Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі abai University силлабус пән туралы ақпарат


Пәннің негізгі міндеті «6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет2/6
Дата21.10.2023
өлшемі107 Kb.
#481319
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Силлабусс ЖАНА Балалар әдебиеті 6В01701

Пәннің негізгі міндеті «6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:
ОН10 тіл мен әдебиет салаларын оқытуда педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерді меңгереді, кәсіби өсу жолында өзінің білім траекториясын құрастырады;
ОН12 қазақ әдебиетінің тарихын, теориялық мәселелерін және даму бағыттары мен үрдістерін біледі және көркем шығарманы талдауда қолданады. Сонымен қатар

  • -Қазақтың көркем сөз өнерінде сан ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан көркемдік дәстүр жаластығын сараптап көрсету ;

  • Балалар әдебиетiнiң жанрлық ерекшелiктерiн таныту;

  • Балалар әдебиетi көрнектi өкiлдерiнiң өмiрi мен шығармашылығы туралы мәлiметтермен қаруландыру;

  • Балалар әдебиетінің өзекті мәселелерін танып, ғылыми талдаулар жүргізу;

  • Шығармадағы оқиғаның әсер еткен тұстарын әңгімелеуді, мәтін туралы ауызша және жазбаша пікір білдіруді,оқылған шығарма сюжетi iзiмен немесе еркiн тақырыпта әртүрлi әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең құрастыру, шағын үзiндiге киносценарии жазу, мақала жазу, эссе т.б.) жүргiзе алуды, кiтаппен және кiтапханалық анықтама, библиографиялық әдебиеттермен жұмыс iстей бiлу дағдыларын меңгереді.

4.Курстың академиялық саясаты:
Әдебиет туралы ғылым тарихы мен теориясының, сөз өнерінің қоғамдық функциясын түсініп, практикада қолдана алады.
Академиялық тәртіп ережелері:
Студент сабаққа қатысуға міндетті, кешігуге болмайды. Сабаққа қатыспаған жағдайда 0 балл қойылады. Тапсырмаларды (БӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.
Академиялық құндылықтар:
Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлерінде көшіріп алу және оқытушыны алдауды болдырмау. Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес ала алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет