Поэмалары. Ә.Түрманжановтың «Шағымпаз сарғалдақ» ертегі-поэмасының оқиғасы «Қотыр торғай» атты халық ертегісінің сюжетін еске түсіреді. «Елден асқан ерке» сарғалдақ қурайды да, теректі де, өлең шөпті де, бұтаны да менсінбейді. Сарғалдақ жантақты ешкіге, ешкіні қасқырға, қасқырды аңшыға, аңшыны тышқанға, тышқанды мысыққа, мысықты кәрі әжеге шағады. Ешқайсысы тыңдай қоймайды.Тек құйын сарғалдақтың сөзін жерге тастамайды. Осыдан кейін барып кері процесс жүреді.
Әже барып мысықты ұрды, Мысық орнынан ұшып тұрды. Мысық тышқанға тиді, Тышқан мергеннің білтесін қиды, Мерген қасқырды атты, Қасқыр ешкіге шапты, Ешкі жантақты жеді, Сарғалдақ «рақмет!» деді. Сөйтіп, сарғалдақ жантақтан осылайша өшін алды.
«Жекедай» поэмасына Ә.Тұрманжанов «Төрт жігіт - түгел жігіт, жеке жігіт - жүдеу жігіт» деген халық мақалын эпиграф етіп алған екен. Аталас бес жігіт енші алып бөлек шығады. Жаңа қоныс табады. «Көлігім сай, күшім сай, Боламын жеке-дай» деп бесінші жігіт төртеуден бөлініп жеке кетеді. Төрт жігіт қыш құйып, үй салады. Жалғыз жігіттің жұмысы өнбейді.Төртеудің «бізбен бірік» дегеніне көнбейді. Терезесі, есігі орнатылмаған үйде Жекедай қыстап шығады. Төрт жігіт көктемде егін салуға шақыра келеді. Жекедай ермей қояды. Сөйтіп, дәнсіз қалады. Қателігін түсінеді. Кешірім сұрап келген Жекедайды төрт жігіт құшақ жая қарсы алады.
Адасқанға айып жоқ
Біреу-жалғыз, төртеу-көп.
Қосылайық, толайық.
Бес саусақтай болайық
Ынтымақ ерге лайық,
Жаңа өмір өстіп құрайық...
Ә.Тұрманжановтың «Аңғал бұғы, алдамшы түлкі, аң патшасы - ауру арыстан туралы хикая» поэмасы ел ертегісі ізімен жазылған. Қарны ашқан арыстан түлкіге бұғы етін жегісі келетінін білдіреді. Түлкі бұғының осал жерін дөп басады. Арыстан аң біткеннің ішінен бұғыны патша қоюды дұрыс санап отыр деп жеткізеді. Бұғы арыстан тырнағынан әрең аман қалады. Түлкіні енді маңына жолатпастай болады. Бірақ тілі майда түлкі бұғыны тагы да алдай бастайды.. Ашулы арыстан енді қасқырды патша етпекші дейді. Одан да өзің патша бол дегенді айтады. Сөйтіп, түлкі бұғыны екінші рет көндіреді. Бұғының жерге түскен миы түлкіге бұйырады. Арыстан бұғы миын жеуге ниет етеді. Ертегі-поэма авторы төмендегідей тұжырым жасайды:
Әзәзіл адамды алдап кәсіп етер,
Еңбексіз тілін жалдап нәсіп етер.
Опасыз өмір сүрген өтірікші,
Алдынан әділдіктің қашып өтер.
Ә.Тұрманжановтың «Құмырсқалар, аралар, қиыспас дос қүдалар» мысал-поэмасының бас кейіпкерлері - аралар мен құмырсқалар. Ара құмырсқамен құда болғанға дейінгі аралықта бірнеше жәндіктің тіршілігімен танысады.
Түрленіп шыққан көбелекке
Сауықшыл екен балаңыз
Балаңызға лайқ
Басқа бір қыз қараңыз... -дейді.
Шаққан жерін қан қылған сары масаны
Тым ерсі екен салтыңыз,
Қан ғана екен асыңыз,
Қағынған екен жасыңыз -деп кері қайтарады.
Тотықұстай түрленген инелікті
Сұлу-ақ екен сыртыңыз,
Жарамсыз екен жұртыңыз
Бұзылған екен құлқыңыз. - деп қабылдамайды.
Әрмегін ала жүгірген өрмекшіге
Жалған өнер жарамас,
Арам тамақ, арам ас.
Ондайларға жаны қас,
Қызым саған қарамас... - деп қатты айтады. Аралар құмырсқаның сөзін ұйып тыңдайды. Құмырсқамен құда болуға шешім қабылдайды.
Тыңдаңдар! - деді, - бәріңіз,
Ей, жарандар, жарандар!
Бері таман қараңдар,
Сөзім енді тым қысқа,
Құдамыз болсын құмырсқа!
Өзіміздей тірлікті,
Ынтымақты, бірлікті,
Әсіп-өнген ел екен,
Ағып жатқан кен екен,
Қолтықтары кең екен,
Бізге нағыз тең екен...
Поэма балаларға арнау сөзбен аяқталады. Әтірік өлең сипаты байқалады. Ә.Тұрманжановтьің «Түлкі мен бөдене» поэмасы халық ертегісі ізімен жазылған. Түлкінің қолына түскен бөдене «Бір жолға қанымды қи, мен де саған көрсетем сый» деп жалынады. Түлкі бөденені қоя береді. Күндердің күнінде аңшы қақпанына түскен түлкіге көмекке бөдене келеді. Содан былай екеуі дос болады. Екеуінің достығы былайғы жұртты таңғалдырады. Бөдене түлкінің үш өтінішін орындайды. Алғашқысында етке тойғызады, екіншісінде күлдіртеді, үшіншісінде қорқытады. Үшінші өтініш олардың достығына сына қағады. Көзін жұмған түлкіні бөдене аңшылардың ортасына әкеледі.
Түлкі олардан әрең дегенде қашып құтылады. Поэмада бөдене құйрығының шолақ болу себебін түсіндіруге құрылған этимологиялық сипат бар.
Өстіп қорқыт деп пе ем, жауыз? Деп түлкі оған салды ауыз.
Түлкі ап қалды құйрық етті,
Бөдене үшып безіп кетті.
Бар оқиға сол-ақ екен.
Бөдене өстіп шолақ екен.
«Күле-күле тамашаға, кездесті олар оңашада» деп қайталанатын жолдар поэмаға ойнақылық дарытқан.
Ә.Тұрманжановтың «Төрт өгіз» мысал-поэмасы ынтымақ, бірлік мәселесін көтереді. Ақын ұғымында
«Төрт» санының қасиет артық. Ұзақ жылдар бойы қазақ мақал-мәтелдерін жинаған ақынның бұл жерде «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген мақалды есте ұстағаны анық.
Қалыңға кірген өгіздері қасқырдың көзі шалады.
Өгіздерге тап береді.
Қасқырға алам деген айласымен,
Төрт өгіз түгел тұрса, болар ма жем?!
Қасқырды қадай соғып қаңсылатты
Төрт батыр сегіз семсер найзасымен.
Қасқыр жолай жолыққан түлкіге халін баяндайды. Залым түлкі өгіздер арасына жік салу қажеттігін айтады. Түлкі ойындағысын іске асырады. «Әрқайсың әр түбекті басқарыңдар, жерге шоғырланып тұрмай бәрің...» дегенді жас өгіз дұрыс көреді. Үш өгізден бөлінген жас өгіз қасқыр мен түлкіге жем болады
Жас өгіздің өкірген үнін естіп үш өгіз қас қаққанша жетіп барады. Алданған жас өгіздің алды өшін, Қулардың құрбан болған айласына. Мысал түйіні төмендегідей:
Не жетсін бірлік пенен ынтымаққа!
Барлық күш - біле білсек ынтымақта.
Деп халық жай айтпаған, есте сақта!.
«Жалғыз боп жол тапқанша көппен адас», - Ә.Тұрманжановтың «Қарлығаш, дәуіт, жылан» поэмасының да көтеретін мәселесі - бірлік. Поэмада қарлығаш пен дәуіттің ынтымағы үлгі етіледі. Дәуіт қарлығаштың балапандарын жалмамақ болған жыланды өлтіреді. Тіршілік иелерінің әдісі де бар, әлсізі де бар. Әлсізге әлдіден қорғану үшін басқамен бірігу керек. Сондықтан поэмасын автор төмендегіше түйіндейді:
Балалар, қашан-дағы бірлік керек!
Әлсізге артық болмас етсек көмек.
Жақсылығың ұмытылмас қашан-дағы,
Игілікке дәнекер болсаң себеп.
Достарыңызбен бөлісу: |