6. Қазақстанның балды өсімдіктер қоры
Көптеген миллиондаған жылдар бойы тірі табиғаттың эволюциясы нәтижесінде өсімдіктердің әртүрлі көбею механизмдері дамыды. Олардың бірі - өсімдіктер мен тозаңдандыратын жәндіктер арасындағы өзара әрекеттесуі. Гүлді өсімдіктер бөлетін шірне жәндіктерді тартады да, тозаңдарды тасымалдап, өсімдіктердің тозаңдануына әсер етіп, жеміс пен көп мөлшерде тұқым алуда өз әсерін тигізеді. Шірне тек гүлдің толық ашылуынан кейін бөліне бастайды.
Шірнелік – қабықпен қапталған ерекше шірне ұлпасында бөлініп шығады. Өсімдіктердің түріне байланысты шірнелік пішіні тегіс, дөңес, шар тәрізді және т.б. түрлері бар. Шірнеліктің қабықшасы өте ұсақ көп капилярлардан тұрады, сол арқылы шірне оның үстіңгі бетіне шығып, үлкен мөлдір тамшы түзеді.
Шірнелік өсімдік тостағаншасында, гүлінде, гүл табаны мен сағағында орналасады. Бұндай шірнеліктер гүлді өсімдіктер шірнесіне жатады.
Гүлдер шығаратын шірне мөлшері ең алдымен, өсімдіктің тұқым қуалайтын ерекшеліктеріне және оның оның даму дәрежесіне байланысты.
Аралар шірне жинап оны балға айналдыру үшін көп энергия жұмсайды. Мысалы: 1 кг бал жинау үшін, 2-3 млн жөке, 4-5 млн қарақұмық гүліне бару керек. Аралар үшін қорек базасы болып мәдени және жабайы бал өсімдіктері жатады. Ара шаруашылығы табиғи жағдайлармен қорек қорының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Сондықтан да ара шаруашылығының бағыты мен олардан алынатын өнімдерін өндіру технологиясын дұрыс таңдау үшін климат пен өсімдіктердің аймақтық ерекшеліктерін ескеру үлкен маңызға ие.
Осыған байланысты бал алқаптары Шығыс, Орталық, Оңтүстік, Батыс Қазақстан аймақтарына бөлінеді.
Шығыс Қазақстанның бал алқаптары. Шығыс Қазақстанмен Алтайдың табиғаты бай және әр түрлі. Оның көп бөлігін орман, бал бұталары және 4-6 мың тонна бал беретін шөптесін өсімдіктер жамылғысы қаптап жатыр. Омарташылар үшін ең қолайлы аймақ Шығыс Қазақстан және Семей облыстары. Ол аймақтың бір бөлігін қылқан жапырақты ормандар жабылып біртіндеп таулы шалғында далаға айналатын аласа таулар айтарлықтай кеңістікті алып жатыр. Қатты жел жоқ, қысы дала белдеуіне қарағанда жылы, ұзығырақ жаз айлары қоңыр салқын. Қыс айлары мен жаздың екінші жартысында жауын – шашын көп түседі. Таудағы бұлақ пен өзен бұталармен көмкеріліп, тайга ормандары да кездеседі. Таулы жерлердің төменгі және жоғарғы жолақтарындағы өсімдіктің жекелеген түрлеріне байланысты гүлдену уақыты 15 күнді құрайды. Ара шаруашылығы Шығыс Қазақстанның табиғи бал өсімдіктері өсетін аудандарында кең тараған. Ерте көктемгі бал жинау уақыты Қазақстанның таулы бал өсімдіктері үшқат, қарақат, сары қараған және т.б. өсімдіктері гүл атқан кезде басталады. Бақылау ұясының тәуліктік балдың салмағы 10-15 күнде 8 кг құрайды. Маусым айында алтай шырышы, сасыр, ақ беде, шаған, сиыржоңышқа өсімдіктеріннен қосымша бал жинауға мүмкіндік береді. Бал жинау науқанының ең басты кезеңі маусым айының аяғы, ал таудың жоғарғы жағында шілденің 10-15 аралығында Қазақстанның таулы бал өсімдіктері гүлдей бастайды, оларға таңқурай, аюбалдырған, бозкілем, жұпаргүл, әрем, көкемарал, сасықшөп, көкбасшөп, күреңот, ал шілде айының ортасында – тікенқурай, щұбаршөп, алтыншыбық, түймебас, сайсағыз және т.б. Мамыр айының аяғында омартаны негізгі бал жинау науқанында сары қараған өсетін аумаққа орналастырады. Маусым айының аяғында омартаны таңқурай, аюбалдырған, күреңот, балдырған, киікшөп, сасықшөп, көкжалбыз, тікенқурай өсетін аудандарға шығарады. Ара шаруашылығының таулы дала зонасын Алтай тауының етегі, сонымен қатар Көлбі және Тарбағатай таулары алып жатыр. Тау мен тау етегі әр түрлі өсімдіктер жамылғысы мен тал мен жабылған. Көктемнен бастап әлсіз бал жинау сақталатын жерлерде омарталар қандық, казжуа, бақ-бақ, қараған, тяньшань шиесі, шырыш, пияз, бақ-бақ, ақ беде, сасыр, долана эспарцет, күймесгүл сияқты балды өсімдіктер бар жерлерге орналастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |