Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



Pdf көрінісі
бет96/189
Дата02.01.2022
өлшемі1.08 Mb.
#453594
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   189
bilimdi akparattandyru

206
-   оқытудың дидактикалық циклінің толықтығы (түгелдігі) жəне 
үздіксіздігі;
-  нақты оқу пəнінің өзіндік бейнелілігін жəне ерекшеліктерін 
есепке алу;
-   сəйкесті ғылымның ерекшелігін есепке алу;
-   оқу пəнінің ғылыми ұғымдарының жүйесін бейнелеу;
-   бақыланатын жаттығу əрекеттерін жасауға мүмкіндік беру.
Психологиялық-педагогикалық сараптама жүргізу кезінде 
электрондық білім беретін басылымдар мен ресурстардың негізгі 
қасиеттерінің ашылу деңгейі мен толықтылығы бағаланады. Олар 
педогогикалық тиімділікке қолжетуге, оқу жүйесінің нəтижелелігін 
арттыруға, қарастырылатын электрондық білім беретін басы-
лымдар мен ресурстардың құрауыштары психологиялық прин-
циптер мен талаптарға (білім алушылардың жас мөлшеріне жəне 
қызығушылықтарына, оқу жүйесіне дамытушы құрауыштарды 
пайдалану, танымдық белсенділікті жеделдету тəсілдері) сай келуін 
бағалау, оқыту жүйесінің өзгермелі принциптеріне сай келуін 
бағалауға мүмкіндік жасайды.
Дизайн-эргономикалық сараптама. Сараптама қызметінің осы 
сатысын орындау кезінде электрондық білім беретін басылымдар 
жəне ресурстардың интерфейстік құрауыштарының сапасын бағалау 
жүргізіледі. Жəне олардың бірыңғай эргономикалық, эститикалық 
жəне денсаулықты қорғау талаптарына сəйкес келуі тиіс. 
Тексеру барысында анықталады:
-   электрондық білім беретін басылымдар немесе ресурстардың 
уақытша жұмыс жасау режімдері, оның құрауыштарының 
денсаулықты қорғау талаптарына сай келуі;
-   монитор бетінде ақпаратты визуалдауға қолданылатын тəсілдің 
сипаттамасы, түс сипаттамалары, ақпаратты кеңістікке орна-
ластыру сипаттамалары, визуалдауға қолданылатын тəсілдің 
ақпараттандыру құралдарының осы сатыдағы жалпыға ортақ 
тəсілінің сай келу деңгейі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет