Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет59/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   73
Rustemov okulik 00

Бала қойшы:
Қарғадайдан қозы баққам,
Малсақтықпен елге жаққам.
Балалық қып асық атпан,
Малды тастап ойын бақпан.
«Қойыңа қарауыл қып мені қалдыр» деген қасқыр сөзін естіп бала қойшы ашуға мінеді.
Қойшы бала ашуланды,
Тау жаңғыртып аттан салды.
Ат ойнатып жігіт келді,
Қасқыр қашып зытып берді.
Боталы түйе, қос лақты қос ешкі, төрт қозылы екі қой, шұнақ қулақ бес ешкі барлығы нешеу? «Ойлап тап?» атты халық өлеңі осыны жасырады. Ә.Тұрманжановтың «Нешеуі қызыл, нешеуі ақ?» өлеңі барынша күрделендірілген. Бір жағынан есепке ұқсайды.
Бесеуі қызыл, бесеуі ақ,
Оң қалтамда он алма.
Жетеуі қызыл, жетеуі ақ,
Сол қалтамда толы алма.
Нешеуі қызыл, нешеуі ақ?
Тапқыш болсаң, ойлап тап?
Қызылын берсем қыздарға.
Автор бұнымен тынбайды, «Қызылын қыздарға, ағын ұлдарға береді». «Қызылы қанша қызға жетеді, ағы қанша ұлға жетеді?» деген сауал тастайды.
Қызылы нешеу, қыз нешеу?
Ағы нешеу, ұл нешеу?
-деп аяқталады өлең. Бұның жауабы өлеңнің бірінші бөлімінде беріліп қойған. Он екі қызыл алма, демек, он екі қыз. Он екі ақ алма, он екі ұл.
Ә.Тұрманжановтың жыраулар поэзиясы дәстүрінде туған «Мұрап болғым келеді» өлеңі «қуат», «шуақ», «шырақ», «бұлақ», «суат», «тұрақ», «пырақ» «мұрат», және «мұрап» сөздерінің мән-маңызы мен қуатын түсіндіреді. Қартайғанда анама Қуат болғым келеді. Бақшадағы балаға Шуақ болғым келеді. Өлеңде есім сөзбен тіркесіп келетін күрделі етістік әр жол сайын қайталанып отырады. Бұл сипаты және 7 буынды өлең өлшемі өлеңге ойнақылық дарытқан.
Бәрінен де бәрінен
Өзім туған жерімде,
Күн қақтаған кебірде
Шөліркеген егінге
Су беретін қолынан
Мұрап болғым келеді.
«Бар адам арман ететін мұрат болғым келеді» деген екі тармақтың алғашқысы 8 буынды болып келген. Бұның өзі алғашқы әсерге еш көлеңкесін түсірмейді. Буын санын бажайламаса байқалмайтын құбылыс.
Ушинскийдің ізімен жазылған «Екі соқа» мысалында Ә.Тұрманжанов орыс педагогы көтерген еңбек мәселесін қайта жаңғыртады. Тот басқан соқаның «жарқырап кеттің қалайша, досым?» деген сұрағына еңбекқор соқа былайша жауап береді:

    • Сұрасаң, досым, айтайын шынын, Еңбекте, - деді, - негізі мұның.

Еңбек мені жаңартқан қайрап,
Сондықтан тұрмын жарқырап, жайнап.
Тот басып сенің қарайғаның -
Еңбексіз кірлеп тозғаны жаның.
Соңғы екі жол - қазақ ақынының қосқаны, өзіндік концепциясы. Бірлік, ынтымақтық тақырыбы - Ә.Тұрманжановтың «Жеке ағаш пен топ ағаш» мысалының арқауы. Топ ағаштан бөлінген жеке ағаштың қайғылы аяқталған тағдырын мысал етеді.
Шарт сынды сонда жеке ағаш,
Шалқайып кеткен қауымнан.
Қатар тұрған көп ағаш
Жеңілмей қалды дауылдан.
Ә.Тұрманжановтың «Ана өсиеті» өлеңі адамзатқа жасалатын жақсылық мәнісін түсіндіруге құрылған. Автор ойынша, жол үстіндегі тікеннің өзін алып тастау - келесі адамға еткен үлкен жақсылығың. Жақсы іс - көпке үлгі. Соңғы шумақта ақын жақсы үлгі-өнегенің құдіретті күшін баян етеді.
Бұл еңбегің қалмас-ты босқа, бекер,
Соны көрген соңғы жас солай етер,
Жақсы үлгіні жалпы жұрт дәстүр жасап,
Жол тазарып, жолаушы жылдам өтер.
Өлең халықтың «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», «Атаңа не істесең, алдыңа сол келер» деген қанатты сөздеріндегі ойды жалғастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет