Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет28/53
Дата09.11.2023
өлшемі6.32 Mb.
#482753
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53
Учебное пособие Ара шаруашылығы

4.7.2 Кәрездердің ескіруі

Бал араларының ұрпақ өсіруі процесінде ұялардың кәрездері айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды. Ашық түсті кәрездер уақыт өте келе қоңыр, содан кейін қара түске ие болады. Бұл ретте ұяшықтар қабырғаларының қалыңдығы, олардың көлемі өзгереді. Бұл өзгерістер кәрездердің ескіру процесін сипаттайды.


Жаңа салынған кәрездің көлемі 435*300 мм массасы шамамен 140 г болады. Олардан 6 ұрпақ шығарылғаннан кейін салмағы 2 есе, 17 ұрпақ шығарылғаннан кейін 3 есе ұлғаяды.
Тұқымды шығару мақсатында кәрездерді пайдаланылуына қарай олардың жай-күйі өзгереді.
Уақыт өте келе кәрездер мықты әрі «жылы» бола бастайды. Жылу өткізгіштік коэффициенті 76,7% -ға төмендейді (ашық түсті соттарда 5,61-ден қараларында 1,31-ге дейін). Балауыз саны біртіндеп азайып, 40-55% жетеді.
Ұзақ уақыт (8-10 жыл ішінде) қолданған кезде қондырғы-қатарлардың кәрездері біршама қаралау түске айналады (сұрғылт болады), бірақ әлі де пайдалануға жарамды деуге негіз бар және оларда 100% дерлік балауыз болады.
Ұяшықтың мөлшері туылған аралардың салмағына және олардың экстерьерлік белгілеріне едәуір әсер етеді. Ескі кәрездердің ұяшықтарында шығарылған аралардың салмағы, жаңа кәрездерден шығарылған араларға қарағанда аз болады.
Бұдан басқа, ара отбасының ұясындағы ескі кәрездер аскофероз, варрооз және т.б. сияқты жұқпалы және инвазиялық аурулардың таралу көзі болып табылады.
Ашық түсті кәрездер балауыз шіркейімен аз зақымданады, оларды сақтау кезінде дезинфекциялау жеңілдейді. Сондықтан ескі кәрездерді дер кезінде сұрыптап алып, ұяларды жаңа салынған кәрездермен немесе тұқымды шығару үшін 2-3 жылдан аспайтын уақыт пайдаланылған кәрездермен жасақтауды қажет етеді. Жыл сайын кем дегенде 1/3 ұя кәрездерін ауыстыру ұсынылады.
Кәрездің сапасы, оның жасы, балдың кристалдану жылдамдығына, демек, қыстауға қатты әсер етеді. Қаралау кәрездерде бал анағұрлым тез кристалданады, бұл аралардың санының азаюын, отбасылардың әлсіреуі мен өлімін күрт арттырады.
Ашық түсті соттардан жасалған бал әрқашан жоғары сапаға ие болып келеді (уытты және радиоактивті ластанудан аз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет