Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


-   қолданылатын электрондық білім беру басылымдары  Интер- нет желісінің түрлі серверлерінде орналасады; -



Pdf көрінісі
бет102/189
Дата02.01.2022
өлшемі1.08 Mb.
#453594
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   189
bilimdi akparattandyru

-   қолданылатын электрондық білім беру басылымдары  Интер-
нет желісінің түрлі серверлерінде орналасады;
-   ақпараттық ресурстардың саны жəне олардың арасындағы бай-
ланыс іс жүзінде шексіз бола алады;
- 
 
ақпаратты гипертекст көмегімен жіберу жүйесі білім 
алушыға оқу материалын қарастыруда өзіндік жолды табуға, 
білімді өзінің қажеттіліктері жəне мүмкіншіліктері бойынша 
тереңдетіп, кеңейтуге мүмкіндік береді;
-  интернет желісінде қолданылатын гипермедиа-технологиялар 
қажет болған жағдайда оқу материалына иллюстрацияларды, 
анимацияларды, бейнекөріністерді қосуға жəне ақпаратты 
дыбыстандыруға мүмкіндік жасайды.  
Ақпараттық ресурс əдісін қолданудың негізгі мақсаты – көп 
мөлшерде əрқилы түрлі ақпараттардың ортасынан оқушы өзіне 
қажеттілерді таңдау арқылы теориялық білімін бекіту жəне кеңейту. 


215
Бұл ақпараттар оған қажетті жəне оның танымдық қажеттілктерін 
қанағаттандыра алады. 
Ақпараттық ресурс əдісін пайдаланған кезде оқушының қызметін 
оқытушы басқарады – бұл нақты білімдерді хабарлау, білімді кеңейту 
жəне бекіту мақсатымен ақпараттық ресурстарды жүйелендіру 
жəне таңдау, сонымен бірге, білім алушылардың білімін қадағалауды 
іске асыру. Бұл оқытушының оқу-қадағалаушылық қызметін 
анықтайды. 
Ақпараттық ресурс əдісінің кемшіліктерінің бірі оқытушы 
жағынан кететін уақыттың көптігі, яғни, электрондық білім 
беру басылымдарын құрастыру жəне жүйелендірумен байла-
нысты, оқу үдерісінде ақпараттық-қатынастық технологиялар 
пайдаланатын құралдардың сапасына қойылатын талаптардың 
жоғарылығы, оқушы тарапынан ресурстардың (ұқсас интерфейстер 
жəне навигациялар) бірыңғайлығы: навигация, қарап байқау, оқу 
жəне т.б. 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын пайда-
лана отырып, іске асырылатын оқу əдісінің жеткілікті тиімді түрі 
дидактикалық ойын болып саналады. Оқушыларды ақпараттық 
оқыту барысында ойын əдісін пайдаланған кезде бірнеше жеткілікті 
маңызды ерекшеліктерді есепке алу қажет. Сабақ үстінде ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарын пайдала отырып, ойындар 
ұйымдастыру барысында ойынның қандай қарқында өткізілетіндігін 
ойластырған жөн. Ойын динамикалық болуы тиіс, сонда кеңістікті 
түсіндірмелер жəне əкімшілік тəртіптегі ескертулердің саны қажет 
болмайды. Ойын жаттығуларын өткізу əдістемесін жақсы игеру 
қажет, олардың басты мақсатын ашып, белгілі бір қарқынды сақтау 
керек, оқушыларға салыстырмалы түрде өз бетінше жұмыс жасауға 
кең мүмкіндік жасау қажет.   
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын пайдала-
ну арқылы жүргізілетін дидактикалық ойындар əрқилы оқу тап-
сырмаларын орындауға мүмкіндік туғызады. Бір ойындар, білім 
алушының дағдысын бақылау жəне өз бетінше бақылау бойынша 
білімін қалыптастыруға жəне өңдеуге көмектеседі. Ал басқалары, 
түрлі қиындық дəрежесіндегі материалдардан жасала отырып, əр 
түрлі білім деңгейдегі оқушыларды оқыту үшін дифференциалдық 
қарым-қатынасты жүзеге асыруға жағдай жасайды.   
Ойын арқылы білім алушылар қоршаған ортаны жəне өзін-
өзі танып біледі, сараптама жасауды, жалпылауды, салыстыруды 


216
үйренеді. Ойында келтірілген көрнекілік зерттеліп жатқан мате-
риалды нақтылауға мүмкіндік береді. Сабаққа қолданылатын ойын 
тəсілдері пайдаланып отырған ақпараттық-қатынастық техноло-
гиялар құралдарымен сабақтың тақырыбы, оның тапсырмалары 
арқылы тығыз байланыста болу керек бірақ, көңіл көтеру сипатында 
болмауы тиіс.  
Ойын серіктестік қарым-қатынас орнатуға, ішкі еркіндік сезімін 
оятуға, достық қолдауды сезінуге жəне қажет болған кезде достық 
көмек жасау мүмкіншілігін талаптандырады. Ал бұлар болса 
қатысушылардың жақын болуын тағайындайды жəне олардың өзара 
қатынасын нығайта түседі.  
Ойын мұғалімнің басымшылық тұрғысын жеңілдетуге мүмкіндік 
береді. Яғни, барлық қатысушылардың теңдігін қалыптастырады. 
Бұл əлеуметтік тəжірибе алуда өте маңызды болып табылады. Соның 
ішінде, ересек адамдармен  өзара қатынас жасаған кезде. Белгілі бір 
ойын шектеулердің бар болуы ойыншының жүйедегі ережеге сай 
өзіндік реттеуші рөлін дамытуға мүмкіндік туғызады. Ойын ойнау 
барысында бала түрлі ережелердің жинағымен кездеседі, ол оны 
түсіне білу керек, танымды түрде қабылдау қажет, ары қарай, ойын 
ойнау кезінде пайда болатын қиындыққа қарамастан сол ережені 
орындау қажет.  
Бастауыш мектептен бастап оқушыда ойын жоқшылығы анық 
көрсетілген – ойын ойнау ықыласы артқан жағдайда бала сабақ 
үстінде бұл ынтаны қанағаттандыратын мүмкіндік ала алмайды. 
Сондықтан, оқушыны рөлдік жəне іскер ойындарға қатыстыру 
арқылы, оқытушы оны белсенді етеді, баланың ынтасын тұлғалық 
маңызы бар жаққа өзгертеді.  
Мектептің жоғары сыныптарында ақпараттық жəне бай-
ланыс технологиялары қолданылатын ойындар білім алушы-
лардың өзіндік күштерін жəне мектепті бітіргеннен соң шы-
найы өмірге дайындылығын тексеруге мүмкіндігі ретінде қарас-
тырылады. Бұл мақсатта іскери ойындарды қолдану көп 
маңызға ие болады. Ойынның мазмұндық жағы қатысушыларды 
өмірмен қатынасуға үйретеді. Ойын қатысушылардың «қателік 
жіберулеріне» жол беріп жəне оларды сараптай отырып, осындай 
əрекеттердің себебі мен салдарын көруге мүмкіндік береді. Ал бұл 
болса, оқушылардың «ересек болу» қажеттіліктеріне толығымен жа-
уап береді. 


217
Жалпы орта білім беру жүйесінде ақпараттық жəне қатынастық 
технологияларды қолдану оқытудың даралануы мен саралануы, 
қосымша себеп тетіктерінің қолданылуының өзгеруі есебіндегі 
оқыту тиімділігінің көтерілуіне əкеліп соғады.
Көптеген жағдайда қазіргі заманғы ақпараттық-қатынастық тех-
нологиялар мен ОЭИ құралдарын қолдану  оқушыларды əр түрлі 
деңгейдегі тапсырмаларды таңдау құралдары мен технологияларын 
қолдану есебінде, үлгерімі жақсы оқушылардың курс тақырыбымен 
өзіндік жетілуін ұйымдастыру мен үлгерімі нашар оқушыларды 
толық оқылмаған материалдарға қайта оралып, оқыту  үдерісінің са-
ралануына мүмкіндік береді.
Оқытуды даралау мен саралаудың жалпы орта білім 
беру жүйесінде дəлелді түрде қолданған ақпараттық-қаты-
настық технологиялар құралдарының мүмкін факторларын еске-
ре отырып, жеке-бағдарланған оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік 
бере алады. 
«Жеке тұлға» ұғымы жеке-бағдарланған оқыту теориясының 
орталық орындарының бірі болып табылады. Анықтамаға сəйкес, 
тұлға дегеніміз рухани даму мен ақыл-ойдың жоғарғы деңгейіне 
жеткен, дамыған ойға ие болған жеке тұлға болып табылады; ол 
өзінің ойлау қабілетін өнер-білім жасауда қолдана алатын, ретке 
жауап бере отырып, өзін жəне сыртқы жағдайларды басқара алатын 
шығармашылық адам. Нақты тұлға тұрақты жəне ұзақ жасайтын 
мінездемелердің жиынтығы ретінде қарастырылады.
Тұлғаға бағдарланған білім оқушыны барлық білім беру 
үдерісінің негізгі бағасы деп қарастырады; оқушылардың жеке 
сапасының қалыптасуына жəне дамуына, ойлау қабілеттерінің да-
муына жағдай жасайды; шығармашыл, белсенді, бастамшыл тұлға 
болуына, оқушылардың танымдық жəне рухани қажеттіліктерін 
қанағаттандыру, олардың ақыл-ойын, əлеуметтік жəне қатынастық 
мүмкіндіктерін, өзін-өзі оқыту, өзін-өзі дамыту əдеттерін жетілдіру; 
қоғамның өз бетінше білім алуға, жаңа əлеуметтік жағдайларда 
қайта мамандану жəне бейімделуге қабілетті мамандарды қажет 
етуіне бағдарланған.
Тұлғаға бағдарланған білімнің негізгі мақсаты –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет