжаттар мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжат жиынына тiгiледi.

Екiншi қол қою құқығы бар тұлға уақытша болмаған (демалыс немесе науқастанған) кезде төлем құжаттарына қол қою мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатта көрсетiлген екiншi қол қою құқығы бар тұлғалар қол қояды. Бұл жағдайда қол қою мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар уақытша құжат толтыру талап етiлмейдi.

107. Аумақтық қазынашылық бөлімшелері артық төленген түсімдердің сомасын қайтару, түсімдердің бюджеттік сыныптамасы кодтарының арасында, мемлекеттік кірістер органдарының арасында артық төленген түсімдерді есепке алу (бұдан әрі – қайтару және/немесе есепке алу) жөніндегі операцияларды жүргізу үшін мемлекеттік кірістер органдары қолтаңбалардың және мөр бедердің үлгілерін ұсынады. Мемлекеттік кірістер органдары аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне қолтаңба және мөр бедерінің үлгілерімен бірге төлем тапсырмаларына қол қою құқығы және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қайтару және/немесе есепке алу жөніндегі құжаттарды ұсыну және одан құжаттар алу туралы бұйрықтардың көшірмелерін береді.

108. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган, бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi, мемлекеттiк мекемелер/квазимемлекеттік сектор субъектілері аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне құжат жиынын қалыптастыру үшiн қажеттi құжаттарда көрсетiлген деректердiң шынайлығы үшін жауап береді.

Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi ұсынылған құжаттардың толықтығын және осы параграф белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексергеннен кейiн құжаттау туралы заңнамаға сәйкес тексерiлген құжаттарды құжат жиынына тiгедi және сақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет