4.7.3 Жаңа кәрездерді салу
Жаңа кәрездерді салу үшін дұрыс қатармен орналастырылған ұяшықтары бар бал арасының жіңішке балауыз қағаздары пайдаланылады. Кәрездердің беріктігі балауыз сапасына (оның қалыңдығына, пайдаланылатын балауыз сапасына, сақтау ұзақтығына және т.б.), сондай-ақ рамаларда тартылған сым қатарының санына байланысты болады. Балауыз қағаз негізінде тұрғызылған кәрез табиғи жағынан берік болып келеді. Балауыз қағазы берік болуы үшін рамалар мен бүйір тақтайларының арасыннан сымды төрт қатарға тартады. Бірінші қатар - раманың жоғарғы бөренесінің астында одан 10 мм қашықтықта, қалған үшеуі - раманың қалған жолағында бір-бірінен 85 мм қашықтықта орналасады. Сымды тартпас бұрын рамалардың бүйір тақтайларының ортасынан төрт тесік тесіледі. Омарташының жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп және оның еңбек өнімділігін арттыру мақсатында сымды арнайы станокта тартады.
Балауызды қағаздарды алдын ала ыстық суда қыздырылып алынған құрал арқылы бекітеді. Балауызды қағаздардың бүйірі қабырғаға жанаспауы тиіс. Төменгі жолақтан 10 мм дейінгі қашықтыққа рұқсат етіледі. Ұя рамаларын толық емес балауыз қағаздарымен қаптауға болмайды. Бұндай жағдайда аралар төменгі жағына трутенді кәрездер тұрғыза бастайды.
Рамаларды құрудың тағы бір жолы- электрмен жабдықтау болып табылады. Үстелге сымдар салынған рама, ал оның үстіне – балауызды қағазды салады. Сымның ұшына кернеуі 24 В электр тоғы жеткізіліп, нәтижесінде қыздырылған сым балқытылған балауызды аралығына құйяды. Тоқтың берілу уақытын былай анықтайды: қызуы нашар болған жағдайда сымдар балауызды қағаз үстінде қалады, ал тоқ күші үлкен болған жағдайда оны кесіп өтеді.
Жоғарыда мәлімдегендей кәрездерді салу үшін,өнімді аналықтар, бал аралары және барлық жастағы ұрпақтары бар толыққанды отбасылар пайдаланылады. Көктемде оларды 1,2 кг (5 қатар) күшке жеткеннен кейін балауыз бөлуге және кәрез салуға ынталандырады.
Бал ара өсіруші омарташыларға ара отбасына балауыз қағаздары бар рамалар қоюдың алғашқы белгісі «кәрездердің ағаруы» болып табылады, ол табиғатта ең болмағанда кішігірім бал жинаудың пайда болу сәтімен сәйкес келеді. Бал жинау толық болмаған жағдайда ара ұялары ынталандыратын көмірсутекті қоректендіруді (сахарозаның 50% -дық ерітіндісін) алуы тиіс. Көмірсутекті қоректендіру балауыз бөлуді және кәрездердің құрылуын қамтамасыз етіп, бал жинауға аралардың өсуін орта есеппен 15%-ға ұлғайтуға ықпал етеді. Көмірсутекті қосымша қоректендіруды пайдалану бал, балауыз түріндегі отбасылардан алынатын қосымша өнімдермен және жоғары сапалы бал ара отбасыларының шығуына байланысты толықтай өзін ақтайды.
Ұялардың алғашқы кеңеюі кезінде әлсіз отбасыларға бір-бірден, ал күшті отбасыларға рама беріледі. Ауа райы тұрақсыз және суық болуы мүмкін көктемгі кезеңде балауыз қағаздарын ұрпақ орналасқан соңғы кәрездердің жанына орнатады. Жұмыртқамен толтырылған кәрездерді ұяның ортасына бекітіп, ал олардың орнына балауыз қағаздары салынған рамалар орналастырылады. Ескі кәрездері бар рамалар ара ұясының шетіне қарай біртіндеп ығыстырылады. Бал жинау басталған мезетте оларды ұрықтан босатқан соң, іріктей беруге болады.
Анағұрлым жылдам әрі сапалы бал аралары балауызды қағаздарды кәрездердің арасына орналастырғаннан бастап-ақ (балауызды қағаздарды ұяның «үзілуіне» қою) сала бастайды, өйткені бұл жерде ұрықты өсіру үшін неғұрлым қолайлы аймақ орналасқан және осы мақсат негізінде аралар микроклиматтың оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ұяның тұтастығын қалпына келтіруге ұмтылады.
Басты бал жинау кезінде рамалар екінші корпустарда немесе қондырғы-қатарларда дайын кәрездердің арасында кезекпен орналастырылады. Бал арасы бар рамаларды қатарынан ешқашан қоюға болмайды, себебі бал араларының ауырлығының әсерінен астында орналасқан балауыз қағазының беттерін зақымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |