Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы


-параграф. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алуларды, нысаналы трансферттерді аудару тәртібі мен мерзімдері



бет6/21
Дата30.06.2016
өлшемі1.67 Mb.
#168559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

3-параграф. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алуларды, нысаналы трансферттерді аудару тәртібі мен мерзімдері
157. Бюджеттік алып қоюлар тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген сома шегінде төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге беріледі.

Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен деңгейінен жоғары деңгейіне берген кезде нысаналы трансферттер төмен тұрған бюджеттен жоғары тұрған бюджетке түсімдер мен төмен тұрған бюджет төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде беріледі.

158. Бюджеттік алып қоюларды аударудың ай сайынғы мөлшерін республикалық бюджет туралы заңда немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде көзделген, келесі қаржы жылына бекітілген төмен тұрған бюджет кірістері түсімдерінің (азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін соманы қоспағанда, салық, салықтық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер) сомасына бюджеттік алып қоюлар сомасының қатынасы ретінде пайызбен жоғары тұрған деңгейдегі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайды және бекітеді.

Төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы орган 25 желтоқсаннан кешіктірмей жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі органға келесі қаржы жылына арналған кірістердің болжамдық көлемін және түсімдердің жиынтық жоспарының жобасын алдын ала айға бөлуді (ерекшеліктер деңгейіне дейін) береді.

Жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган төмен тұрған бюджеттер кірістерінің мөлшері мен ай сайынғы болжамдық көлемі негізінде бюджеттік алуларды айға сайынғы бөлуді айқындайды және жоғары тұрған бюджеттің түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде тиісті жергілікті атқарушы органдардың қаперіне жеткізеді.

159. Төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынылған төлеуге берілетін шоттың негізінде бюджеттік алулар сомасын төмен тұрған бюджеттің түсімдерінің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген айлық сома шегінде жоғары тұрған бюджет түсімдері бюджеттік сыныптамасының тиісті кодын көрсете отырып, ағымдағы айдың жиырма бесінші күніне дейін аударады.

Осы талап орындалмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі жалақы және басқа да ақша төлемдерін, оның ішінде штаттан тыс персоналдың жалақысын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақыны төлеуді, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, жәрдемақыларды, алименттерді, міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, банк қызметтеріне ақы төлеуді қоспағанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген бюджеттік алулардың сомасын толық аударғанға дейін тиісті жергілікті бюджет бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

Тиісті бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган мемлекеттiк органдардың функцияларын мемлекеттiк басқарудың төмен тұрған деңгейiнен жоғары тұрған деңгейіне беру кезінде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ұсынылған төлеуге берiлетiн шоттың негiзiнде нысаналы трансферттер сомасын төмен тұрған бюджеттiң түсiмдерiнiң және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегiнде жоғары тұрған бюджет түсiмдерi бюджеттiк сыныптамасының тиiстi кодын көрсете отырып, аударады.

Осы талап орындалмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi жалақы және басқа да ақша төлемдерiн, оның iшiнде штаттан тыс персоналдың жалақысын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ақшалай өтемақыны төлеудi, салық және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi, жәрдемақыларды, алименттердi, мiндеттi зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтiк аударымдарды төлеудi, банк қызметтерiне ақы төлеудi қоспағанда, түсiмдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген нысаналы трансферттердің сомасын толық аударғанға дейiн тиiстi жергiлiктi бюджет бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

160. Бюджеттік алуларды аударудың толықтығын бақылауды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Бюджеттік алуларды аударудың уақытылылығын бақылауды аумақтық қазынашылық органдары жүзеге асырады.

Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейінен жоғары тұрған деңгейге берген кезде нысаналы трансферттерді аударудың толықтығына бақылауды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады, сондай-ақ нысаналы трансферттердің уақтылы аударылуына бақылауды аумақтық қазынашылық бөлімшесі жүзеге асырады.

6. Шығыстар бойынша бюджеттің атқарылуы
1-параграф. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді

қабылдауы
161. Мемлекеттік мекемелер ағымдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарымен бекітілген сомалар шегінде шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша міндеттемелер қабылдайды.

Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

Тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында бекітілген сомалар және мыналармен:

1) іске асыру мерзімі бір жылдан астам бюджеттік бағдарламалармен;

2) технологиялық дайындалу мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (кейінгі) қаржы жылы (жылдары) беруге себепші болатын активтерді және басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалармен;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда мерзімі бір қаржы жылынан астам қызмет көрсетумен;

4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын, аяқталу мерзімі келесі қаржы жылында басталатын қызметтерді көрсетумен;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен іске асыру мерзімі бір қаржы жылынан асатын іс-шараларды өткізумен байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының базалық шығыстары шегінде олар әрекет еткен барлық мерзім ішінде тіркелуге жатады.

Бюджеттің базалық шығыстары өзгерген кезде аталған азаматтық-құқықтық мәмілелер қайта тіркеуге жатады.

162. Міндеттемелер шарт нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмілелерді (бұдан әрі - шарт) жасасу арқылы, сол сияқты оларсыз да қабылданады.

Жасасқан шарттарды аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркеу міндетті болып табылатын шығыстардың, оның ішінде шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға азаматтық-құқықтық мәмілелердің қорытындысын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбай жасасуы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мекеменің шығыстарды жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесі мыналардың:

1) тауарларды сатып алған, жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен жағдайларда, орындалған жұмыстардың шот-фактурасының, хабарлама шотының, шотының, актiсiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да құжаттың;

2) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы мен басқа да ақшалай төлемақылардың, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және әлеуметтік есептеулер, бюджетке жүргізілетін есептеулер, жеке тұлғаларға стипендиялар және төлемақылар бойынша бастапқы құжаттардың;

3) бюджеттен трансферттер бөлінген жағдайда, жоғары тұрған бюджеттің міндеттемелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарының;

4) инкассолық өкімнің;

5) осы тізбеге енбеген ерекше шығыстар мен басқа да шығыс түрлері бойынша төлемдер жүргізген кезде төлеуге берілетін шоттың негізіндеқабылданған болып есептеледі.



2-параграф. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауына қойылатын талаптар
163. Мемлекеттік мекеме шарт жасасқан кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды, сондай-ақ шартты келтірілген деректердің шынайылығын қамтамасыз етеді және оларды сақтамағаны үшін жауап береді.

164. Мемлекеттік мекемелер азаматтық-құқықтық мәмілелерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленгеннен аспайтын мерзімге жасасады.

Мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттың шеңберіндегі немесе байланысқан гранттар бойынша шарттарды (бұдан әрі қарыз/грант туралы шарт шеңберіндегі шарт) қарыз/грант туралы шарт шеңберіндегі азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы немесе байланысқан грант халықаралық шарттың қолданыс мерзімінен аспайтын мерзімге жасасады.

165. Мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шартты жасасуға мынадай:

мемлекеттік мекеме шартты қарыз/грант туралы шарт (келісім-шарт) шеңберінде жасасқан;

мемлекеттік мекеме бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру шеңберінде шарттар жасасқан;

мемлекеттік мекеме технологиялық дайындалу мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (одан да кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) беруге себепші болатын активтер мен басқа да тауарларды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтерді сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде шарттар жасасқан;

мемлекеттік мекеме аяқталу мерзiмi келесi (кейінгі) қаржы жылы (қаржы жылдары) басталатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын қызметтерді ұсыну шеңберiнде шарттар жасасқан;

мемлекеттік мекеме іске асыру мерзімі бір қаржы жылынан аспайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен іс-шаралар жүргізу шеңберінде шарттар жасасқан;

мемлекеттік мекеме автокөлік құралдарын иеленушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға шарттар жасасқан жағдайларда жол беріледі.

166. Қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асып кететін шартта тиісті қаржы жылдары бойынша соманы шартты түрде бөле отырып жалпы сомасын көрсетеді. Шарттың жалпы сомасы, жылдар бойынша оның бөлінуі өзгерген кезде оларды түзету қосымша келісімдерді жасасу жолымен түзетіледі.

167. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Үкіметінің резервінен қаражат бөлу жағдайларын қоспағанда міндеттемелер бойынша қаржылық жоспардың шегінде бір бюджеттік бағдарлама аясында шарт жасасады.

Мемлекеттік мекеме ақша алушының біреуімен бюджеттік кіші бағдарламалардың немесе шығыстардың экономикалық сыныптамасының бірнеше ерекшеліктері бойынша шарт жасасқан жағдайда шартта жалпы соманы әрбір бюджеттік кіші бағдарлама немесе шығыстардың бюджеттік сыныптамасының әрбір коды бойынша бөле отырып көрсетеді.

168. Шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының әрбiр коды бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан артық емес мөлшерде шығыстардың экономикалық сыныптамасының мынадай ерекшелiктерi бойынша жол берiледi:

141 «Тамақ өнiмдерiн сатып алу»;

142 «Дәрі-дәрмектер мен өзге де медициналық мақсаттағы құралдарды сатып алу»

Осы Ереженiң 170-178, 180-тармақтарында көрсетiлген ерекшелiктер мен шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша шығыстар түрлерiн қоспағанда, шығыстардың экономикалық сыныптамасының көрсетiлген тiзбеге енбейтiн ерекшелiктерi бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етiледi.

Республикалық немесе коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындарды қаржыландыру кезiнде негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу үшiн мемлекеттiк мекеме ағымдағы жылы осы мақсаттарға көзделген соманың 30 пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлемдi шығыстардың экономикалық сыныптамасының 418 «Мемлекеттiк мекемелердi материалдық-техникалық жарақтандыру» ерекшелiгi бойынша жүзеге асырады.

Мемлекеттiк кәсiпорындар қайта жасасқан және бұрын жасасқан ұзақ мерзiмдi шарттар бойынша күрделi жөндеу мен қалпына келтiруден басқа, жаңа объектілерді салу және қолданыстағыларын реконструкциялау үшін республикалық немесе коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындарды қаржыландыру үшiн мемлекеттiк мекеме экономикалық шығыстар сыныптамасының 435 «Мемлекеттiк кәсiпорындардың жаңа объектілерін салу және қолданыстағы объектілерін реконструкциялау» ерекшелiгi бойынша осы мақсаттарға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың 30 пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлем жасауды жүзеге асырады.

Мемлекеттiк мекеме бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының 423 «Мемлекеттiк кәсiпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын күрделi жөндеу» ерекшелiгi бойынша мемлекеттiк кәсiпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын қалпына келтiрудi және күрделi жөндеудi жүргiзу үшiн республикалық немесе коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындарды қаржыландыруға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың 30 пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлемдi жүзеге асырады.

169. Шетелде кадрлар даярлаудың халықаралық бағдарламалары шеңберiнде стипендиаттардың оқуын және ғылыми тағылымдамадан өтуiн ұйымдастыру мақсатында экономикалық шығыстар сыныптамасының 164 «Стипендиаттардың шетелде оқуына төлеу» ерекшелiгi бойынша ақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкiметi шетелде кадрлар даярлау мен қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру халықаралық бағдарламаларын, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясын iске асыру жөнiндегi қызметтердi берушi етiп айқындаған заңды тұлғаның (бұдан әрi – Халықаралық бағдарламалар орталығы) өтiнiмiн қоса бере отырып, төлеуге берiлген шоттың негiзiнде жүзеге асырылады.

Халықаралық бағдарламалар орталығы өзінің банктік шотына ақшалай қаражат түскен сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде шетелдің жоғары оқу орындарына (әлемнің ғылыми орталықтары мен зертханаларына), стипендиаттарға, сондай-ақ Халықаралық бағдарламалар орталығы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысында көзделген қызметтерді көрсетуге шарт жасасқан ұйымдарға шетелде кадрлар даярлаудың халықаралық бағдарламалары шеңберінде стипендиаттардың оқуын және ғылыми тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру үшін ақшалай қаражатты аударуды жүзеге асырады.

Білім беру саласындағы уәкілетті орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірі күніне Халықаралық бағдарламалар орталығымен шетелде кадрлар даярлаудың халықаралық бағдарламалары шеңберінде стипендиаттардың оқуын және ғылыми тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру үшін ақы төлеуге бөлінген ақшалай қаражатты өздерінің пайдалануы жөнінде салыстыру актісін жасайды.

170. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелiгi бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының мынадай:

ауруларды шетелде емдеуді көздейтін шығыстарды төлеу үшін 70 пайыздан;

алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың ауылда қызмет көрсетуін көздейтін шығыстарды төлеу үшін 50 пайыздан;

осы тармақта көзделген шығыстардың тізбесіне енбейтін шығыстарды төлеу үшін 30 пайыздан аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі.

Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 155 «Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiндегi қызметтердi төлеу» ерекшелiгi бойынша аванстық (алдын ала) төлемге тек үкiметтiк емес ұйымдарға ғана мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орындаған кезде ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етiледi.

171. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 431 «Жаңа объектілер салу және қолданыстағы объектілерді реконструкциялау» ерекшелiгi бойынша:

1) мердiгерлiк ұйым төлеу сомасына жабдықты жеткiзу бойынша шарттық мiндеттемелердi уақтылы орындауға екiншi деңгейдегi банктiң кепiлдiгiн берген жағдайда инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде дайындаудың технологиялық мерзiмi бiр жылдан асатын күрделi энергетикалық жабдықтар құнының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде;

2) әскери мақсаттағы жаңа объектілерді салуға және қолданыстағы бар объектілерді реконструкциялауға жұмсалатын шығындарға ақы төлеу үшін аванстық (алдын ала) төлем жасауға рұқсат етiледi.

Әскери мақсаттағы заттар мен материалдарды сатып алуға жұмсалатын шығындарды төлеуге бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 149 «Өзге қорларды сатып алу» ерекшелігі бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.

Әскери мақсаттағы көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындарды төлеу үшін бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 413 «Көлік құралдарын сатып алу» ерекшелігі бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.

Әскери мақсаттағы жабдықтарды сатып алуға жұмсалатын шығындарды төлеуге бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 414 «Машиналар, жабдықтар, құралдар, өндірістік және шаруашылық мүкәммалын сатып алу» ерекшелігі бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.

172. Дайындаудың технологиялық мерзімі бір жылдан аспайтын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде күрделі энергетикалық жабдықты сатып алуды, мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке қаражат төлеуді, қазақстандық астықты экспортқа тасымалдау жөніндегі қызметтерге төлемдерді, науқастарды шетелде емдеуге арналған төлемдерді, ауылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметіне төлемдерді және коммуналдық қызметтерді қоспағанда, құрылыспен, не ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды реконструкциялаумен, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа объектілерді күрделі жөндеумен, сондай-ақ ағымдағы шығындар бойынша шарттарда мемлекеттік мекемелердің қабылданған тауарлардың, (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір сомасынан бұрын төлеген авансты тепе-тең ұстау туралы шарты болуы қажет.

Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарға ақы төлеу тұтастай алғанда шарттың жалпы сомасының тоқсан бес пайызы шегінде жүргізіледі. Қолдану мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттар бойынша шарттың жалпы сомасынан бес пайызды ұстауды мемлекеттік мекеме объектіні аяқтаудың соңғы жылында жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлінген жағдайда, сондай-ақ қаражат объектіні салуды бастауға бөлінгенде, ағымдағы қаржы жылына аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарттар бойынша бес пайызды ұстау жүргізілмейді. Бұл ретте көрсетілген жағдайларда объектілер бойынша ағымдағы қаржы жылына түпкілікті төлем аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеме ұсынатын орындалған жұмыстардың актісі негізінде жүргізіледі.

Орындалған жұмыстар үшін тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы түпкілікті есеп айырысу ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарды аяқтағаннан және тапсырыс беруші аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік қабылдау комиссиясының қол қойылған актісін ұсынғаннан кейін жүргізіледі.

173. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыруды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы шешімімен анықталатын астықты көктемгі-жазғы қаржыландыруға және күзгі сатып алуға арналған сома мөлшерінде біржолғы төлемақы жасау жүзеге асырылады.

174. Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен экспортқа қазақстандық астықты тасымалдау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 100 пайызы мөлшерінде біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.

175. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруды және пайдалануды жүзеге асыру кезінде мамандандырылған ұйымға ақша қаражатын аудару 100 (жүз) пайыз мөлшерінде біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.

176. Егер ҚР заңнамасында өзгеше көзделмесе, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, мерзімді баспаны және почта байланыс қызметтерін сатып алу кезінде шарт сомасының 100 пайызы мөлшерінде аванстық (алдын ала) төлемақы жасауға жол беріледі.

177. Қаражатты Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталын ұлғайтуға аударған кезде ағымдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспары сомасының 100 пайызы мөлшерінде аванстық (алдын ала) төлем жасауға жол беріледі.

178. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 151 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі үшін аванстық (алдын ала) төлемге рұқсат етілмейді.

Егер жалға алу шартына сәйкес депозиттiк соманы төлеу туралы банк кепiлдiгiн беру туралы талап көзделсе, шығыстардың экономикалық сыныптамасының 154 «Үй-жайды жалдауға ақы төлеу» ерекшелiгi бойынша аванстық (алдын ала) ақы төлеуге Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнiң жалға алу сомасын төлеуге ғана рұқсат етiледi.

179. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қорытындысы бойынша жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша аванстық (алдын ала) төлемге жол берілмейді.

180. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысы шеңберінде жасалған шарттар бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына көзделген шарт сомасының 75 пайызынан аспайтын мөлшерде жол беріледі.

181. Standard&Poor's, Moody's және Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттіктермен (оның ішінде олар басқа заңды тұлға болып қайта ұйымдастырылған жағдайда) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу олармен жасалған шарттарда немесе келісімдерде көрсетілген талаптар мен мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

182. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жасалған шартта міндетті түрде аталған шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл), сондай-ақ мемлекеттік мекеменің шарттың не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алуды қамтамасыз ету жөніндегі міндеті көзделеді.

Мемлекеттік мекеме шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің бұзылу жағдайларын қоса алғанда, ақша алушы тарапынан шарт бойынша орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған міндеттемелер мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алуды қамтамасыз етеді.

183. Мемлекетік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісінің мемлекеттік монополияға жатқызылған жатқызылған қызмет бойынша мемлекеттік монополия субъектісіне көрсетілген қызметтер (коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері) үшін өткен қаржы жылының желтоқсан айы үшін жасалған шарт бойынша ағымдағы қаржы жылының қаңтарында төлем жүргізуге жол беріледі.

184. Халықаралық ұйымдармен және донор-елдермен өзара іс-қимыл бойынша қызметтерді төлеу байланыс гранттар шеңберінде олармен жасалған халықаралық шарттарда белгіленген талаптар мен мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

185. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарттарға қосымша келісімдер мынадай:

бюджетті нақтылаған, түзеткен;

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажетті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында пайдаланылған осындай тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің көлемінен аспайтын көлемде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылуын келесі жылдың бірінші тоқсанына ұзартқан жағдайда тапсырыс берушінің үздіксіз қызметін қамтамасыз еткен;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларына сәйкес әлеуеттік өнім берушіні таңдауға негіз болып табылған сапасы мен басқа да талаптары өзгермеген жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартқа өзгеріс енгізу;

тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алынатын белгілі бір нарықта үлестері жүз пайызға тең басым (монополия) жағдайға ие субъектілермен не оның қызметінің негізгі мәні бойынша мемлекеттік монополия субъектісімен шарттың сомасы өзгерген;

шарттың жалпы сомасын өзгертпей, қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асып кететін шарттың жоспарлы кезеңінің екінші және үшінші жылдарға базалық шығыстары өзгерген жағдайда ағымдағы қаржы жылына арналған сомасы өзгерген;

ББС-ке өзгерістер енгізген;

тараптардың деректемелері өзгерген;

жасасқан шарттық талаптарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіпте шартты бұзған;

өткен жылы орындалмаған және бюджет қаражатының қалдықтары және/немесе осы Ереженiң көрсетiлген шығыстар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферттiң аударылмаған сомасы есебiнен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарттың қолданылу мерзiмi ұзартылған жағдайларда жасалады. Көрсетiлген шарттардың қолданылу мерзiмiн ұзарту тиiстi бюджет комиссиясының ұсынысы бойынша жүргiзiледi, ол оң қорытынды берген кезде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиісінше Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның әкiмдiгiне тиiстi қаулылардың жобаларын енгiзеді;

шарт бойынша міндеттемелерді орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) қолдану, егер шартта осы талап көзделген болса, бұл ретте тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстап қалу, мемлекеттік мекеме ақша алушымен мемлекеттік мекеменің тиісті бюджет кірісіне тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасын аударуы туралы немесе мемлекеттік мекеменің ақша алушыға коммуналдық төлемдерді уақытылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасын аударуы туралы қосымша келісім жасасу жолымен жүзеге асырылады. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстап қалу сол шарт жасалған ерекшелік бойынша не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасынан жүргізіледі.

186. Мемлекеттік мекеменің екінші деңгейдегі банктермен және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен (бұдан әрі - банк) құқықтық қатынастары осы Ережеде белгіленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет