Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет22/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73
Rustemov okulik 00

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Ш.Уәлихановтың халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеудегі еңбегін балалар фольклорымен байланыстыра отырып әңгімелеңіздер.
2. Ұсынылған повесть, романдағы бала Шоқан бейнесі жөнінде әңгімелеңіздер.


Оқуға ұсынылатын кітаптар
1.Ш.Уәлиханов. Таңдамалы. -Алматы: Жазушы, 1985.
2.С.Бегалин. Бала Шоқан. -Алматы: Жазушы, 1964.
3.С.Бегалин. Шоқан асулары. -Алматы: Жазушы, 1996.
4.С.Мұқанов. Аққан жұлдыз.1, 2кітап. -Алматы: Жазушы, 1967, 1970.



  1. ТАРАУ. АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ



Өлеңдері. Абайдың анық қырық жасында жазған өлеңі - «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» (1885). Ақын өлеңді өз халін баян етуден бастайды. Ғылымға қолын кеш созғандығын айтады, соған өкініш білдіреді. «Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы, қолымды дөп сермесем өстер ме едім» деп бұған өзгені емес, өзін жазғырады. Әкінішін балаларының оқуымен толтырмақ болғандығы білінеді. Баланың қызмет қылып, шен алуы мақсат емес. Мақсаты - балаларының өзі жетпеген биікке жетуі. Сөйте тұра ақын өлең соңында білімнен кенде де қалған жан еместігін, шешендіктен қаражаяу қалмағандығын ескертуді міндет санайды. Бірақ еңбегің еленбесе, тыныш жүрген дұрыс екен деген шешім жасайды. Абайдың өнімді еңбек еткен уақыты - 1886 жыл. Әуезовтің айтуы бойынша, ақын 1886 жылы он сегіз өлең жазған. Солардың қатарында «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Жаз» өлеңдері бар. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі жөнінде Әуезов «Ел ішіндегі жас желеңге Абайдың, әсіресе, көп ой қорытып айтқан мағыналы және програмдық бір өлеңі осы деуге болады. Бұнда Абай адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талппынатын арманы - ғылым дейді» (6,117). Ғылым іздеген адам бес кеселден(өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақтық) қашық болуы, бес асыл іске(талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) асық болуы керек. Сонда ғана ол адам деген атқа лайық. Ақын надандықтан көп қауіптенеді. Халықтың сенгіштігінен секем алады. Сондықтан көлемді өлеңнің бір жерінде
Ақыл сенбей сенбеңіз
Бір іске кез келсеңіз
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса, мейлі сол айтты
- Ақылменен жеңсеңіз.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз.- десе, келесі бір тұсында
Ақымақ көп, ақылды аз,
Деме көптің сөзі бұл.
Жақынның сөзі тәтті деп,
Жақыным айтты дей көрме
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге ерме.
«Мұны жазған кісінің атын білме, сөзін біл» деу арқылы әңгімесінің маңыздылығын баса көрсеткісі келеді. Дегенмен, өлең соңында «мұны жазған - білген құл, Ғұламаһи Дауани» дей отырып сөз иесінің тегін адам еместігін аңғартады, осы негізде асыл сөзді көңілге тоқу керектігін тағы да ескертеді. «Интернатта оқып жүр» (1886) өлеңінің алғашқы бөлігі болған жайды баяндау түрінде келеді де, соңғысы жастарға ақыл айту түрінде келеді. Баяндалатын жайттар - интернатта оқып жүрген қазақ балалары, ата-анасы «балам заң білді» деп қуанады, ал балалары ислам дінінің заңдарына шала екендіктерін ойларына да алмайды, оларша, арыз жаза алса болғаны, ойлары - істің ақ пен қарасын тексеру емес, бүлінген елден пайда табу. Аз білгенін көпсінеді, көп қазаққа епсінеді. Жамандығын орыстан көреді. Адамның жамандығына біреу кінәлі емес. Ақынның өз сөзімен айтар болсақ, «қаны бұзық өзі ойлар қу менен сұм боларды».
Ойында жоқ бірінің Салтыков пен Толстой
Я тілмаш, я адвокат Болсам деген бәрінде ой. «1886 жылдың өлеңі Абайдың тұсындағы жастар жайын танытумен қатар, ақынның өзінің де ішін ашады. Осы кезеңде орыстың классик ақындары ғана емес, көркем прозасының ең ірі өкілдерінің де шығармаларын Абайдың анық біліп, терең танығанын көреміз» (1;115). Салтыков-Шедрин, Лев Толстой шығармаларынан қорытынды шығармаған жастарға ақынның беретін ақыл-кеңесі төмендегідей:
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта
Ерінбей оқып көруге.
Военный қызмет іздеме,
Оқалы киім киюге
Бос мақтанға салынып,
Бекер көкірек керуге.
Қызмет қылма оязға,
Жанбай жатып сөнуге.
Жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерінің алғашқысы - «Жаз» (1886).
Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда
Жанды дүниенің қым-қуыт тірлігі басталады. Алдымен жануар, құс атаулының дүрмегі көзге түседі:
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
¥шып тұрса сымпылдап.
Содан кейін барып адам тірлігі көрініс табады. Үй тіккен қыз-келіншек, мал ішін аралап көңілі толып ауылға қайтқан бай, орталарына қымыз алып қауқылдасып бір бөлек отырған ауыл үлкендері, шешесін жағалаған жас бала, асау мініп теңселген жылқышылар, мылтық атып, құс салған бозбалалар көрінеді. Білімдінің шалымды сөзі, бұған өзгелердің бас шұлғыған қимылы, жылқышының жарамсақтығы сияқты мінездер де көрінбей қалмайды. Негізінен, 8 буынды, арасында 7 буын да кездесіп қалатын өлең динамикалы әрекетке құрылған. «Ұйқастарда келетін
«шыбындап», «шылпылдап», «бұлтылдап», «сымпылдап»,
«сыңқылдап», «жылпылдап» деген сияқты айтуға ауырлау келгенмен, тұрақты тыныштық күй емес, үнемі өзгеріп тұран қозғалыс әрекетті көрсететін сөздер барлық өлеңге өзгеше ағындылық (темп) береді» (1;114).
«Қыс» өлеңінде (1888) қыс «ақ киімді, денелі, ақ сақалды» шал кейпінде суреттеліп басталады. Шалдың түсі суық. Жан танитын түрі жоқ соқыр, жан аяйтын кейпі жоқ дүлей, мылқау күш. Басқан жері қорқыныш туғызады.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар
Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды.
«Кәрі құда» - ең сұрамсақ, әсіресе, алымпаз, тойымы жоқ, жеміт құда. Ол және қызын бермей талдырумен қатар, сан рет қайталап, еселеп соқпай, ала бермей тынбайды. Әрдайым айналып соғып отыратын қысты осы құдаменен теңеу арқылы Абай Аяз-бабайды орыс әдебиетінен алып келіп, оқушысына өзінің құдасы етіп, қабыстыра кетеді» (1;131). Бөрік киген адамның аязбен қызарып ажрланғаны - таныс сурет. Кейінгі 4 тармақ бұл шалдың қарапайым адам емес, табиғаттың ешкімге де, еш нәрсеге де ерік бермес тылсым күші екендігін мойындатады.
Бұлыттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандап, бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Қыс тірі жанның ешқайсысына жеңілдік жасамайды. Оған жүгірген бала да, жылы киінген малшы да, қар тепкен жылқы да бір.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, кор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды.
Қыспен бірге ілесіп келген осындай бір аманшылығын хабарлай отырып, ақын адамды осының екеуіне қарсы қайрат қылуға шақырады.
1888 жылы жазылған өлеңнің бірі - «Күз». Өлең ерекшелігі күз мезгілінің сұрқай көрінісіне ауыл келбеті араластыра суреттеледі. «Жаз» өлеңінде мезгілді суреттеу белгілі бір тәртіппен келетін болса, мәселен, белгілі мезгіл уақыты, жануарлардың қимыл-әрекеті(шұрқырап жатқан жылқының шалғыннан жоны қылтылдап т.с.с), одан соң барып адам тірлігі(қыз-келіншек үй тігер т.с.с) баяндалатын болса, «Күз» өлеңінде бірінен соң бірі ретімен кетіп отырады.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тоғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Ақын өмір сүрген кезең шындығын дәл көрсететін өлең. Бұл - күздің сүреңсіз күндері суретімен үйлес шыққан шындық.
Жыл мезгілдерінің қимыл-әрекетке толы түрі - көктем. «Жазғытұры» (1890) өлеңінде ақын назарынан көктеммен бірге келетін өзгерістің ешқайсысы таса қалмайды. Жан- жануарлардың тірлігі алма-кезек суреттеледі. «Тегінде, көктем мал баққан шаруа халқына қызықты, көтеріңкі кез. Ақын да қыстай малдың күтімімен шұғылданған шал- кемпір, жас-кәрінің жадырап, қуанғанына бірге көңілденіп, қоса қуанады» (1;149). Табиғат денелерінің өздеріне лайық құбылыста көрінуі (күннің жерді қыздыруы, ай мен жұлдыздың қара түнде көрініп, таң атқан соң жоғалуы) адамдар арасындағы қарым-қатынастарға ұқсастырыла беріледі.
«Әсемпаз болма әрнеге» (1894) өлеңінің алғашқы шумағында ақын жастарға не істеу керектігін түсіндіреді. Және осы жолда қандай қадір-қасиетке ие болу керектігі жөнінде әңгімелейді.
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Осылардың бірінің кемдігі адамға қандай зардап шектіретініне дейін (алдың - жалын, артың - мұз) баяндайды. Бойда адамгершілік болмаса, құр қайрат пен ақыл бұрыс іске бастар деген ой айтады ақын. Төртінші, бесінші шумақтарда не істемеу керектігі жөнінде кеңес береді. Мақтанға, күншілдікке қатысты 38-сөзіндегі ойлары таратылып айтылады.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
¥стаздық қылған жалықпас
Үйретуден балаға.
Соңғы шумақ қорытынды сөз іспеттес. Ақын кеңесінің тоқ етері - «ақырын жүріп, анық бас». Өзін ұстаз санайтын адам балаға ақыл айтудан жалықпайды. Демек, ақын ниетінде ешқандай сөкеттік жоқ. «Бұл өлең басынан ақырына шейін қоғамдық тілекке қадірлі қасиетті адам болудың Абай ұғымындағы сипаттарын баян етеді. Бұнда адамгершілік қағидаларын ақын өз тұрғысынан атап береді» (1;155).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет