Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет55/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   73
Rustemov okulik 00

Поэмалары. С.Бегалиннің «Қыран кегі»(1940) поэмасы да аңшылық, құсбегілік тақырыбын көтереді. «Тінейге түскен құс», «Қыран ұясында» деген бөлімдерге бөлінеді. Қысқаша сюжеті төмендегідей: Сарытаудың сыртынан ағып жатқан Ойтүндік өзеніне киіктің текесі су ішуге келеді. Сұрмерген атпақ болып көздей бастайды. Сол кезде аспаннан алып қыран үшып келіп, киікті бүріп әкете жөнеледі. Тіней құсты қолға түсірмек болады. Киік жүнін сыртына қаратып тон қылады. Тінейді қыран құз басына алып ұшады.
Ақ үрпек жалғыз балапан,
Ашып аузын қыранға.
Шырылдады талпынып,
Құмар екен тірі аңға!
Тіней жатты талықсып,
Тастады бүркіт әкеліп.
Бауырына басып баласын,
Қыран да шөкті ұяға,
Жатыр Тіней қозғалмай,
Тас үңгір, тар ұяда
Тіней құстан құтылудың барлық айла-амалын жасайды. Бөкеннің терісінен арқан жасайды.
Құстың сирағына байлап, онымен бірге ұшады. Құспен бірге қарағайдың басына ілініп қалған Тінейді әкесінің досы құтқарады. Поэмадан адамның ақыл-айласы жақсы көрінеді. Тінейдің ептілігі. жүректілігі бала оқырманға үлгі. Поэмада төзімділік пен жүректілік дәріптеледі.


Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. С.Бегалин шығармаларындағы түйінді ойды анықтаңыздар. Шығармаларының тәрбиелік мәні туралы пікір білдіріңіздер.

  2. С.Бегалиннің «Бала мерген» повесін С.Мұқановтың

«Бақташының баласы» шығармасымен салыстырыңыздар. Екі шығармаға бүгінгі күн талабы тұрғысынан өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер.


Оқуға ұсынылатын кітаптар

    1. С.Бегалин. Сәтжан. - Алматы: Жазушы, 1979.

    2. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. -Алматы: Мектеп, 1980.

    3. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 3- кітап. – Павлодар: Арман, 2004.

    4. Қазақ балалар поэмасының антологиясы. - Алматы: Арда, 2005.


  1. тарау. М.ИМАНЖАНОВ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет