Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет24/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   73
Rustemov okulik 00

Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Абайдың қазақ балалар әдебиетіндегі орнын оның шығармашылық тұлғасына назар аудара отырып анықтаңыздар.
2.Абайдың табиғат лирикасын халықтың балаларға арналған өлеңдерімен(маусымдық жырларымен) салыстыра отырып, өзіндік ерекшеліктерін тұжырымдап, түсінік беріңіздер.
3.Абайдың қазақтың байырғы өлең түрлерінің негізінде қазақ өлеңдерінің құрылысына енгізген жаңалығын дәлелдеңіздер.


Оқуға ұсынылатын кітаптар:
1.Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-2 том. -Алматы: Жазушы, 1986.
2.Абай. Қара сөздер. - Алматы: Көшпенділер, 2007.
3.М.Әуезов. Абай жолы. 1-2 кітап. -Алматы: Жазушы, 1989.
4.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 2- кітап. - Павлодар: Арман, 2004.



  1. ТАРАУ. ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН



«Қазақ хрестоматиясы» еңбегі. «Қазақ хрестоматиясы» орыс хрестоматияларының үлгісімен жасалды. «Қазақ хрестоматиясы» төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Ұсақ әңгіме-ертегілер (балалар турасында)», екінші бөлім «Үлкен кісілер турасындағы әңгімелер», үшінші бөлім «Әр түрлі өлең-жырлар», төртінші бөлім «Мақалдар» деп аталады. Хрестоматияға енгізген шығармаларды іріктеуде, біріншіден, әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт- дәстүрлерінен хабардар ету принципін көздеді. Екіншіден, оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді дарытуды көздеді. Үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларының түсінігіне жеңіл, тілі жатық әңгімелерді беруге тырысты.
Ы.Алтынсарин және қазақ халық ауыз әдебиеті. Ы.Ыбырайдың қазақ ауыз әдебиетінен жинаған материалдарын төрт түрлі жанрға бөлуге болады: аңыз- әңгімелер («Лұқпан хакім», «Таза бұлақ», «Жомарт», «Әтіріктің залалы», «Ізбасты би», «Жиренше шешен» т.б.), ертегілер («Қара батыр», «Тазша бала», «Алтын Айдар» т.б.), эпостық шығармалар («Қобыланды» және басқа жырлардан үзінділер) және мақал-мәтелдер. Осыларға қоса Ыбырайдың хрестоматиясынан сол кездегі қазақ әншілері мен жыршылары шығарған кейбір өлең, айтыстарды кездестіруге болады.
Хрестоматияда жарияланған халық аңызының бірі - «Жомарт». Ол «Атымтай Жомарт» аңызының негізінде шыққан. Бүл аңыздың түрлі варианттары бар. Жомарт - халықтың арманын бейнелейтін образ. Ол әуелде кедей болған. Кейін өзінің еңбегі арқылы байыған адам. Бұл - халықтың тілегі. «Лұқпан хакім» әңгімесінде халық Лұқпанды өз адамы деп таниды. Лұқпан да өзін халықтан бөлмейді. Халық мүддесі үшін күресуге талап қылады. Ыбырай хрестоматияға Жиреншенің ханды қаңбақ пен қаз арқылы масқаралайтын, Қарашашпен қосылатын, Қарашаштың тапқырлығын суреттейтін мәтіндерді енгізеді. Жиреншенің қауіпті жағдайдан оңай қүтыла беруі де, осы жолда Қарашаш сияқты ақылды жарының болуы да - халықтың арманынан туған жайлар. «Таза бұлақ» әңгімесінде үш жолаушы бір бұлақтың басында кездеседі. Су ішіп шөлдері қанғаннан кейін тастағы «Ей, жолаушы, болаң, осы бұлақтай бол!» деген жазуды оқиды. Жолаушылардың бірі - саудагер, екіншісі молда екен. Олар жазуды өздерінің мақсаттарына жориды. Үшінші адам көркем жігіт екен. Ол жазуды «таза, ақ жүрек адам бол» дегені деп шешеді. Ыбырай пайдаланған аңыз-әңгімелердің ішінде қазақтың жыл санауына байланысты аңыз да бар. Ол «Жан- жануарлардың дауласқаны» деген тақырыппен берілген. Бүл аңызды пайдалануда Ыбырайға орыс тіліндегі оқулықтар ой салған тәрізді. К.Д.Ушинскийдің оқулығында осы тақырыптас («Спор животных») әңгімесі кездеседі. Бірақ оның сюжеті мүлде басқаша: үй хайуандары өздерінің қожасына еткен еңбектерін айтып таласады. Әңгімеде сиыр, жылқы және иттің қайсысы адамға пайдалы дегенге адам олардың әрқайсысының өзіндік орны бар екендігін айтады. Ы.Алтынсарин болса осы әңгімеге ұқсас болғандықтан «Жан-жануарлардың дауласқаны» атты халық ертегісін өз хрестоматиясына енгізуі әбден мүмкін. Бұндағы жан- жануарлар адамның жылына ағалыққа таласады. «Түйе бойына сеніп, құр қалды» деген этимологиялық сипатта аяқталатын әңгіме, әрине, Ушинский әңгімесінен мүлдем бөлек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет