Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет48/53
Дата09.11.2023
өлшемі6.32 Mb.
#482753
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Учебное пособие Ара шаруашылығы

Омарта көлемін анықтау. Омарта мәлметтерді жинақтай отырып, омартадағы қорек қорын құруды бастайды. Жерлердің жалпы ауданына маршруттық зерттеулердің орташа деректеріне табиғи бал алқаптарының барлық түрлері мен, учаскідегі жеке бал өсімдіктерініңпайызына сүйене отырып, сіз әр бал өсімдігі алып жатқан аумақты есептей аласыз. Осы аумақтарды 1 га – дан тиісті өсімдіктердің бал өнімділігінормаларына айналдырып, алынған нәтижелерді қосып, зерттелген омарта аумағының немесе басқа үлкен аумақтың бал құндылығын сипаттайтын зерттелген аумақтың бал қорларын анықтаңыз.
Әдетте аралар шірне ресурстарының пайдаланудың 50 пайыздан аспайды. (қалған қорек қорының қалған бөлігін, ауа – райының қолайсыздығына байланысты жинай алмайды және әртүрлі жабайы бунақденелелілердің олармен қоректенуіне байланысты. Омартада тиімді жұмыс жасау үшін қажетті ара отбасыларының санын анықтау үшін жалпы бал қоры екі есе азаяды және аралар жинай алатын бал мөлшерін анықтайды. Қордың жартысын бір ара отбасы жинаған балдың жылдық мөлшеріне белгіленгеннен кейін (120-125 кг, оның ішінде 30 кг товарлы өнім) ара отбасыларының саны алынады, олар осы аумақта ұстаған жөн. Омартаның қорек қорын бағалаған кезде, балдың жалпы қорынан басқа маусым бойы шырын ағынының біркелкілігін және ең өнімді өсімдіктерді білу маңызды.
Маусым бойынша аймақтың мүмкіндіктерін ара отбасыларының қажеттіліктерімен салыстыру қажет.
Ересек дарақтарды, балауыз болу үшін, ұрпақтарды қоректендіруға, ұшуға бір ара отбасы жылына 90 кг бал жұмсайтындығы белгілі. Бірақ балды былай тұтыну біркелкі емес, Көктем айларында шамамен 30 кг, жазда 35 кг, күзде 5 кг, қыста 20 кг бал қажет.
Ара отбасыларының санын және олардың балға деген қажеттілігін біле отырып, балдың жалпы қажетті мөлшерін анықтайды.
Өсімдіктердің шірне өнімділігі метеорологиялық, топырақ құнарлығы және басқа да жағдайларға байланысты ауытқып отырады. Сондықтан өндірістік жағдайда есептелген қорларды бірнеше жыл ішінде бақылау ұясының мөлшерінің өсу деректері негізінде түзету және бақылау ұясының күнделігін жүргізу кезінде қарастырылғандай ең маңызды шірнелі өсімдіктердің гүлдену күнтізбесімен байланыстыру өте маңызды.
Омарта және ара ұяларын орналастыру үшін орын таңдау. Орманды ауыл шаруашылығы және соның ішінде ара шаруашылығын жүргізу үшін пайдалану керек. Ара ұяларымен омарталарды орналастыруға арналған орман қорының аумақтары негізінен орман шеттерінде, алқаптарда және орман өсімдіктерімен жабылмаған жерлерде орналастырылады. Көшпелі омарталар әдетте бір – бірінен 1,5 км - ден жақын емес, стационарлық омарталар 3 км –ден жақын емес қашықтықта орналасады.
Әр түрлі омарталарға ылғалдылығы төмен топырағы бар, жер асты суларының деңгейі төмен жерлерді таңдау керек.
Таңдап алынған аумақтар рельефі тыныш, жер үсті сулары ағу үшін көлбеу, құрғақ, күн сәулесі түсетін, су тасқыны мен жаңбыр сулары баспайтын, қатты желмен және күннен қорғайтын табиғи кедергілер немесе қоршаулармен қорғалу керек.
Омарта үшін арнайы орын таңдап алынып, оларды көшіру жоспарын жасау барысында бал өсімдіктер бар, бедерлі рельеф және бал өсімдіктері әр жағынан орналасқан жерлерге артықшылық беріледі. Таңдап алынған аумақ су қоймасының жанында, ыңғайлы кіреберіс жолдары бар болуы керек. Балалар мекемелері, стадион, мектеп, аурухана, демалыс үйлерінен, сондай – ақ аралардың шағуынан аллергиялық реакция туралы медициналық анықтамасы бар азаматтардың жеке жайларынан, үлкен көлдер мен өзендерден, басқа омарта араларының ұшу жолдарына жақын аумақтарды таңдауға болмайды.
Омарталар мал шаруашылығы кешендері мен фермаларынан кемінде 2,5 км қашықтықта орналасуы керек.
Аумақтар автомобтль жолдары, темір жол, жоғары вольтты электр желілерінен 500 метр, кондитерлік және химия өнеркәсібі, кәсіпорын, аэродром, әскери полигон, радиолокация, радио, телехабар тарату станцияларынан және микротолқынды сәулеленуден 5 км – ден жақын болмау керек. Тұрғын үй және ветеринарлық – санитарлық ғимараттар жел жағында орналасуы тиіс. Аумақтар санитарлық, зооветеринарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай болуы керек.
Омарталарды ұйымдастыру кезінде оның негізгі тұрақ орнын таңдау керек. Ол араларды ерте көктемгі алым алуды қамтамасыз ету керек. Ең қолайлы жер болып негізгі бал өсімдіктерінен басқа, бақтар, талдар, бұталар, үйіңкі, қараған және т.б., көктемгі бал өсімдіктері өсетін жерлер жатады.
Омартадағы ұялар бір ара отбасы үшін 20 - 40 метр2 есептелінеді; оларды шахмет тәртібімен қатарға орналастырып, бір – бірінен 6 метр ара қашықтықта, үш - бес ұядан немесе топтап арасы кемінде 4 метр екі – екіден, бірақ ұшар тесігі әртүрлі бағытқа қарап тұру керек. Ұяларды тіректерге немесе ққоректарға жаңбыр ұшар тесігіне кіріп кетпес үшін сәл көлбеу етіп орналастырады. Омарта үшін таңдап алынған аумақта ара ұялары үшін орын дайындалу қажет. Ара ұяларының арасына арнайы жол салынып, оларға ара ұяларын қоятын шөптен тазартылған төрт бұрышты алаңдар салынады. Ұя асты және оның алдындағы алаң шамамен 1 м2 аудан шөптен тазартылуы керек, ол аралардың ұядан не алып шыққанын көруге мүмкіндік береді.
Ара ұяларын жерден 25-30 см бік шығыңқы жерге салу керек, кейде ұя алдына төмен орындықтар жасалынады. Аралар әрдайым кәрізді тік бағытта салады. Егерде ұялар қисық бағытта орналасса, жаңадан салынатын кәріздерді дұрыс салмайды. Ұяны алға қарай еңкейту араларға қалдық пенөлі араларды шығарып тастауды жеңілдетеді және жаңбыр суының ұяға ағып кетуіне жол бермейді. Ұялардың ұшар тесігін шығыс бетке қаратып орналстыру керек. Жаздың аптап ыстығында ұшар тесігіне күн тек таңертен, күндіз бүйір корпусына, содан кейін артқы корпусына түсіп ұшар тесігімен қону тақтайшасын қыздырмайды. Ара ұяларының ұшар тесігін солтүстік бағытқа қаратып қоюға болмайды, себебі ұшар тесігі арқылы салқын жел үрлейді.
Омартада ара ұяларын орналастыру варианттары (қосымша, сурет 15).
ІІ, ІІІ, ІV, VI варианттар бақтармен орман алқаптары үшін арналған, ағаштардың көлеңкесі ұя қақпағына түсіп, ара отбасын артық жылудан қорғау үшін. Ауа температурасы қалыпты аймақтарды жазғы уақытта ара отбасыларын ашық күн сәулесі толық түсетін жерлерге І, VIІ вариант бойынша орналастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет